Алшынбай Рақышев



бет7/26
Дата11.05.2022
өлшемі57,45 Kb.
#142190
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   26
Байланысты:
казак даригерлер 1

Алаш Қозбағаров 
Алаш Қозбағаров (1917 жылы 23 қарашада Семей өңірі - 6 қаңтар 1996 жыл, Алматы) - Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген дәрігері, медицина ғылымдарының кандидаты.
Алаш Ахметжанның үлкен ұлы, Алматы қалалық №10 мектептің 7 сыныбы мен Талдықорған медициналық рабфакты аяқтаған соң, 1934 жылы Қазақ мемлекеттік медициналық институтына түседі. 1939 жылы Алаш ҚазМИ-ды тәмамдап, дәрігер–емдеуші дипломын алып, Ақмола облыстық денсаулық сақтау бөліміне жолдама алады.
Өзінің еңбек жолын Шортанды ауданында КазЦИК атындағы астық совхозындағы учаскелік ауруханада меңгеруші болудан бастайды, кейін аудан ауруханасының хирургия бөлімінің меңгерушісі болып қызмет атқарады.
Төрт жылдық еңбек жолына соғыс кедергі болады. Генерал Рыбалконын басшылығымен 22-гвардиялық атқыштар бригадасы 3-батальонының дәрігері болады. Өзінің батылдығы мен ерлігі үшін алғаш рет "Қызыл Жұлдыз" орденімен марапатталады. Днепрді, Украинаның оң жағалауын азат етуде жарақаттар алады. Майдан госпиталінде емделген соң, қайтадан жаралыларды құтқаруға аттанады. Кейін хирургия бөлімінің бастығы, туберкулез бөлімінің бастығы қызметтерін атқарады. Жауынгерлерді құтқарудағы еңбегі үшін екінші мәрте "Қызыл Жұлдыз" орденімен және «Германиядағы жеңісі үшін» медалімен марапатталады.
Соғыс аяқталған соң 1946 ж. наурыз айында А.А.Қозбағаров қатты ауырады. 4 айға жуық Талдықорған қалалық ауруханасында және жарты жылдан астам уақыт Семей Отан соғысы мүгедектері госпиталінде емделеді. 1948 жылы ақпан айында госпитальдан шыққан соң, акушер-гинеколог болып жұмыс істейді. Кейін Семей қаласы Затон ауданының емдеу бірлестігінің бас дәрігері, 1950-1958 жж. аралығында №1 перзентханада бас дәрігер болып қызмет атқарады. Ол акушер, гинекология саласында еңбек етеді. Акушерлік және гинекологиялық кафедра құру кезінде А.А.Қозбағаровтан өткен кандидат жоқ еді.
«Клиническая оценка некоторых методов стимуляции и возбуждения родовой деятельности» атты кандидаттық диссертация қорғайды. 1957 жылы диссертациясын қорғап, медицина ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алады. Бұдан соң Акушерлік және гинекологиялық кафедраның меңгерушісі қызметінде доцент атағын алып 20 жыл еңбек етеді.
1979 жылы ресми түрде демалысқа шыққан соң Алаш Ахметжанұлы ет-консерві комбинатының медицина санитарлық бөлімінің гинекология саласын басқарады. Ол – 70 ғылыми жұмыс пен көптеген мақалалардың авторы. 1996 жылы 6 қаңтарда дүниеден өтеді.
Семей қаласының әкімі мен қалалық мәслихат қала тұрғындарының ұсынысы бойынша қаланың орталық көшелерінің біріне Алаш Қозбағаров есімін беру туралы шешім қабылдады.
Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген дәрігері, Семей облыстық акушерлер және гинекеологтар ғылыми қоғамының негізін қалаушы Алаш Ахметжанұлы Қозбағаровтың 90 жылдығына орай ШҚО Қазіргі заман тарихы құжаттамасы орталығы мұрағатшыларының әзірлеуімен 2007 жылы «Дарю тебе жизнь…» (Саған өмір сыйлаймын) атты кітапшасы жарық көрді. Кітапшаны дайындау барысында ШҚО ҚЗҚО А.Қозбағаровтың жеке қорында 896 қор, 72 іс, 1936-1997 жылдар аралығындағы материалдар мен фотолары сақтаулы. Қарашаның соңында Семей қаласының Денсаулық сақтау департаментімен бірлесіп А.Қозбағаровтың 90 жылдығына арналған ғылыми-практикалық конференция өткізілді. Онда бала мен әйелдер өмірін сақтауда аянбай жан-тәнімен еңбек еткен азаматтың жанқяирлық еңбегі, оның өмір сүрген ортасы, айналасымен қарым-қатынасы туралы сөз болды.

Абай Қабатайұлы Байкенжин




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   26




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет