Б) Табиғатты қорғауға, аялауға, құрметтеуге тәрбиелеу
бет 9/14 Дата 01.12.2016 өлшемі 2,23 Mb. #2935 түрі Сабақ
Б) Табиғатты қорғауға , аялау ға, құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: мазмұндама.
Сабақтың әдісі: баяндау.
Сабақтың көрнекілігі: тақта.
Пәнаралық байланыс: орыс тілі.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі:
Оқушылармен амандасу.
Кезекшінің мәліметі.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
ІІІ. Жаңа сабақ.
Мазмұндама жазу.
Табиғат –халық қазынасы. Сондықтан біз оның байлығын пайдалана отрып, қорғай білуіміз қажет. Табиғатты қорғау-қазіргі кездегі өткір мәселелердің бірі. Ол-еліміздің болашағы, халықтың байлығы.
Туған жер табиғаты-халқымыздың ұлттық мақтанышы. Сондықтан оны аялап қорғауға үлес қосу –біздің азаматтық борышымыз. «Адамдардың табиғатсыз күні жоқ, табиғаттың оны айтар тілі жоқ» деп ақын жарлағандай, адам да-табиғаттың баласы.
VI. Бекіту бөлімі.
Ү. Үйге тапсырма.
Өткен тақырыптарды қайталау.
ҮІ. Бағалау бөлімі.
Оқушылардың дәптерлерін жинап, бағалау.
ҮІІ. Сабақты қорытындылау.
ҮІІІ. Күтілетін нәтиже. Таза, сауатты жазу, өз ойларын тиянақты жеткізе алу.
Сынып: 6
Сабақтың тақырыбы: Аңшылықтың түрлері. Сын есімнің шырайлары.
Сабақтың мақсаты: А) Оқушыларды сын есімнің шырайларымен таныстыру, оны ажырата алуға үйрету.
Ә) Ой-өрісін дамыту, тілін дамыту , сөздік қорын байыту , ауызекі сөйлеу дағдысын қалыптастыру.
Б) Аңдарды қорғауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ.
Сабақтың әдісі: сұрақ- жауап, баяндау, түсіндіру.
Сабақтың көрнекілігі: оқулық, тақта, кесте.
Пәнаралық байланыс: орыс тілі , тарих.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі:
1. Оқушылармен амандасу.
2. Кезекшінің мәліметі.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
Ережені қайталап келу.
ІІІ. Дәптермен жұмыс.
Күннің жадын және сабақтың тақырыбын жазу.
ІҮ. Жаңа сабақ.
1.Грамматикалық тақырыпты түсіндіру.
Сын есімнің шырайлары туралы түсінік беру.
Заттың сыны мен сапасының әр түрлі дәрежелік сипатын білдіретін белгілер шырайлар деп аталады.
Сын есімнің шырайлары үш түрге бөлінеді.
Жай шырай әдемі.
Салыстырмалы шырай –лау, -леу, -дау, -деу,- тау, -теу, -ырақ, -ірек, -раұ, -рек.
Күшейтпелі шырай
1.күшейткіш буын арқылы: әп-әдемі.
2.өте, тым, аса, ең, тіпті, сөздері арқылы: өте әдемі, ең биік.
4-тапсырма орындау. Мына сын есімдерден салыстырмалы және күшейтпелі шырай жасаңдар. (кесте бойына жұмыс)
2.Сөздік жұмысы.
Аңшылық-охотоведение
Әуесқойлық-увлечение
Ерекшеліктер-особенности
3.Кесте бойынша жұмыс.
2-тапсырма. Кесте бойынша аңшылық туралы айтып беріңдер.
1-тапсырма. Берілген сөздерден сөз тіркестерін құраңдар.
Кәсіптік, аңдар, өнімдер, тәртіп, ерекшеліктер, әуесқойлық, сапасы, табиғат, байланысты.
Ү. Бекіту бөлімі: Сұрақтар арқылы бекіту.
ҮІ. Үйге тапсырма. Сөздікті жаттап келу , 3-тапсырма 122-бет.
ҮІІ. Бағалау бөлімі: Сабаққа қатысқан оқушыларды бағалау.
ҮІІІ. Сабақты қорытындылау.
ІХ. Күтілетін нәтиже: Сын есімнің шырайларын меңгеру, аңшылықтың түрлері туралы өз ойларын жеткізе алу.
Сынып: 6
Сабақтың тақырыбы: Қызық құс. Жай шырай.
Сабақтың мақсаты: А) Оқушыларды сын есімнің жай шырайымен таныстыру, оны ажырата алуға үйрету.
Ә) Ой-өрісін дамыту, тілін дамыту, сөздік қорын байыту, ауызекі сөйлеу дағдысын қалыптастыру.
Б) Табиғаттағы жануарларды, құстарды қорғауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ.
Сабақтың әдісі: сұрақ- жауап, баяндау, түсіндіру.
Сабақтың көрнекілігі: оқулық, тақта, кесте.
Пәнаралық байланыс: орыс тілі, биология.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі:
1. Оқушылармен амандасу.
2. Кезекшінің мәліметі.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
Сөздікті жаттап келу, 3-тапсырма 122-бет.
ІІІ. Дәптермен жұмыс.
Күннің жадын және сабақтың тақырыбын жазу.
ІҮ. Жаңа сабақ.
1.Грамматикалық тақырыптарды түсіндіру.
Жай шырай –әдемі, ұзын, биік, аласа, сұлу.
2.Сөздік жұмысы.
Кекілік-куропатка
Өсімтал-быстро размножающиеся
Жұмбақ-загадка
Зерттеуші-исследователь
Балапан-птенец
Жеке-жеке –отдельно
1-тапсырма. Мәтінді оқып, мазмұнын айтыңдар. Сын есімдерді теріп жазу.
2-тапсырма. Сөйлемдегі сын есімдерден салыстырмалы шырай формасын жасаңдар.
Біздің ауылдың жері өте үлкен.
Қорғалжын ауданында үлкен, кіші жүз отыз бір көл бар.
Ол көлдер –жер жүзіндегі құстардың ең жақсы, ең жайлы жайлауы.
Үлкен-үлкендеу, кіші-кішілеу, жақсы-жақсылау, жайлы-жайлылау.
Ү. Бекіту бөлімі: Сұрақтар арқылы бекіту.
ҮІ. Үйге тапсырма. Сөздікті жаттап келу, 1-тапсырма мәтіннің мазмұнын айту.
ҮІІ. Бағалау бөлімі: Сабаққа қатысқан оқушыларды бағалау.
ҮІІІ. Сабақты қорытындылау.
ІХ. Күтілетін нәтиже: Сын есімнің жай шырайын меңгеру, мәтіннің мазмұнын өз сөзімен жеткізе алу.
Сынып: 6
Сабақтың тақырыбы: Құстарды күту. Салыстырмалы шырай.
Сабақтың мақсаты: А) Салыстырмалы шырайдың жұрнақтарымен таныстыру, оны ажырата алуға үйрету.
Ә) Ой-өрісін дамыту, тілін дамыту, сөздік қорын байыту, ауызекі сөйлеу дағдысын қалыптастыру.
Б) Құстарды қорғауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ.
Сабақтың әдісі: баяндау, сұрақ- жауап.
Сабақтың көрнекілігі: оқулық, тақта, кесте.
Пәнаралық байланыс: орыс тілі, биология.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі:
1. Оқушылармен амандасу.
2. Кезекшінің мәліметі.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
Сөздікті жаттап келу, 1-тапсырма мәтіннің мазмұнын айту.
ІІІ. Дәптермен жұмыс.
Күннің жадын және сабақтың тақырыбын жазу.
ІҮ. Жаңа сабақ.
1.Грамматикалық тақырыптарды түсіндіру.
Салыстырмалы шырайдың жұрнақтары: -лау, -леу, -дау, -деу, -тау, -теу.
-ырақ, -рақ, -ірек, -рек.
Мысалы; үлкендеу, әдемілеу, кішірек, үлкенірек.
2. Сөздік жұмысы.
Зиянды-вредные
Шаруашылық-сельское хозяйство
Құрт-құмырсқаларды-насекомые
3.Мәтінмен жұмыс.
3-тапсырма. Мәтінд оқып шығу, мәтіндегі қарамен жазылған сөздерді үлгі бойынша сөз құрамына талдау.
Үлгі: құстардың-тар-к.ж., -дың-і. с.
Шаруашылыққа-шы.з. е. жұрнағы, -қа-б. с.
Құрт-құмырсқаларды-к. ж., -ды-т. с.
Алғашқы-сын есім, жай шырай.
Ағаштардың-тар-к.ж., -дың-і. с.
4-тапсырма. Көп нүктенің орнына тиісті шырай жұрнақтарын қойыңдар.
Жылқы сиырдан күштірек.
Қасқыр түлкіден үлкенірек.
Бүгін кешегіден жылырақ.
Қоян түлкіден қорқақтау.
Ү. Бекіту бөлімі: Сұрақтар арқылы бекіту.
ҮІ. Үйге тапсырма. Берілген сын есімдерден салыстырмалы және күшейтпелі шырай жасаңдар.
Үлкен, кіші, қысқа, сары, семіз.
ҮІІ. Бағалау бөлімі: Сабаққа қатысқан оқушыларды бағалау.
ҮІІІ. Сабақты қорытындылау.
ІХ. Күтілетін нәтиже: Сын есімнің салыстырмалы шырайын меңгеру, мәтіннің мазмұнын өз сөзімен жеткізе алу, берілген тапсырмаларды орындай алу.
Сынып: 6
Сабақтың тақырыбы: Ертегі айтайық. Күшейтпелі шырай.
Сабақтың мақсаты: А) Күшейтпелі шырайдың жұрнақтарымен таныстыру, оны ажырата алуға үйрету.
Ә) Ой-өрісін дамыту, тілін дамыту, сөздік қорын байыту, ауызекі сөйлеу дағдысын қалыптастыру.
Б) Ұқыптылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ.
Сабақтың әдісі: баяндау, сұрақ- жауап.
Сабақтың көрнекілігі: оқулық, тақта, кесте.
Пәнаралық байланыс: орыс тілі, биология.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі:
1. Оқушылармен амандасу.
2. Кезекшінің мәліметі.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
Берілген сын есімдерден салыстырмалы және күшейтпелі шырай жасаңдар.
Үлкен, кіші, қысқа, сары, семіз.
ІІІ. Дәптермен жұмыс.
Күннің жадын және сабақтың тақырыбын жазу.
ІҮ. Жаңа сабақ.
1.Грамматикалық тақырыптарды түсіндіру.
Күшейтпелі шырай күшейткіш буын арқылы жасалады.
Әп-әдемі, тап-тар, жіп-жіңішке, қып-қызыл, сап-сары.
2.Сөздік жұмысы.
Однажды-бір күні разорвал-дал-дұлын шығарды
Подружились-достасты позавтракать-ертеңгі асты ішу
Поделить-бөлу пообедать-түскі асты ішу
Добыча-олжа понравился-ұнау
Царь-патша улыбнулся-жымиды
3.Ертегіні рөлге бөліп, қазақ тіліне аударыңдар.
2-тапсырма. Диалог бойынша өзара сөйлесіңдер.
Диалог бойынша берілген жаңа сөздермен жұмыс.
Бұқа-бык
Мүйіз-рог
Көп тармақты-ветвистые
3-тапсырма. Сабақта өтілген жаңа сөздерді дәптерлеріңе жазып алып, қазақ тіліне тән дыбыстардың астын сызыңдар.
Ү. Бекіту бөлімі: Сұрақтар арқылы бекіту.
ҮІ. Үйге тапсырма. Ережені жаттау, диалог бойынша сөйлесу.
ҮІІ. Бағалау бөлімі: Сабаққа қатысқан оқушыларды бағалау.
ҮІІІ. Сабақты қорытындылау.
ІХ. Күтілетін нәтиже: Берілген ертегіні қазақ тіліне аудара алу, жаңа сөздерді есте сақтау.
Сынып: 6
Сабақтың тақырыбы: Кит-алып.
Сабақтың мақсаты: А) Сын есімнің жұрнақтарын қайталау. Кит-алып мәтінімен таныстыру, жаңа сөздерді меңгерту.
Ә) Ой-өрісін дамыту, тілін дамыту, сөздік қорын байыту, ауызекі сөйлеу дағдысын қалыптастыру.
Б) Табиғатты қорғауға тәрбиелеу, әсіресе сиреп бара жатқан жануарларды қорғауға алу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ.
Сабақтың әдісі: баяндау, сұрақ- жауап.
Сабақтың көрнекілігі: оқулық, тақта, кесте.
Пәнаралық байланыс: орыс тілі, биология.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі:
1. Оқушылармен амандасу.
2. Кезекшінің мәліметі.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
Ережені жаттау, диалог бойынша сөйлесу.
ІІІ. Дәптермен жұмыс.
Күннің жадын және сабақтың тақырыбын жазу.
ІҮ. Жаңа сабақ.
1.Грамматикалық тақырыптарды қайталау.
-Сын есімнің шырайлары нешеге бөлінеді?
-Жай шырайға мысал келтіріңдер.
-Күшейтпелі шырай мен асырмалы шырайдың айырмашылығы қандай?
-Салыстырмалы шырайдың жұрнақтарын атап беріңдер?
-Шырайдың әр түріне мысал келтір.
2.Сөздік жұмысы.
Ұсталды-был пойман
Ұзындығы-длина
Салмағы-вес
Ірі-крупный
3.Жұптық жұмыс.
1-тапсырма. Мәтінмен таныстыру, мәтін бойынша сұрақтар құрастыру, жауап беру. Өзара диктант жүргізу. Екі оқушы төмендегі мәтінді біріне-бір жатқа жаздырып, өздері жазған мәтіннің дұрыстығын тексереді.
Мәтін бойынша сұрақтар құрастыру, жауап беру.
2-тапсырма. Үлгі бойынша сөздерді аударып, сын есімнің шырайларын жасаңдар.
Большой-үлкен-үлкендеу-өте үлкен.
Длинный-ұзын-ұзындау-ең ұзын.
Синий-көк-көкпеңбек.
Высокий-биік-биіктеу-өте биік.
Ү. Бекіту бөлімі: Сұрақтар арқылы бекіту.
ҮІ. Үйге тапсырма. Ережені қайталап келу, 1-тапсырма 125-бет.
ҮІІ. Бағалау бөлімі: Сабаққа қатысқан оқушыларды бағалау.
ҮІІІ. Сабақты қорытындылау.
ІХ. Күтілетін нәтиже: Кит туралы өз ойларын жеткізе алу, сын есімнің шырайларын меңгерту.
Сынып: 6.
Сабақтың тақырыбы: Нәтиже сабақ. Жабайы аңдар. Сын есімді қайталау.
Сабақтың мақсаты: А) Өткен материалды қайталау, оқушылардың алған білімдерін тексеру , тиянақтау, жүйеге келтіру.
Ә) Оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту, сөздік қорын байыту, тілін дамыту, өз ойларын айта білу, сөйлем құрастыра алу.
В) Табиғаттағы жануарларды қорғай білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: нәтиже сабақ, тест.
Сабақтың әдісі: баяндау, сұрақ жауап.
Сабақтың көрнекілігі: тақта, оқулық.
Пәнаралық байланыс: орыс тілі.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі:
-Оқушылармен амандасу. – Кезекшінің мәліметі.
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.
Үйден ережені қайталап келу.
Сабақтың мақсатын, барысын айту.
ІІІ. Дәптермен жұмыс.
Күннің жадын және сабақтың тақырыбын жазу.
ІҮ. Нәтиже сабақ орындау.
І. Тест сұрақтарына жауап беру.
1. Кестені толтырыңдар.
Сын есімнің шырайлары.
2.–лау, -леу, -дау, -деу, -тау, -теу –қандай шырайдың жұрнақтары?
А) жай
Ә) салыстырмалы
Б) күшейтпелі
3.Аңшылықтың түрлерін атаңдар.
4.Сөздердің аудармаларын табыңдар.
1. аңшы а) птицы
2. құстар ә) зверь
3. аң б) охотник
ІІ. Бақылау сұрақтарына жауап беріңдер.
1.Сын есімнің шырайларына сипаттама беріңдер.
2.Жабайы аңдарды атаңдар.
3.Аңшылық деген не?
Ү. Бекіту бөлімі. Сұрақтар арқылы бекіту.
ҮІ. Үйге тапсырма. Өткен тақырыпты қавйталау.
ҮІІ. Бағалау бөлімі. Сабаққа қатысқан оқушыларды бағалау.
ҮІІІ. Сабақты қорытындылау.
ІХ. Күтілетін нәтиже. Сын есімнің шырайларын ажырата алу, жабайы аңдардың атауларын айта білу, оларды сипаттай алу.
Сынып: 6
Сабақтың тақырыбы: Түліктің пайдасы. Етістік.
Сабақтың мақсаты: А) Етістік туралы түсінік беру, түліктің пайдасы мәтінімен таныстыру арқылы жаңа сөздерді меңгерту.
Ә) Ой-өрісін дамыту, тілін дамыту, сөздік қорын байыту, ауызекі сөйлеу дағдысын қалыптастыру.
Б) Үй жануарларын қорғай білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ.
Сабақтың әдісі: баяндау, сұрақ- жауап.
Сабақтың көрнекілігі: оқулық, тақта, кесте.
Пәнаралық байланыс: орыс тілі.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі:
1. Оқушылармен амандасу.
2. Кезекшінің мәліметі.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
Ережені қайталап келу.
ІІІ. Дәптермен жұмыс.
Күннің жадын және сабақтың тақырыбын жазу.
ІҮ. Жаңа сабақ.
1.Грамматикалық тақырыптарты түсіндіру. (Кесте бойынша)
Қимылды, іс-әрекетті, жай-күйді білдіретін сөз табы-етістік.
Сұрағы-не істеді?
І. Етістік тұлғасына қарай екі түрге бөлінеді: негізгі, туынды.
Негізгі ал, бар, кел, жаз.
Туынды баста, аяқта, тісте, тазала.
Туынды етістіктің жұрнақтары: -ла, -ле, да, -де, -та, -те.
-лас, -лес, -дас, -дес, -тас, тес.
2. Етістікке байланысты тапсырмалар орындау.
4-тапсырма. Берілген сөздерді екі бағанға бөліп жазу.
3. Сөздік жұмысы.
Мырзалық-щедрость
Жеңілдік-легкость
Тайлақ-двухгодовалый верблюжонок
Сәндік-изящество
Ақтық-изобилие
Серке-козел
1-тапсырма. Төменде берілген сөйлемді қалай түсінесіңдер? Әрқайсысына мысал келтір.
Түйе-байлық.
Қой-мырзалық.
Ешкі-жеңілдік.
Жылқы-сәндік.
Сиыр-ақтық.
3-тапсырма. Көп нүктенің орнына тиісті әріптерді қойып, көшіріп жазу.
Ү. Бекіту бөлімі: Сұрақтар арқылы бекіту.
ҮІ. Үйге тапсырма. Ережені жаттап келу.
2-тапсырма 127-бет жаңылтпаштарды жаттап келу.
ҮІІ. Бағалау бөлімі: Сабаққа қатысқан оқушыларды бағалау.
ҮІІІ. Сабақты қорытындылау.
ІХ. Күтілетін нәтиже: Етістікті меңгеру, түрлерін ажырата алу. Төрт түлік мал туралы өз ойларын жеткізе алу.
Сынып: 6
Сабақтың тақырыбы: Жылқы. Дара және күрделі етістік.
Сабақтың мақсаты: А) Дара және күрделі етістік туралы түсінік беру, берілген мәтінімен таныстыру арқылы жаңа сөздерді меңгерту.
Ә) Ой-өрісін дамыту, тілін дамыту, сөздік қорын байыту, ауызекі сөйлеу дағдысын қалыптастыру.
Б) Үй жануарларын қорғай білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ.
Сабақтың әдісі: баяндау, сұрақ- жауап.
Сабақтың көрнекілігі: оқулық, тақта, төрт түлік малдың суреті.
Пәнаралық байланыс: орыс тілі.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі:
1. Оқушылармен амандасу.
2. Кезекшінің мәліметі.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
Ережені жаттап келу.
2-тапсырма 127-бет жаңылтпаштарды жаттап келу.
ІІІ. Дәптермен жұмыс.
Күннің жадын және сабақтың тақырыбын жазу.
ІҮ. Жаңа сабақ.
1.Грамматикалық тақырыптарты түсіндіру.
Құрамына қарай етістік екі түрге бөлінеді: дара, күрделі.
Дара етістік бір сөзден тұрады.
Мысалы: айтты, келді, жазды.
Күрделі етістік екі немесе бірнеше сөзден тұрады.
Мысалы: жазып отыр, айтып бере алмады.
2.Тапсырмалар орындау.
Берілген мәтін ішінен дара, күрделі етістікті теріп жазыңдар.
3.Мәтін бойынша жұмыс.
5-тапсырма. Мәтінді түсініп оқып, қарамен жазылған сөздерді теріп жазу, төмендегі үлгі бойынша тұйық етістік формасына айналдыру.
Үлгі: шыққан-шығу, жоламайды-жоламау , ішпейді-ішпеу, жейді-жеу, ішеді-ушу.
Ү. Бекіту бөлімі: Сұрақтар арқылы бекіту.
ҮІ. Үйге тапсырма. Ережені жаттап келу, мысалдар жазып келу.
ҮІІ. Бағалау бөлімі: Сабаққа қатысқан оқушыларды бағалау.
ҮІІІ. Сабақты қорытындылау.
ІХ. Күтілетін нәтиже: Етістіктің дара мен күрделі түрлерін меңгеру, ажырата алу. Төрт түлік мал туралы өз ойларын жеткізе алу, берілген тапсырмаларды орындау.
Сынып: 6
Сабақтың тақырыбы: Менің күшігім. Негізгі және туынды етістік.
Сабақтың мақсаты: А) Негізгі және туынды етістік туралы түсінік беру, берілген өлеңмен таныстыру арқылы жаңа сөздерді меңгерту.
Ә) Оқушылардың тілін дамыту, сөздік қорын байыту, ауызекі сөйлеу дағдысын қалыптастыру.
Б) Үй жануарларын қорғай білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ.
Сабақтың әдісі: баяндау, сұрақ- жауап, мәнерлеп оқу.
Сабақтың көрнекілігі: оқулық, тақта, күшіктің суреті.
Пәнаралық байланыс: орыс тілі.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі:
1. Оқушылармен амандасу.
2. Кезекшінің мәліметі.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
Ережені жаттап келу, мысалдар жазып келу.
ІІІ. Дәптермен жұмыс.
Күннің жадын және сабақтың тақырыбын жазу.
ІҮ. Жаңа сабақ.
1.Грамматикалық тақырыптарты түсіндіру.
Тұлғасына қарай етістік екі түрге бөлінеді:
1.Негізгі етістік оқы, жаз, айт, бар.
2.Туынды етістік аяқта, баста, достас, тұзда, татулас.
2.Сөздік жұмысы.
Тентек-озорной, шаловливый
Секектемей-не прыгая
Құлақ-ухо
Ұзап-далеко
Бөрі-волк
Аңсызда-нечаянно
3. Өлеңмен таныстыру. Өлеңді мәнерлеп оқып шығу , мағынасын ашу.
3-тапсырма. Мәтінді түсініп оқу. Осы мәтін бойынша өздеріңнің үй жануарларың (мысық, ит) туралы әңгіме жазу.
4. Тапсырмалар орындау. (Негізгі мен туынды етістікке байланысты)
Ү. Бекіту бөлімі: Сұрақтар арқылы бекіту.
ҮІ. Үйге тапсырма. Өлеңді жаттап келу 129-бет бойынша.
2-тапсырма сөзжұмбақты шешу.
ҮІІ. Бағалау бөлімі: Сабаққа қатысқан оқушыларды бағалау.
ҮІІІ. Сабақты қорытындылау.
ІХ. Күтілетін нәтиже: Етістіктің негізгі мен туынды түрлерін меңгеру, ажырата алу. Өздерінің үй жануарлары туралы өз ойларын жеткізе алу, берілген тапсырмаларды орындау.
Сынып: 6
Сабақтың тақырыбы: Үй жануарлары. Болымды және болымсыз етістік.
Сабақтың мақсаты: А) Болымды және болымсыз етістік туралы түсінік беру, үй жануарлары тақырыбымен таныстыру арқылы жаңа сөздерді меңгерту.
Ә) Оқушылардың тілін дамыту, сөздік қорын байыту, ауызекі сөйлеу дағдысын қалыптастыру.
Б) Үй жануарларын қорғай білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ.
Сабақтың әдісі: баяндау, сұрақ- жауап, мәтінмен жұмыс.
Сабақтың көрнекілігі: оқулық, тақта, үй жануарлар суреті.
Достарыңызбен бөлісу: