Сабақтың тақырыбы: Өткенді қайталау. Диктант «Алтын адам»



бет14/14
Дата01.12.2016
өлшемі2,23 Mb.
#2935
түріСабақ
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14

Ережені қайталап келу.

Қатемен жұмыс өткізу.

ІІІ. Жаңа сабақ.

1-тапсырма. Мәтінді түсініп оқып, мазмұнын айтып беріңдер. Мәтінге ат қойыңдар.

2-тапсырма. Суретпен жұмыс.

Қалаған сурет бойынша жаз туралы шығарма жазыңдар.

3-тапсырма. Жұптық жұмыс.

«Жазғы ауа райы» деген тақырыпқа үстеулерді пайдалана отырып, диалог дайындау.

Керекті сөздер мен сөз тіркестері: ауа райы, жылы, ыстық, ашық, демалыс, синоптиктердің хабарлауынша, өзгереді, күндіз, түнде, жарық, күн.

ІҮ. Бекіту бөлімі.

Сұрақтар қою арқылы сабақты бекіту.

Ү. Үйге тапсырма.

1-тапсырма 162-бет мәтіннің мазмұнын айту.

ҮІ. Бағалау бөлімі.

Сабаққа қатысы бойынша бағалау.

ҮІІ. Сабақты қорытындылау.

Сынып: 6

Сабақтың тақырыбы: Абай Құнанбайұлы «Жаз» өлеңі. Себеп үстеу.

Сабақтың мақсаты: А) Оқушыларды Абайдың «Жаз» өлеңімен таныстыру, жаңа сөздерді меңгерту.

Ә) Сөздік қорын байыту, тілін дамыту, түсінгенін өз сөзімен жеткізе алу.

Б) Табиғатты құрметтеуге, өз елін, жерін сүюге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ.

Сабақтың әдісі: баяндау, сұрақ- жауап, түсіндіру.

Сабақтың көрнекілігі: кітап, оқулық, тақта, тапсырмалар.

Пәнаралық байланыс: орыс тілі, дүниетану.

Күтілетін нәтиже: Себеп үстеуді ажырата алу, меңгеру, өлеңді мәнерлеп оқи алу.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі:

-Оқушылармен амандасу. -Кезекшінің мәліметі.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

1-тапсырма 162-бет мәтіннің мазмұнын айту.

ІІІ. Жаңа сабақ.

1. Абайдың өлеңін мәнерлеп оқып шығу.

2. Жаттығулар орындау.

Ережемен жұмыс.

ІҮ. Бекіту бөлімі.

Сұрақтар қою арқылы сабақты бекіту.

Ү. Үйге тапсырма.

Өлеңді жаттап алу.

ҮІ. Бағалау бөлімі.

Сабаққа қатысы бойынша бағалау.

ҮІІ. Сабақты қорытындылау.

Сынып: 6

Сабақтың тақырыбы: Нәтиже сабақ. Менің сүйікті жыл мезгілім. Себеп үстеу.

Сабақтың мақсаты: А) «Менің сүйікті жыл мезгілім» модулі арқылы туралы өз ойларын жеткізе алу, алған білімдерін пысықтау, ой-өрісін кеңейту.

Ә) Оқушылардың тілдерін дамыту, сөздік қорларын байыту, ауызекі сөйлеу қабілеттерін арттыру.

Б) Мейірімділікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: пысықтау сабағы, тест.

Сабақтың әдісі: баяндау, сұрақ- жауап.

Сабақтың көрнекілігі: тақта, тест сұрақтары.

Пәнаралық байланыс: орыс тілі.

Күтілетін нәтиже: Берілген сұрақтарға жауап беру, өз ойларын жеткізе алу.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі:

- Оқушылармен амандасу. –Кезекшінің мәліметі.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

Тестке дайындалып келу.

ІІІ. Дәптермен жұмыс.

Күннің жадын және сабақтың тақырыбын жазу.

ІҮ. Нәтиже сабақ.

І. Тест сұрақтарына жауап беру.

1. «Дуб» сөзі қалай аударылады ?

А) терек В) емен С) қайың Д) қарағай

2. «Торғай» сөзі қалай аударылады ?

А) соловей В) кукушка С) дятел Д) воробей

3. Үстеу қатысқан тіркесті табыңыз.

А) Қазір жалғызбын. С) Бәріміздің өміріміздің басталуы осылай еді.

В) Ол қарады, бірақ танымады. Д) Жаздың көркі енеді жыл құсымен.

4. Сын- қимыл үстеулі тіркесті табыңыз.

А) недәуір ұзын В) амалсыздан көнді С) босқа келді Д) әрі-бері жүрді

5. Мекен үстеуін табыңыз.

А) Үйге кетті, қатты өкінді Д) ілгері жүрді, төмен түсті

В) Бірден сөйледі, шалқасынан құлады Е) бұрын жүрді, күні-түні оқиды

6. Мекен үстеуді көрсетіңіз.

А) Шегіртке ала жаздай ән салады. С ) Естіген әңгімем қызық-ақ.

В) Жолаушылар ілгері жылжыды. Д) Ақын да, үйдегілер де тысқа шықты.

7. Үстеудің қандай сөйлем мүшесі екенін анықтаңыз: Ол бізбен қазақша сөйлесті.

А) пысықтауыш В) бастауыш С) толықтауыш Д) баяндауыш

8. Мақсат үстеулі тіркесті көрсетіңіз.

А) әдейі айтты В) тым ұзақ С) алға түсті Д) тез жүрді

9. Себеп-салдар үстеуді табыңыз.

А) күні-түні В) орасан зор С) қасақана Д) амалсыздан

10. Сын-қимыл үстеуді табыңыз.

А) бүгін В) жаяу С) шарасыздан Д) ілгері

ІҮ. Бекіту бөлімі.

Сұрақтар қою арқылы сабақты бекіту.

Ү. Үйге тапсырма.

Үстеуді қайталап келу.

ҮІ. Бағалау бөлімі.

Дәптерлерін жинап, бағалау.

ҮІІ. Сабақты қорытындылау.

Сынып: 6

Сабақтың тақырыбы: Бакылау диктанты. Доп ойыны.

Сабақтың мақсаты: А) Оқушылардың алған білімдерін пысықтау, таза,ғ сауатты жазуын қадағалау.

Ә) Сөздік қорын байыту, сөйлеу тілін жетілдіру, тілін дамыту, ойлау қабілеттерін арттыру.

Б) Адамгершілікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: диктант.

Сабақтың әдісі: баяндау.

Сабақтың көрнекілігі: тақтаға жазылған қиын сөздер.

Пәнаралық байланыс: орыс тілі.

Күтілетін неәтиже: Таза, сауатты жазу.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі:

-Оқушылармен амандасу. –Кезекшінің мәліметі.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

ІІІ. Дәптермен жұмыс.

Күннің жадын және сабақтың тақырыбын жазу.

ІҮ. Жаңа сабақ.

Бақылау диктантын өткізу.

Доп ойыны.

Ойыншы өте төзімді болуы керек. Өйткені ол алаңда дамылсыз жүгірумен болады. Қарсыласынан допты алу үшін шабуылды сәтті аңдиды. Ойын барысында әр ойыншы шамамен он бес шақырымдай жол жүреді екен. Мұндай төзімділікке ойыншылар үздіксіз жаттығудың нәтижесінде жетеді. Футбол-ұжымдық ойын. Әрбір ойыншы жолдастарының ыңғайына орай әрекет жасайды. Біздің елімізде атағы әлемге әйгілі шебер ойыншылар көп. Бір мың тоғыз жүз алпыс үшінші жылы футбол ойынының бір ғасырлық мерекесі тойланды. Қазақстанның «Қайрат» футбол командасы бір мың тоғыз жүз елу тоғызыншы жылы құрылды.

Тапсырма. Шебер сөзіне фонетикалық талдау жасау.

Ше-бер -2 буын, 5 әріп, 5 дыбыс.

Ш-дауыссыз, қатаң.

Е-дауысты, жіңішке, езулік, ашық

Б-дауыссыз, ұяң.

Е- дауысты, жіңішке, езулік, ашық.

Р-дауыссыз, үнді.

VI. Бекіту бөлімі.

Ү. Үйге тапсырма.

Ережені қайталау.

ҮІ. Бағалау бөлімі.

Оқушылардың дәптерлерін жинап алу бағалау.

ҮІІ. Сабақты қорытындылау.

Сынып: 6

Сабақтың тақырыбы: Менің жазғы демалысым. Қатемен жұмыс.

Сабақтың мақсаты: А) Үстеудің түрлерін қайталап шығу, жазғы демалыстары туралы өз ойларын жеткізе алу.

Ә) Сөздік қорын байыту, тілін дамыту, түсінгенін өз сөзімен жеткізе алу.

Б) Сыйластыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: қайталау сабағы.

Сабақтың әдісі: баяндау, сұрақ- жауап, сөйлесу.

Сабақтың көрнекілігі: оқулық, тақта, тапсырмалар.

Пәнаралық байланыс: орыс тілі.

Күтілетін нәтиже: Үстеудің түрлерін ажырата алу, өздерінің жазғы демалыстары туралы айта білу.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі:

-Оқушылармен амандасу. -Кезекшінің мәліметі.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

ІІІ. Үйге тапсырма.

Ережені қайталап келу.

ІІІ. Жаңа сабақ.

1. Қатемен жұмыс. (Өткізген бақылау диктанты бойынша қатемен жұмыс өткізу)

2. Шағын шығарма жазу.

Сен жазғы демалысыңды қайда және қалай өткізесің?

3.Тапсырмалар орындап шығу.

VI. Бекіту бөлімі.

Ү. Үйге тапсырма.

Үйден үстеудің түрлерін қайталап келу, өзінің сүйікті кейіпкері туралы жазып келу.(ертегі кейіпкері немесе кино кейіпкері) т. б.

ҮІ. Бағалау бөлімі.

Сабаққа қатысы бойынша бағалау.

ҮІІ. Сабақты қорытындылау

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет