Алтын адам



Дата08.02.2022
өлшемі1,71 Mb.
#124315
Байланысты:
АЛТЫН АДАМ - Slides.kz

АЛТЫН АДАМ

Алтын адам туралы мәлімет

  • «Алтын адам» — 1970-ші жылдарының басында Есік қорғанында — сақтар тайпасының жас көсемінің зираты табылды. Дәлірек айтқанда: Алматы облысы Есік қаласының солтүстігіндегі Есік өзенінің сол жақ жағалауындағы темір дәуірінен сақталған сақ обасынан табылған алтын киімді сақ жауынгерінің мүрдесі.

Қабырдың сипаттамасы

  • Топырақ қорғандармен ұштасып жатқан қорым солт-тен оңт-ке қарай 3 шаршы км жерді алып жатыр. 40-тан астам обадан тұратын қорымның оңтүстік шетінде биіктігі 6 м, диаметрі 60 м үйінді төбе астынан екі қабір ашылды.
  • Біреуі ертеректе тоналған. Екіншісінен жасы 17-18 шамасындағы сақ жауынгерінің мүрдесі ашылды. Қабір шырша бөренелерден жасалған, көлемі 3,3х1,9 м, биіктігі 1,5 м, сол жақ бөлігіне қойылған сақ жауынгерінің басы батысқа қаратылып жатқызылған. Қабірдің оңтүстік және батыс шеттерінде металл, қыш, ағаштан істелінген ыдыстар, зергерлік бұйымдар қойылған.

Алтын адамның сипаттамасы

  • Алтын адам киімі 4 мыңға жуық алтын әшекейлермен безендірілген. Әшекейлер барыс, бұлан, таутеке, арқар, ат, түрлі құс бейнелерін беретін “хайуанат нақышында ” жасалған. Бас сүйектің сол жағынан жаһұт тастармен әшекейленген алтын сырға табылды. Бас киімі кейінгі қазақ киімі үлгілеріне ұқсас, биік, шошақ төбелі, ұзындығы 70 см шамасында.

Галерея

  • 1000 теңгелік алтын мәнеттегі Алтын адамның бейнесі

Пошта маркасы

  • Пошта маркасы
  • Назарларыңызға рақмет!!!


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет