Алшынбай Рақышев



бет16/26
Дата11.05.2022
өлшемі57,45 Kb.
#142190
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   26
Байланысты:
казак даригерлер 1
Күмісбек Айжамал 3к5 практика (копия), 1635568298, 8-сынып Т1 3-тоқсан ТЖБ, Әдебиет ТЖБ 3-тоқсан, 35 сабақ Сан логарифмі және оның қасиеттері (1), Бизнес жоба Қымыз
Әміре Айтбақин 

Әміре Айтбақин 1861 жылы Семей облысы Павлодар уезі Ақпеттау болысында дүниеге келген. Алғашында ауыл мектебінен хат танып, кейін Омск гимназиясында білім алады. Ал 1882 жылы Омск мұғалімдер семинариясын аяқтап, Омск әскери гимназиясына мұғалім етіп жіберіледі. 1883 жылдың 13 тамызында Дала генерал-губернаторының бұйрығымен оның кеңсесіне қазақ тілі бойынша тілмәш болып ауыстырылады.
 Еңбек жолын ұстаздықтан бастап, әр түрлі лауазымдарда қызмет етіп жүрген тұлғаның дәрігерлікке бет бұруы туған халқына деген жанашырлығынан бастау алған екен. Ол заманда қазақтардың денсаулық жағдайы тым төмен екені, балалар көптеп шетінейтіндігі көпке белгілі болатын. Бұл Әміренің жанына ерекше батқандықтан туған халқына көмек көрсету үшін 1889 жылы Томск университетінің медицина факультетіне түседі. Мемлекет қызметкері – Әміренің бұл қадамына Семей әскери губернаторы Котюхов 1889 жылдың 23 қаңтарындағы бұйрығында оң баға беріп, төмендегідей баяндайды: «Младший чиновник особых поручений при Военном губернаторе коллежский секретарь Айтбакин, – стремясь к получению высшего образования, воспользовался разрешенным ему двухмесячным отпуском для того, чтобы устроить поступление свое в вновь открытый Томский университет. Расставаясь с господином Айтбакиным, объявляю ему благодарность за старательное и добросовестное исполнение служебных поручений, в особенности по управлению хозяйственным отделом областного присутствия».
Томск университетінде Ә.Айтбақин жайлы жазылған «Амре Айтбакин – воспитанник императорского Томского университета, первый дипломированный казахский врач» атты ғылыми еңбекте: «Продолжая службу, он имел полное право рассчитывать на постепенное улучшение своего положения и хорошего материального обеспечения в не далеком будущем. Однако, нужды своих единоплеменников и желая принести им существенную пользу, он решился оставить государственную службу, и из чиновника, занимавшего одно из видных мест в областной администрации, превращается в скромного студента. Тот факт, что молодой инородец променял административную карьеру на скромную долю студента-труженика, нельзя, разумеется, объяснить ничем иным, как проявлением благородного чувства любви и преданности к своему родному гнезду, самопожертвованием для блага родного народа» – деп көрсетілген.
Шындығында, келешектегі өзін күтіп тұрған қызметтік (чиновниктік), шендік өсумен қатар, материалдық жағдайының жақсаруынан бас тартып, дәрігерлікті игеруге ұмтылған тұлғаның қадамын бұдан өзгеше бағалауға негіз жоқ. Оны өз ұлтына деген шынайы сүйіспеншілігі – шағын стипендияға қараған студенттік ортаға әкелді (стипендияны Павлодар уездік басқармасы төлеп отырған).
Облыстық әкімшіліктегі беделді лауазымдағы қызметінен бас тартып, оқуға түскені халқына деген сүйіспеншілігінің белгісі еді.
Орда бұзар жастағы Айтбақин жоғары курсқа көшкен соң, ғылыми жұмыспен айналысуға ден қояды. Ол туралы «На старших курсах А. Айтбакин стал заниматься научно-исследовательской работой. Заинтересовавшись лечебными свойствами хорошо знакомого ему национального напитка кумыса, он пришел в гигиеническую лабораторию, которой заведовал профессор А.Судаков», – деп жазылған.
Сөйтіп, Ә.Айтбақин 1892-1893 жылдар аралығында профессор А.Судаковтың жетекшілігімен «Изменение кумыса при стерилизации и состав стерилизованного кумыса» атты ғылыми-зерттеу жүргізеді (Томск, қор-296901).
Студенттің ғылыми еңбегі жайлы профессор: «Студент Айтбакин, киргиз по своему происхождению, по моему предложению, взял на себя попытку хотя бы в общих чертах выяснить этот вопрос. В 1893 году опыт приготовления стерилизованного кумыса, увенчался полным успехом: 50 бутылок доставленного Айтбакиным в Гигиенический институт Томского универстиета кумыса заключили в себе напиток вполне доброкачественный. После сохранения этого кумыса в течение 8-9 месяцев при температуре 10-15 градусов кумыс представлял приятного кисловатого вкуса, и, по словам приглашенного Айтбакиным для экспертизы одного томского купца из татар, по своему вкусу не отличался от свежеприготовленного кумыса», – деп пікір жазған. Ә.Айтбақиннің бұл еңбегіне сол кездегі университет профессорлары М.Попов және П.Буржинскийлер де жоғары баға берген екен.
Ә.Айтбақин өзінің ғылыми еңбегінің кіріспесінде қымыздың Орта Азияда ерте заманнан кең тарағанын айта келе, тарихқа жүгінеді. Венециялық Марко Полоның ХІІІ ғасырда татар елінде болып, жылқы сүтінен дайындалған «Кемаз» атты сусын ішкенін, оны «ақ виноға» теңегенін жазған. Ал, орыс тілінде «Кумыс» деп жазылғанымен, өз елінде бұл сусынды «Қымыз» деп атайтынын баса айтқан және сабаның, күбінің, піспектің қалай жасалатынына, ол ыдыстардың ысталуына, қымыздың сапырылу ерекшелігіне тоқталып, іс барысын толық суреттеп көрсеткен және мал жайылымының да сүт (саумал, қымыз) сапасына әсерін жазған.
Ә.Айтбақин ғылыми еңбегінде ерекше жайға тоқталып, Общераспрастраненное мнение, что киргизы вовсе не страдают чахоткой неверно, действительно она среди них встречается редко – это факт. Может быть на это влияет климат степи и употребление кумыса, который издавна киргизы считают целебным средством против всевозможных болезней… Годность кумыса к употреблению, киргизы определяют по вкусу…», – деп көрсеткен.
Жас ғалым қымыз құрамын анықтауда Пастер, Сокслет, Вестфаль, Генер, Гейслер атаулы тәжірибелерді, аппараттарын, формулаларын, кестелерін қолданған. Мысалы, қымыз құрамындағы ақуыз мөлшерін анықтау үшін «Konig,a» атты тәжірибені қолданған екен. Атап айтқанда, 10 грамм қымызды колбаға құйып, оған 100 грамм дистилденген су құйған. Алынған қоспаға 4-5 тамшы уксус қышқылын қосқан. Кейін 40 градусқа дейін қыздырылып, казеин мен май тұнбасы алынған. Бұдан әрі жоғарыда айтылған тәжірибелер мен аппараттарды қолданып, сүзгілеу арқылы казеин құрамын анықтаған. Жалпы ғылыми жұмыс барысында қымыз құрамында май, қант, спирт, көмір қышқылы, казеин, альбумин, гемиальбумоз, пептон атаулы элементтердің бар екенін анықтап, 4 бағаннан тұратын кес­те жасаған және балалар ауруханасында тәжірибе өткізген.
Жас ғалым өз ғылыми жұмысын тұжырымдағанда «Считаю при этом необходимым прибавить, что те предварительные опыты – два опыта, – которые я лично произвел над питанием кумысом в детской клиники профессора Бартенова показали, что стерилизованный кумыс больными-хрониками детьми, страдавшими хроническим расстройством желудочно-кишечного аппарата, переносился совершенно удовлетворительно. К сожалению эти опыты, за недостатком стерилизованного кумыса, не могли быть произведены в более широком объеме…», – деп өкінішін білдірген екен (М. Кәрім, 2018).
Сөйтіп, 1894 жылы оқуын үздік бітірген ол ғылыми жұмыспен айналысып, қымыздың пайдалы емдік қасиеттерін зерттеген алғашқы дәрігер. Осылайша 35 жасында «лекарь» мамандығымен тәмамдап, Семей облысының Қарқаралы уезіне дәрігер болып орналасады. Ерен еңбегімен аз уақыт ішінде білгір, білімді маман ретінде елге танылған. «Қарқаралыда оның қабылдауында болған адамдардың әңгімелеуі бойынша ол өз уезіндегі қазақтар арасында өте беделді, әрі қазақтың арасынан шыққан жоғары білімді алғашқы дәрігер. Қазақтар оның қабылдауына көптеп келеді, себебі ол аурулармен тілмәшсіз қазақ тілінде сөйлеседі. Орыс дәрігерлеріне қазақтар тіл білмегендіктен аз келетін. Күнделікті оның үйінің жанынан сол уездің әр қиырынан келген салт аттылы жүздеген қазақтарды көруге болады, олар тек аурулары үшін ғана емес, әр түрлі өмірлік, отбасылық, тағы да басқа кеңестер алу үшін жиналады. Осы көріністен оның өз елі үшін, оларды Еуропа мәдениетіне үйрету үшін таңдап алған жолының қиындығы мен шынайылығын көруге болады. Айтбақиннің өмірі үлгісінде қазақтар адамдарды туыстығы, байлығы үшін ғана емес, білімі үшін де бағалап, білімнің пайдасын нақты сезіне бастады» – деп жазылған сол кездегі басылымдарда.
1896 жылы Әміре Айтбақин отбасы жағдайына байланысты Павлодар уезіндегі 3-ші участок дәрігері болып ауысып, Қарқаралы уезіндегі 1-ші участок дәрігерлігін қатар алып жүреді. 1898 жылы Өскемен уезінің 3-участок дәрігерлігіне ауысады, сонымен қатар Зайсан уезінің 1-ші және 3-ші участоктарының дәрігерлік міндеттері қоса беріледі.
Губернатордың бұйрығымен 1905 жылдың 8 сәуірінен бастап Ә.Айтбақин және оның дәрігерлік амбулаториясы Үлкен Нарын ауылынан Катонқарағай ауылына көшіріледі. Бұл жерде ол Зайсан уезінің 2-участогының меңгерушілігін қатар атқарады. Катонқарағайдағы амбулаторияда екі адам қызмет атқарады: дәрігер – Әміре Айтбақин және фельдшер – Игілік Базаров. Амбулатория жанынан дәріхана ашылып, Өскемен және Семей қалаларынан әкелінген дәрілермен қамтамасыз етіледі. Кейбір дәрілерді Әміре Катонқарағайдың емдік шөптерін пайдаланып, өзі әзірлеген. Катонқарағайда да Айтбақиннің қабылдауына осы маңдағы ауыл халқы тоқтаусыз келіп ем-дом алады. Ә.Айтбақин Катонқарағайда 1917 жылдың соңына дейін еңбек етіп, күрделі революция кезеңінде, яғни, 1917-1919 жылдары Өскемен қаласында қызмет атқарады. Тәжірибесі мол білікті дәрігер осы қалада 1919 жылы қайтыс болған.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   26




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет