Сабақтың тақырыбы: Өткенді қайталау. Диктант «Алтын адам»



бет1/14
Дата01.12.2016
өлшемі2,23 Mb.
#2935
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Сынып: 6.

Сабақтың тақырыбы: Өткенді қайталау. Диктант «Алтын адам»

Сабақтың мақсаты: А) білімділік: өткен материалдарды еске түсіре отырып, алтын адам туралы мәлімет беру, тыныс белгілердің қойылу ережелерін пысықтау.

Ә) Өзге ұлт өкілі балаларын қазақ тілін дұрыс айтуға, жазуға үйрету, ойлау қабілеттерін дамытуға танымдылық қызығушылықтарын арттыру.

Б) Мемлекеттік тілді құрметтеуге, тарихи ескерткіштерді сақтауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: өткенді пысықтау сабағы.

Сабақтың әдісі: баяндау, сұрақ – жауап, әңгімелеу.

Сабақтың көрнекілігі: тірек-сызба, оқулық, тақта.

Пәнаралық байланыс: әдебиет.

Күтілетін нәтиже: таза, сауатты жазу.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі.

-Оқушылармен амандасу.

- Кезекшінің мәлімдеуі.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

Өткен материалдарды еске түсіру. Жазғы демалысты қалай өткізгендері туралы сұрау.

ІІІ. Жаңа сабақ.

Менің отбасым Менің достарым Қазақ тілі - мемлекеттік тіл

Мектеп өмірі Күз

Уақыт Қазақ тілі Менің қалам

Жабайы аңдар (6 сынып) Көктем

Біздің мерекелер Елтану

Туған жерім Қыс Жаз Табиғатты қорғау - баршаның міндеті

( аталған модульдерге жалпы шолу жасау )

Диктант « Алтын адам»

Астанада мұражайлардың түр-түрі бар. Балалар мұражайларды аралап, көп қызықтады. Әсіресе, археология мұражайына жасалған экскурсия оларға қатты ұнады.

Мұражайдағы экспонаттар қазіргі Қазақстан жерінде ерте замандарда қандай тайпалар мекендегенін білдіреді. Археологтар табылған еңбек құралдары, ыдыстар, әшекей бұйымдарға қарап, біздің ата-бабаларымыз қалай өмір сүріп, немен шұғылданғандарын анықтап отыр. Балалар бір экспонаттың жанынан көпке дейін кетпеді. Онда жас ханзада сақ жауынгерінің бастан-аяқ алтынмен әдіптелген киімі қойылған. (65 сөз)

ІҮ. Бекіту бөлімі.

Сұрақтар қою арқылы сабақты бекіту.

Ү. Үйге тапсырма:

Өткенді қайталау.

ҮІ. Бағалау бөлімі.

Диктант жұмысы арқылы бағалау.

ҮІІІ. Сабақты қорытындылау.

Сынып: 6.

Сабақтың тақырыбы: Біздің отбасымыз. Фонетика. Дауысты дыбыстар.

Сабақтың мақсаты: А) білімділік: біздің отбасымыз тақырыбына байланысты жаңа сөздермен оқушыларды таныстыру, дауысты дыбыстарды меңгерту.

Ә) Өзге ұлт өкілі балаларын қазақ тілін дұрыс айтуға, жазуға үйрету, ойлау қабілеттерін дамытуғ танымдылық қызығушылықтарын арттыру.

Б) Отбасына деген сүйіспеншілік сезімдерін ояту. Ата – анаға деген ізгі ниеттерін қалыптастыру.

Сабақтың түрі: жаңа материалды игеру сабағы.

Сабақтың әдісі: баяндау, сұрақ – жауап, әңгімелеу.

Сабақтың көрнекілігі: кесте, сызбалар, оқулық, тақта.

Пәнаралық байланыс: орыс тілі, әдебиет.

Күтілетін нәтиже: өз отбасы туралы әңгіме айта білу, фонетиканы меңгеру.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі.

-Оқушылармен амандасу.

- Кезекшінің мәлімдеуі.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

1.Модульдің құрамын айту.

2. Сабақтын мақсатын айту.

3. Өткен тақырыптарды еске түсіру

ІІІ. Жаңа сабақ.

  1. Грамматикалық тақырып.

(Тақтада берілген сызбалар бойынша тақырыптарды түсіндіру)

Фонетика - тіл дыбыстарын сала. Онда дыбыстар, екпін және буын, үндестік заңы қарастырылады.

2. Сөздік жұмысы.

Берілген сөздердің мағыналарын түсіндіру, аудару.

Жаңа сөздерді дұрыс айтуға дағдыландыру.

Мұғалім мәнерлеп оқып шығады.

Оқушылар дауыстап қайталайды.

3. Сызбалар бойынша әр түрлі сөз тіркесін құрастыру.

Сын есім + зат есім

Зат есім + етістік

Зат есім + зат есім

Мысалы: жақсы маман, үлкен өндіріс, сабақта болу, ұстаның еңбегі.

Жазба жұмысы.

«Біздің отбасымыз» тақырыбымен жұмыс.

А) мәтінді мәнерлеп оқып шығу;

Ә) мәтінге әр түрлі сұрақтар дайындау.

Б) оқушылар 4 адамнан топқа бөлініп, өз отбасы туралы әңгіме дайындайды.

В) 1 - тапсырма. Берілген мәтіннен үндестік заңына байланысты сөздерді теріп жазу, жасалу жолдарын түсіндіру.

Г) «Біздің отбасымыз» мәтінінен атасы мен әжесін бейнелеген сөйлемдерді теріп жазу, аудару.

Д) 2-тапсырма. Фонетикалық талдау.

Е) 3-тапсырма. Жұптық жұмыс. (Әр оқушы өз орнында жаңылтпашты тез айтуға жаттығады, 5 минут уақыт беріледі. Кейін оқушылар бір-бірін тыңдап, бағалайды)

ІҮ. Бекіту бөлімі.

Сұрақтар қою арқылы сабақты бекіту.

Ү. Үйге тапсырма:

Жаңа сөздерді жаттау, өз отбасы туралы әңгімелеу. Фонетиканы қайталау.

ҮІ. Бағалау бөлімі.

Сабаққа қатысы бойынша бағалау.

ҮІІ. Сабақты қорытындылау.

Сынып: 6.

Сабақтың тақырыбы: Отбасы мүшелерінің сыртқы келбеті. Дауысты дыбыстар.

Сабақтың мақсаты: А) білімділік: Отбасы мүшелерінің сыртқы келбеті тақырыбына байланысты жаңа сөздермен оқушыларды таныстыру, дауысты дыбыстарды меңгерту.

Ә) Өзге ұлт өкілі балаларын қазақ тілін дұрыс айтуға, жазуға үйрету, ойлау қабілеттерін дамытуғ танымдылық қызығушылықтарын арттыру.

Б) Отбасына деген сүйіспеншілік сезімдерін ояту. Ата – анаға деген ізгі ниеттерін қалыптастыру.

Сабақтың түрі: жаңа материалды игеру сабағы.

Сабақтың әдісі: баяндау, сұрақ – жауап, әңгімелеу.

Сабақтың көрнекілігі: кесте, сызбалар, оқулық, тақта.

Пәнаралық байланыс: орыс тілі, әдебиет.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі.

-Оқушылармен амандасу.

- Кезекшінің мәлімдеуі.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

1.Модульдің құрамын айту.

2. Сабақтын мақсатын айту.

ІІІ. Дәптермен жұмыс.

Күннің жадын жадын және сабақтың тақырыбын жазу.

ІҮ. Жаңа сабақ.

  1. Грамматикалық тақырып.

Дауысты дыбыстардың жіктелуімен таныстыру. (5бет)

2. Сөздік жұмысы.

Берілген сөздердің мағыналарын түсіндіру, аудару.

Жаңа сөздерді дұрыс айтуға дағдыландыру.

Мұғалім мәнерлеп оқып шығады.

Оқушылар дауыстап қайталайды.

Отбасы мүшелерінің сыртқы келбеті тақырыбымен жұмыс. (Ақанның ағасы) (7 бет)

А) мәтінді мәнерлеп оқып шығу;

Ә) мәтінге әр түрлі сұрақтар дайындау;

Б) оқушылар топқа бөлініп, өз отбасы мүшелерінің сыртқы келбеті туралы әңгіме дайындайды.

В) дауысты дыбыстарды теріп жазу, фонетикалық талдау жасау.

Ү. Бекіту бөлімі.

Сұрақтар қою арқылы сабақты меңгерту.

ҮІ. Үйге тапсырма:

Жаңа сөздерді жаттау, өз отбасы мүшелерінің сыртқы келбеті туралы әңгімелеу. Фонетиканы қайталау.

ҮІІ. Бағалау бөлімі.

ҮІІІ. Сабақты қорытындылау.

ІХ. Күтілетін нәтиже.

Дауысты дыбыстарды меңгеру, жаңа сөздерді естеріне сақтау, өз отбасы туралы айта білу.

Сынып: 6.

Сабақтың тақырыбы: Байлық пен ақыл. Дауыссыз дыбыстар.

Сабақтың мақсаты: А) білімділік: тақырыпқа байланысты жаңа сөздермен оқушыларды таныстыру, дауыссыз дыбыстарды меңгерту.

Ә) Өзге ұлт өкілі балаларын қазақ тілін дұрыс айтуға, жазуға үйрету, ойлау қабілеттерін дамытуға танымдылық қызығушылықтарын арттыру.

Б) Отбасына деген сүйіспеншілік сезімдерін ояту, ата – анаға деген ізгі ниеттерін қалыптастыру.

Сабақтың түрі: жаңа материалды игеру сабағы.

Сабақтың әдісі: баяндау, сұрақ – жауап, әңгімелеу.

Сабақтың көрнекілігі: кесте, сызбалар, оқулық, тақта.

Пәнаралық байланыс: орыс тілі, әдебиет.

Күтілетін нәтиже: байлық пен ақыл туралы әңгіме айта білу, дауыссыз дыбыстарды

меңгеру.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі.

-Оқушылармен амандасу. - Кезекшінің мәліметі.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

Жаңа сөздерді жаттау, өз отбасы мүшелерінің сыртқы келбеті туралы әңгімелеу. Фонетиканы қайталау.

ІІІ. Жаңа сабақ.

Сөздік жұмысы.

Берілген сөздердің мағыналарын түсіндіру, аудару.

Жаңа сөздерді дұрыс айтуға дағдыландыру.

Мұғалім мәнерлеп оқып шығады.

Оқушылар дауыстап қайталайды.

1 - тапсырма. «Байлық пен ақыл» мәтіні бойынша топтық жұмыс.

1. мәтінді оқиды

2. мәтін бойынша сұрақтар құрайды

3. мәтінді мазмұндайды

4. мәтіндегі тірек сөздерді табады

3 - тапсырма. Сөз тіркестерін дұрыс құраңдар.

4 - тапсырма. Сөйлемдерді дұрыс құраңдар.

5 - тапсырма. Берілген сөздердің синонимдік қатарын көрсетіңдер.

ІҮ. Бекіту бөлімі.

Сұрақтар қою арқылы сабақты бекіту.

Ү. Үйге тапсырма:

6 - тапсырма (мәтінді мазмұндау).

ҮІ. Бағалау бөлімі.

Сабаққа қатысы бойынша бағалау.

ҮІІ. Сабақты қорытындылау.

Сынып: 6.

Сабақтың тақырыбы: Менің атам мен әжем. Дауыссыз дыбыстар.

Сабақтың мақсаты: А) білімділік: тақырыпқа байланысты жаңа сөздермен оқушыларды таныстыру, дауыссыз дыбыстарды меңгерту, мәтіннің мазмұнын меңгерту.

Ә) Өзге ұлт өкілі балаларын қазақ тілін дұрыс айтуға, жазуға үйрету, ойлау қабілеттерін дамытуға танымдылық қызығушылықтарын арттыру.

Б) Ата - әжеге деген ізгі ниеттерін қалыптастыру.

Сабақтың түрі: жаңа материалды игеру сабағы.

Сабақтың әдісі: баяндау, сұрақ – жауап, әңгімелеу, топтастыру.

Сабақтың көрнекілігі: кесте, сызбалар, оқулық, тақта.

Пәнаралық байланыс: орыс тілі, әдебиет.

Күтілетін нәтиже: өз ата -әжелері туралы әңгіме айта білу, дауыссыз дыбыстарды

меңгеру.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі.

-Оқушылармен амандасу. - Кезекшінің мәліметі.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

6-тапсырма (мәтінді мазмұндау)

ІІІ. Жаңа сабақ.

Грамматикалық тақырыпты түсіндіру.

7 - тапсырма. «Менің атам мен әжем» мәтіні бойынша топтық жұмыс.

1. мәтінді оқиды, рөлге бөліп оқиды

2. мәтін бойынша сұрақтар құрайды

3. мәтінді мазмұндайды

4. мәтіндегі тірек сөздерді табады

6 - тапсырма. Сызбалар бойынша сұрақтарға жауап беру.

Тапсырма: Берілген сөйлемнен дауыссыз дыбыстарды тауып, түрін анықтаңыз.

ІҮ. Бекіту бөлімі.

Зейнеткер Ақылды

Үлкен кісі Атам 80 жаста Қария адам Әжем Көп ертегілер біледі

Ұзын бойлы Мейірімді

Ү. Үйге тапсырма:

Өз атасы мен әжесі туралы әңгіме жазу. Бірыңғай қатаң, ұяң, үнді дыбысы бар сөздер жазу.

ҮІ. Бағалау бөлімі.

Сабаққа қатысы бойынша бағалау.

ҮІІ. Сабақты қорытындылау.

Сынып: 6.

Сабақтың тақырыбы: Жазғы демалыста. Үндестік заңы.

Сабақтың мақсаты: А) білімділік: жазғы демалыстары туралы әңгіме айтуға үйрету, үндестік заңын түсіндіру.

Ә) Мемлекеттік тілді меңгерту арқылы сөйлеу тілін дамыту, сөздік қорын молайту.

Б) Мейірімділікке, ұқыпты болуға, әдептілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа материалды игеру сабағы.

Сабақтың әдісі: баяндау, сұрақ – жауап, әңгімелеу.

Сабақтың көрнекілігі: кесте, сызбалар, оқулық, тақта.

Пәнаралық байланыс: орыс тілі, әдебиет.

Күтілетін нәтиже: жазғы демалыстары туралы әңгіме айта білу, үндестік заңын меңгеру.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі.

-Оқушылармен амандасу. - Кезекшінің мәліметі.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

Өз атасы мен әжесі туралы әңгіме жазу. Бірыңғай қатаң, ұяң, үнді дыбысы бар сөздер жазу.

ІІІ. Жаңа сабақ.

Сөздік жұмысы (жаңа сөздермен сөз тіркестерін, сөйлемдер құрау)

Ыстықкөл - Иссык - Куль жағажай - пляж

Күнге қыздырыну - загорать құм - песок

1 - тапсырма. Диалогті оқып, өзара сөйлесу.

- Қанат, мына суреттегі кімдер?

- Бұл - біздің отбасымыз. Мынау - әкем. Оның қасындағы шешем. Әкемнің оң жағында ағам. Шешемнің қасында отырған қарындасым.

2 - тапсырма. Диалогтегі мәліметтерді пайдалана оытрып, сұрақтарға жауап беріңдер.

3 - тапсырма. Сурет бойынша сұрақтарға жауап беріңдер.

Фонетикалық талдау.

Демалыс - 3 буын, 1,2- буын - ашық буын, 3- буын - бітеу буын.

Д - дауыссыз, ұяң

Е - дауысты, жіңішке, езулік, ашық

М - дауыссыз, үнді

А - дауысты, жуан, езулік, ашық

Л - дауыссыз, үнді

Ы - дауысты, жуан, езулік, қысаң

С - дауыссыз, қатаң 7 әріп, 7 дыбыс бар.

ІҮ. Бекіту бөлімі.

Сұрақтар қою арқылы сабақты бекіту.

Ү. Үйге тапсырма:

4 - тапсырма.

ҮІ. Бағалау бөлімі.

Сабаққа қатысы бойынша бағалау.

ҮІІ. Сабақты қорытындылау.

Сынып: 6.

Сабақтың тақырыбы: Отбасымның демалысы. Үндестік заңы.

Сабақтың мақсаты: А) білімділік: отбасыларының демалыстары туралы әңгіме айтуға үйрету, үндестік заңын түсіндіру.

Ә) Мемлекеттік тілді меңгерту арқылы сөйлеу тілін дамыту, сөздік қорын молайту.

Б) Мейірімділікке, ұқыпты болуға, әдептілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа материалды игеру сабағы.

Сабақтың әдісі: баяндау, сұрақ – жауап,топтық жұмыс.

Сабақтың көрнекілігі: кесте, сызбалар, оқулық, тақта.

Пәнаралық байланыс: орыс тілі, әдебиет.

Күтілетін нәтиже: отбасыларының демалыстары туралы әңгіме айта білу, үндестік заңын меңгеру.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі.

-Оқушылармен амандасу. - Кезекшінің мәліметі.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

4 - тапсырма.

ІІІ. Жаңа сабақ.

«Отбасымның демалысы» мәтіні бойынша топтық жұмыс.

1. Мәтінді оқиды.

2. Мәтін бойынша сұрақтар құрайды.

3. Мәтінді мазмұндайды.

4. Мәтіндегі тірек сөздерді табады.

5. Мәтіннен үндестік заңына бағынбайтын сөздерді табады.

5 - тапсырма. Сызба бойынша сөйлемдер құраңдар.

әр жексенбіде

Біздің отбасымыз жыл сайын қайда барады?

мереке күндері

балық аула ... .

күнге қыздырын ... .

Жаздыгүні қайда? жидек тере... .

суға шомыла ... .

гүл жина ... .

6 -тапсырма. Сөйлемдерге бірнеше сұрақтар қойыңдар.

7 - тапсырма. «Менің әжем» өлеңін жаттап алыңдар.

Менің әжем - ақ әжем,

Ұл мен қыздың бағы әжем.

Ертегі айтып бер десем,

Айтып берер тағы әжем.

ІҮ. Бекіту бөлімі.

Сұрақтар қою арқылы сабақты бекіту.

Ү. Үйге тапсырма

7 - тапсырма (Өлеңді жаттау).

«Отбасымның демалысы» тақырыбында әңгіме жазу.

ҮІ. Бағалау бөлімі.

Сабаққа қатысы бойынша бағалау.

ҮІІ. Сабақты қорытындылау.

Сынып: 6.

Сабақтың тақырыбы: Шие тергенде. Буын үндестігі.

Сабақтың мақсаты: А) Оқушыларды берілген жаңа тақырыппен таныстыру, жаңа сөздерді меңгерту, буын үндестігін ажырата алу.

Ә) Сөздік қорын байыту, тілін дамыту, өз ойларын айта білу, сөйлем құрастыра алу.

В) Ұқыптылыққа, кішіпейілділікке баулу.

Сабақтың түрі: жаңа материалды игеру сабағы.

Сабақтың әдісі: баяндау, сұрақ жауап.

Сабақтың көрнекілігі: тақта, оқулық.

Пәнаралық байланыс: орыс тілі.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі:

-Оқушылармен амандасу. – Кезекшінің мәліметі.

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.

Үйден отбасымның демалысы туралы айту.

Сабақтың мақсатын, барысын айту.

ІІІ. Дәптермен жұмыс.

Күннің жадын және сабақтың тақырыбын жазу.

ІҮ. Жаңа сабақ.

1.Грамматикалық тақырып.

Буын үндестігі туралы түсінік беру.

Буын үндестігі (слоговой сингармонизм)

А) жуан+жуан+жуан: оқу+шы+лар

Ә) жіңішке+жіңішке+жіңішке: етік+ші+лер

  1. Сөздік жұмысы.

Көп ұзамай-вскоре

Кезігу-встретиться

Тою-насытиться

Оралу-возвратиться

Ұсыну-предложить

Әдейі-умышленнно

Өсу-расти

  1. 1-тапсырма. Мәтінді түсініп оқу, сұрақтар құру.

  2. 2-тапсырма орындау. Сөз тіркестерін дұрыс құраңдар.

3-тапсырма. Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып, жазу.

Үлгі: Балалар әжесімен орманға келді.

4-тапсырма. Диалогтерді қазақ тіліне аударып, өзара сөйлесіңдер.

5-тапсырма. Ән үйренейік.

Ү. Бекіту бөлімі. Сұрақтар арқылы бекіту.

ҮІ. Үйге тапсырма. 5-тапсырма 16 бет.

6-тапсырма 17- бет.

ҮІІ. Бағалау бөлімі. Сабаққа қатысқан оқушыларды бағалау.

ҮІІІ. Сабақты қорытындылау.

ІХ. Күтілетін нәтиже.

Буын үндестігін меңгеру, мәтіннің мазмұнын айта алу, тапсырмалар орындау.

Сынып: 6.

Сабақтың тақырыбы: Көшеде. Буын үндестігі.

Сабақтың мақсаты: А) Оқушыларды берілген жаңа тақырыппен таныстыру, жаңа сөздерді меңгерту, буын үндестігін ажырата алу.

Ә) Сөздік қорын байыту, тілін дамыту, өз ойларын айта білу, сөйлем құрастыра алу.

В) Ұқыптылыққа, кішіпейілділікке баулу.

Сабақтың түрі: жаңа материалды игеру сабағы.

Сабақтың әдісі: баяндау, сұрақ жауап.

Сабақтың көрнекілігі: тақта, оқулық.

Пәнаралық байланыс: орыс тілі.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі:

-Оқушылармен амандасу. – Кезекшінің мәліметі.

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.

5-6 тапсырманы тексеру.

Сабақтың мақсатын, барысын айту.

ІІІ. Дәптермен жұмыс.

Күннің жадын және сабақтың тақырыбын жазу.

ІҮ. Жаңа сабақ.

1.Грамматикалық тақырып.

Буын үндестігі туралы түсінік беру.

Буын үндестігі (слоговой сингармонизм)

А) жуан+жуан+жуан: оқу+шы+лар

Ә) жіңішке+жіңішке+жіңішке: етік+ші+лер

  1. Сөздік жұмысы.

Көп ұзамай-вскоре

Кезігу-встретиться

Тою-насытиться

Оралу-возвратиться

Ұсыну-предложить

Әдейі-умышленнно

Өсу-расти

  1. 3-тапсырма. Мәтінді түсініп оқу, сұрақтар құру.

Деңгейлік тапсырмаларды орындау.

ІІІ деңгей.

1. Мына сөздерді қазақ тіліне аударыңдар: не очень, педиатр, юрист, правнук,

документ, звонить, смена, просыпаться, пешком.

2. Мына сөздерге фонетикалық талдау жаса: немере, пәтер, күн.

3. Сызба бойынша өз отбасыларың туралы әңгімелеңдер.

ІІ деңгей.

1. Берілген сөздерден, сөз тіркестерінен сөйлемдер құраңдар: жаяу бару, онша үлкен емес, ұятқа қалу, аялдама, кішіпейіл болу, ұсыну, менен гөрі үлкендеу, бірден.

2. «Отбасымның демалысы» деген тақырыпқа диалог құру.

3. Жіңішке дауысты дыбыстары бар сөздерді бөліп жазу.

І деңгей.

1. «Отан отбасынан басталады» деген мақалды қалай түсінесіңдер?

Өз ойларыңды дәлелдеп беріңдер.

Ү. Бекіту бөлімі.

Сұрақтар қою арқылы бекіту.

ҮІ. Үйге тапсырма

1 - тапсырма (Жаңылтпашты жаттау).

2 - тапсырма.

ҮІІ. Бағалау бөлімі.

Сабаққа қатысқан оқушыларды бағалау.

ҮІІІ. Сабақты қорытындылау.

ІХ. Күтілетін нәтиже.

Буын үндестігін меңгеру, мәтіннің мазмұнын айта алу, тапсырмалар орындау.

Сынып: 6.

Сабақтың тақырыбы: Диктант «Біздің отбасымыз»

Сабақтың мақсаты: А) Оқушылардың алған білімдерін пысықтау, ой-өрісін кеңейту, сауатты жазуға дағдыландыру.

Ә) Сөздік қорын байыту, тілін дамыту, өз ойларын айта білу, сөйлем құрастыра алу.

В) Ұқыптылыққа, кішіпейілділікке баулу.

Сабақтың түрі: диктант

Сабақтың әдісі: баяндау, сұрақ жауап.

Сабақтың көрнекілігі: тақта.

Пәнаралық байланыс: орыс тілі.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі:

-Оқушылармен амандасу. – Кезекшінің мәліметі.

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.

Тыныс белгілердің қойылу ережесін түсіндіру.

ІІІ. Дәптермен жұмыс.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет