Сабақтың тақырыбы: Өткенді қайталау. Диктант «Алтын адам»


Сабаққа қатысқан оқушыларды бағалау



бет7/14
Дата01.12.2016
өлшемі2,23 Mb.
#2935
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   14

Сабаққа қатысқан оқушыларды бағалау.

ҮІІІ. Сабақты қорытындылау.

ІХ. Күтілетін нәтиже: Сұрақтарға жауап бере алу.

Сынып: 6

Сабақтың тақырыбы: Тоқсандық қайталау. Тест.

Сабақтың мақсаты: А) Алған білімдерін пысықтау, ой-өрісін кеңейту.

Ә) Оқушылардың тілдерін дамыту, сөздік қорларын байыту, ауызекі сөйлеу қабілеттерін арттыру.

Б) Ұқыптылыққа, сыйластыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: қайталау сабағы, тест.

Сабақтың әдісі: баяндау, сұрақ- жауап.

Сабақтың көрнекілігі: сұрақтар, тест.

Пәнаралық байланыс: орыс тілі, география.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі:

1. Оқушылармен амандасу.

2. Кезекшінің мәліметі.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

Тақырыптарды қайталап келу.

ІІІ. Дәптермен жұмыс.

Күннің жадын және сабақтың тақырыбын жазу.

ІҮ. Қайталау сабағы.

1.Сұрақтарға жауап беру. (Топ бойынша жұмыс.)

І топ.

1.Қазақстан Республикасы қайда орналасқан мемлекет?

2. Қазақстанның жері қандай?

3.Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев қашан сайланды?

4. «Отан» өлеңін кім жазған?

5. Елтаңбаның авторлары кім?

6. Таулы жері қанша пайыз?

7. Республика жері батыстан шығысқа қарай неше шақырымға созылған?

8. Оңтүстік шығыс және шығыста қандай Республикамен шектеседі?

9. Қазақстанда қанша ұлт өкілдері тұрады?

10. Қазақстан республика маңызы бар неше қаладан тұрады?

ІІ топ.

1.Қазақстан жерінде нелер бар?

2. Қазақстан қандай республика?

3. Қазақстан жерінің қанша пайызы өзен, көл, теңіз?

4. Мақалды аяқтаңдар. Ел іші- ....

5. Әнұранның авторлары кімдер?

6. Ұлттық валютасы?

7. Әкімшілігі жағынан неше облыстан тұрады?

8. Оңтүстік және оңтүстік батысындағы шекараларымызды атап беріңдер.

9. Солтүстіктен оңтүстікке қарай неше километрге созылған?

10. Қазақстанда қанша халық бар?

2.Тест сұрақтарына жауап беру. (әр оқушыға тест сұрақтарын үйлестіріп беру).

Ү. Бекіту бөлімі:

ҮІ. Үйге тапсырма.

Қайталау.

ҮІІ. Бағалау бөлімі:

Дәптерлерін жинап, бағалау.

ҮІІІ. Сабақты қорытындылау.

ІХ. Күтілетін нәтиже: Берілген тапсырмаларды орындай алу, сұрақтарға жауап бере алу.

Сынып: 6

Сабақтың тақырыбы: Қыс. Зат есім.

Сабақтың мақсаты: А) Зат есім туралы түсінік беру, түрлерін ажырата алу. Оқушыларды мәтінмен таныстыру, білімін толтыра, жаңа білім алу, мәнерлеп оқуға төселдіру.

Ә) Оқушылардың ой-өрісін дамыту, ауызекі сөйлеу дағдысын қалыптастыру, сөздік қорын молайту.

Б) Табиғатқа деген сүйіспеншіліктерін арттыру.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ.

Сабақтың әдісі: баяндау, сұрақ- жауап, сөйлеу, топпен жұмыс.

Сабақтың көрнекілігі: оқулық, тақта, қыс мезгілінің суреті, кесте.

Пәнаралық байланыс: орыс тілі, дүниетану, қазақ әдебиеті.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі:

1. Оқушылармен амандасу.

2. Кезекшінің мәліметі.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

Өткен тақырыптарды қайталап келу.

ІІІ. Дәптермен жұмыс.

Күннің жадын және сабақтың тақырыбын жазу.

ІҮ. Жаңа сабақ.

1.Грамматикалық тақырыпты түсіндіру.

Заттың атын білдіріп, кім? не? деген сұрақтарға жапуавп беретін сөздер зат есім деп аталады.

Кім? (Кто?) –әже, оқушы.

НЕ? (Что?) - қала, тиін, сиыр, үйрек.

Жалпы зат есім (Имя нарицательное) –дала, адам, атамекен, мал, құс.

Жалқы есім (Имя собственное) –Астана, «Егемен Қазақстан», «Балдырған»

Жекеше түрі – шана, қыс, коньки.

Көпше түрі – шаналар,и құлақшындар, конькелер.

2.Сөздік жұмысы.

Қыстыгүні-зимой бейнелеу-описывать

Жиі-жиі-часто сырғанау-кататься

Аяз-мороз жайнау-расцветать

1-тапсырма. Мәтінді түсініп оқу, мәтін бойынша сұрақтар құрастыру, мәтіннен кім? не? сұрақтарына жауап беретін сөздерді екі бағанаға бөліп жазу, мазмұнын әңгімелеу.

2-тапсырма. Сөздерді мағыналарымен жұптастырып, сөйлемдер құру.

Төрт мезгілге бөлінеді, желтоқсан айы, ең қысқа күні, жиі-жиі қар жауады, ақ мамыққа оранады, жылы киінеді, мұз қалыңдайды, Жаңа жылды қарсы аламыз.

3-тапсырма. Сызба бойынша қыс туралы әңгімелеу.

күндер түндер

айлар ҚЫС ауа райы

қысқы демалыс қысқы ойындар

мерекелер табиғат

Ү. Бекіту бөлімі:

ҮІ. Үйге тапсырма.

Ережені жаттап келу, 1-тапсырма бойынша сұрақтар құрастырып келу.

ҮІІ. Бағалау бөлімі:

Оқушылардың білімін бағалау.

ҮІІІ. Сабақты қорытындылау.

ІХ. Күтілетін нәтиже: Зат есімді және оның түрлерін меңгеру, ажырата алу.

Сынып: 6

Сабақтың тақырыбы: Желтоқсан. Жалпы, жалқы есім.

Сабақтың мақсаты: А) Зат есімнің жалпы және жалқы түрлері туралы түсінік беру, түрлерін ажырата алу. Оқушыларды мәтінмен таныстыру, білімін толтыра, жаңа білім алу, сөздерді меңгерту.

Ә) Оқушылардың ой-өрісін дамыту, ауызекі сөйлеу дағдысын қалыптастыру, сөздік қорын молайту.

Б) Табиғатқа деген сүйіспеншіліктерін арттыру.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ.

Сабақтың әдісі: баяндау, сұрақ- жауап, сөйлеу, топпен жұмыс.

Сабақтың көрнекілігі: оқулық, тақта, қыс мезгілінің суреті, кесте.

Пәнаралық байланыс: орыс тілі, дүниетану, қазақ әдебиеті.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі:

1. Оқушылармен амандасу.

2. Кезекшінің мәліметі.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

Ережені жаттап келу, 1-тапсырма бойынша сұрақтар құрастырып келу

ІІІ. Дәптермен жұмыс.

Күннің жадын және сабақтың тақырыбын жазу.

ІҮ. Жаңа сабақ.

1.Грамматикалық тақырыпты түсіндіру.

Жалпы есім (имя нарицательное) –дала, адам, атамекен, мал, құс.

Жалқы есім (имя собственное) –Астана, «Егемен Қазақстан», «Балдырған».

2.Сөздік жұмысы.

Суиды-холодает

Қар лақтырып ойнайды-играют в снежки

Ақ қар басады-покрывает снегом

3.Тапсырмалар орындау.

1-тапсырма. Мәтіннің мазмұнын айту. (Мәтінді оқып шығу, аудару, сұрақтар құрастыру, мәтіннен зат есімдерді теріп жазу)

Кім? Кімдер? Не? Нелер?

Абай атамыз қар

балалар қараша

желтоқсан

ай

күн

жел

түн

5-тапсырма. Сөйлемдерді аударып жазу.

Қыс. Желтоқсан, қаңтар, ақпан –қыстың айлары. Қыста күндер қысқы, түндер ұзақ болады. Күндер суық, аязды. Ағаштар мен үйлер ақ қарға оранады. Өзендер мен көлдерде су қатады. Балалар коньки теуіп, шаңғымен сырғанайды.

Ү. Бекіту бөлімі:

-Жер бетін не басады?

-Қыстың басы қай ай?

-«Қараша, желтоқсан мен сол бір екі ай. Қыстың басы-бірі ерте, біреуі жай» деп кім айтқан?

-Желтоқсан айында балалар не істейді?

-Күн мен түн қандай болады?

ҮІ. Үйге тапсырма.

Берілген сөздерге морфологиялық талдау жасап келу.

ҮІІ. Бағалау бөлімі:

Оқушылардың білімін бағалау.

ҮІІІ. Сабақты қорытындылау.

ІХ. Күтілетін нәтиже: Зат есімнің жалпы мен жалқы түрлерін меңгеру, ажырата алу.

Мәтіннің мазмұнын айта алу, қойылған сұрақтарға жауап беру.

Сынып: 6

Сабақтың тақырыбы: Қаңтар. Деректі, дерексіз зат есім.

Сабақтың мақсаты: А) Зат есімнің деректі және дерексіз түрлері туралы түсінік беру, түрлерін ажырата алу. Оқушыларды мәтінмен таныстыру, білімін толтыра, жаңа білім алу, сөздерді меңгерту.

Ә) Оқушылардың ой-өрісін дамыту, ауызекі сөйлеу дағдысын қалыптастыру, сөздік қорын молайту.

Б) Табиғатқа деген сүйіспеншіліктерін арттыру.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ.

Сабақтың әдісі: баяндау, сұрақ- жауап, сөйлеу.

Сабақтың көрнекілігі: оқулық, тақта, қыс мезгілінің суреті, кесте.

Пәнаралық байланыс: орыс тілі, дүниетану.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі:

1. Оқушылармен амандасу.

2. Кезекшінің мәліметі.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

Берілген сөздерге морфологиялық талдау жасап келу.

ІІІ. Дәптермен жұмыс.

Күннің жадын және сабақтың тақырыбын жазу.

ІҮ. Жаңа сабақ.

1. Грамматикалық тақырыпты түсіндіру.(Деректі және дерексіз зат есім туралы түсінік беру)

2. 1-тапсырма. 103-бет. Мәтінді оқып шығу, сұрақтар құрастыру, түсінгенін өз сөзімен жеткізу.

3. Жаттығулар орындау.

Бір бағанаға деректі зат есімдерді жазу, ал екінші бағанаға дерексіз зат есімдерді жазу.

Дәптер, ой, сезім, кітап, ақыл, ар, сынып, қалам, теледидар, бөлме, махаббат, ауа, аспан, көл, жер, қиял.

2-тапсырма. 104-бет. Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып, жазу.

Жерде қар қалың.

Күн қысқа, түн ұзақ.

Біз бүгін түстен кейін мұз айдынына барамыз, коньки тебеміз.

Мұз айдыны біздің үйден алыс емес.

Жаңа жыл жақындады.

Біз мектепте әсем шырша орнаттық.

Ү. Бекіту бөлімі:

-Қаңтар қандай ай?

-Қаңтардың күні қандай, түні қандай?

-Қаңтар айының 1-і күні еуропаша қандай мейрам болып есептеледі?

-Үйде не орнатылады?

ҮІ. Үйге тапсырма.

103-бет мәтіннің мазмұнын айту.

ҮІІ. Бағалау бөлімі:

Оқушылардың білімін бағалау.

ҮІІІ. Сабақты қорытындылау.

ІХ. Күтілетін нәтиже: Зат есімнің деректі мен дерексіз түрлерін меңгеру, ажырата алу. Мәтіннің мазмұнын айта алу, қойылған сұрақтарға жауап беру.

Сынып: 6

Сабақтың тақырыбы: Ақпан. Деректі, дерексіз зат есім.

Сабақтың мақсаты: А) Зат есімнің деректі және дерексіз түрлерімен әрі қарай танысу. Оқушыларды берілген «Ақпан» өлеңімен таныстыру, мәнерлеп оқуын қадағалау, жаңа сөздерді меңгерту.

Ә) Сөздік қорын дамыту, ой-өрісін дамыту, ауызекі сөйлеу дағдысын қалыптастыру.

Б) Табиғатқа деген сүйіспеншіліктерін арттыру.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ.

Сабақтың әдісі: баяндау, сұрақ- жауап, мәнерлеп оқу.

Сабақтың көрнекілігі: оқулық, тақта.

Пәнаралық байланыс: орыс тілі, дүниетану.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі:

1. Оқушылармен амандасу.

2. Кезекшінің мәліметі.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

103-бет мәтіннің мазмұнын айту.

ІІІ. Дәптермен жұмыс.

Күннің жадын және сабақтың тақырыбын жазу.

ІҮ. Жаңа сабақ.

1. Сөздік жұмысы.

Өлеңнен қиын сөздерді сөздік арқылы аударып шығу.

2.3-тапсырма. Өлеңді мәнерлеп оқып шығу, жаттап алу.

3. Тапсырмалар орындау.

4-тапсырма. Берілген сөздер мен сөз тіркестерінен сөйлемдер құру.

Қаңтар, ақпан, желтоқсан, Жаңа жыл, қар, ызғарлы кез, қатты аяз, сырғанақ тебу, қар жауды, қыста жиі-жиі, дастарқан жаяды.

Ү. Бекіту бөлімі:

-Ақпан жылдың нешінші айы?

-Ақпан айында ауа райы қандай болады?

ҮІ. Үйге тапсырма.

104-бет өлеңді жаттап келу.

ҮІІ. Бағалау бөлімі:

Оқушылардың білімін бағалау.

ҮІІІ. Сабақты қорытындылау.

ІХ. Күтілетін нәтиже: Деректі мен дерексіз зат есімді меңгерту, тапсырмаларды орындай алу.

Сынып: 6

Сабақтың тақырыбы: Ақпан –ақ боран айы. Негізгі, туынды зат есім.

Сабақтың мақсаты: А) Зат есімнің негізгі және туынды түрлерімен оқушыларды таныстыру. Ақпан – ақ боран айы мәтінімен таныстыру, дағдыларын қалыптастыру.

Ә) Сөздік қорын дамыту, ой-өрісін дамыту, ауызекі сөйлеу дағдысын қалыптастыру.

Б) Табиғатты қорғауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ.

Сабақтың әдісі: баяндау, сұрақ- жауап, түсіндіру.

Сабақтың көрнекілігі: оқулық, тақта.

Пәнаралық байланыс: орыс тілі, дүниетану.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі:

1. Оқушылармен амандасу.

2. Кезекшінің мәліметі.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

104-бет өлеңді жаттап келу.

ІІІ. Дәптермен жұмыс.

Күннің жадын және сабақтың тақырыбын жазу.

ІҮ. Жаңа сабақ.

1.Сөздік жұмысы.

Қаһарлы-

Қызыл шұнақ аяз-

Дүлей боран ұлиды-

Құрсауланып-

Қақап тұрғанмен-

Ызғарлы-

2.Грамматикалық тақырыпты түсіндіру.

Зат есімнің негізгі және туынды түрлері туралы түсінік беру.

Негізгі зат есімдер-қала, дала, есіе, қоңырау, кітап, ағаш, доп, ит т.б.

Туынды зат есімдер жұрнақтар қосылу арқылы.

-шы, ші аңшы, оқушы, тәрбиеші, биші, әнші, етікші.

-лық, -лік, -дық, -дік, -тық, -тік бастық, балалық, достық, жастық.

-лас, -лес, -дас, -дес, -тас, -тес. Сыныптас, курстас, жерлес.

3. Мәтінмен жұмыс. Оқулықта берілген мәтінді оқып шығу, аудару, сұрақтар құрастыру, түсінгенін өз сөзімен айту.

4. Жаттығу орындау.

6-тапсырма. 105-бет. Сұрақтарға жауап беру.

  1. Қыста ауа райы қандай? Қыс айларын атаңдар.

  2. Жер бетін не басады?

  3. Адамдар қыстыгүні қандай киім киеді?

  4. Қысты жақсы көресің бе?

  5. Балалар қыста не істейді?

  6. Жаңа жыл мейрамы қай айда болады?

Ү. Бекіту бөлімі:

-Ақпан жылдың нешінші айы?

-Ақпан айында ауа райы қандай болады?

ҮІ. Үйге тапсырма.

Негізгі мен туынды зат есімдерді қолданып, сөйлемдер құрастырып келу.

ҮІІ. Бағалау бөлімі:

Оқушылардың білімін бағалау.

ҮІІІ. Сабақты қорытындылау.

ІХ. Күтілетін нәтиже: Негізгі мен туынды зат есімді меңгерту, сұрақтарға жауап бере алу, мәтіннің мазмұнын айта алу.

Сынып: 6

Сабақтың тақырыбы: Ауа райы. Зат есімнің жекеше, көпше түрі.

Сабақтың мақсаты: А) Оқушыларға зат есімнің жекеше мен көпше түрі туралы түсінік беру. Ауа райы тақырыбымен таныстыру, жаңа сөздерді меңгерту.

Ә) Сөздік қорын дамыту, ой-өрісін дамыту, ауызекі сөйлеу дағдысын қалыптастыру.

Б) Оқушылардың табиғатқа деген сүйіспеншіліктерін арттыру.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ.

Сабақтың әдісі: баяндау, сұрақ- жауап, түсіндіру.

Сабақтың көрнекілігі: оқулық, тақта, қысқы суреттер.

Пәнаралық байланыс: орыс тілі, дүниетану.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі:

1. Оқушылармен амандасу.

2. Кезекшінің мәліметі.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

Негізгі мен туынды зат есімдерді қолданып, сөйлемдер құрастырып келу.

ІІІ. Дәптермен жұмыс.

Күннің жадын және сабақтың тақырыбын жазу.

ІҮ. Жаңа сабақ.

1. Сөздік жұмысы.

Күн ашық-ясный день

Тоңу-мерзнуть, замерзать, зябнуть

Тызылдап кетті-щиплет

Мұрнымның ұшы-кончик носа

Шыңығу-закаляться

Аязды-морозный

2.Грамматикалық тақырып.

Жекеше түрі (ед.ч.) –шана, коньки, қыс, бала.

Көпше түрі (мн. ч.) – шаналар, балалар, қыздар.

1-тапсырма. Диалогті оқып, жаттығыңдар. Өз диалогтеріңді құраңдар.

2-тапсырма. Ауа райы туралы берілген болжамды оқыңдар. Осы үлгі бойынша ертеңгі ауа райы туралы болжам жасаңдар. Сөйлемнен жалпы, жалқы есімдерді табыңдар.

3-тапсырма. Бір-біріңмен өзара сөйлесіңдер.

6-тапсырма. «Қыс-тамаша мезгіл» деген тақырыпқа әңгіме құраңдар.

  1. Қыс-жылдың ең тамаша мезгілі.

  2. Мен қыс мезгілін өте жақсы әсермен қарсы аламын.

  3. Қыста әсем қаламыз Астанада мұз қалашықтар бой түзейді.

  4. Қарағай мен қайың ақ кимешек киіп алған сықылды.

  5. Желтоқсан өтіп, қаңтар келгенде ұзақ түндер басталады.

  6. Қыста мұздар қатады, шанамен, конькимен сырғанаймыз.

  7. Қыста менің туған күнім болады.

  8. Маған қыс ұнайды.

Ү. Бекіту бөлімі: Сұрақтар арқылы бекіту.

ҮІ. Үйге тапсырма.

5-тапсырма 107-бет. Мақал-мәтелдерді аударып, жаттап алыңдар. Қарамен жазылған сөздерге морфологиялық талдау жасаңдар.

ҮІІ. Бағалау бөлімі:

Оқушылардың білімін бағалау.

ҮІІІ. Сабақты қорытындылау.

ІХ. Күтілетін нәтиже: Зат есімнің жекеше мен көпше түрін меңгерту, берілген тапсырмаларды орындай алу.

Сынып: 6

Сабақтың тақырыбы: «Қыс». Шағын шығарма.

Сабақтың мақсаты: А) Оқушылардың алған білімдерін пысықтау, ой-өрісін кеңейту, сауатты жазуға дағдыландыру.

Ә) Оқушылардың тілін дамыту, сөздік қорын байыту. Ауызекі сөйлеу тілін жетілдіру.

Б) Қыс мезгіліне сүйіспеншіліктерін арттыру.

Сабақтың түрі: шығарма.

Сабақтың әдісі: баяндау.

Сабақтың көрнекілігі: тақта.

Пәнаралық байланыс: орыс тілі.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі:

Оқушылармен амандасу.

Кезекшінің мәліметі.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

ІІІ. Жаңа сабақ.

Шығарма жазу кезеңі. Қыс туралы білгендерін өз сөзімен жеткізеді. (Оқулықтағы 4-тапсырмаға сүйеніп жаздыртуға болады)

VI. Бекіту бөлімі.

Ү. Үйге тапсырма.

Зат есімді қайталау.

ҮІ. Бағалау бөлімі.

Оқушылардың дәптерлерін жинап, бағалау.

ҮІІ. Сабақты қорытындылау.

ҮІІІ. Күтілетін нәтиже.

Сауатты, таза жаза алу.

Сынып: 6

Сабақтың тақырыбы: Қыс келбеті. Зат есімнің жекеше, көпше түрі.

Сабақтың мақсаты: А) Оқушыларға зат есімнің жекеше мен көпше түрі туралы әрі қарай түсінік беру. Қыс келбеті тақырыбымен таныстыру, жаңа сөздерді меңгерту.

Ә) Сөздік қорын дамыту, ой-өрісін дамыту, ауызекі сөйлеу дағдысын қалыптастыру.

Б) Оқушылардың табиғатқа деген сүйіспеншіліктерін арттыру.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ.

Сабақтың әдісі: баяндау, сұрақ- жауап, түсіндіру, топпен жұмыс, деңгейлік тапсырмалар.

Сабақтың көрнекілігі: оқулық, тақта, қысқы суреттер.

Пәнаралық байланыс: орыс тілі, дүниетану.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі:

1. Оқушылармен амандасу.

2. Кезекшінің мәліметі.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

Зат есімді қайталап келу.

ІІІ. Дәптермен жұмыс.

Күннің жадын және сабақтың тақырыбын жазу.

ІҮ. Жаңа сабақ.

1.Сөздік жұмысы.

Қатайды-усилился

Қалыңдай түседі-густеет

Жабайы үйректер-дикие утки

Қыстайды-зимуют

2. Тапсырмалар орындау.

1-тапсырма. Берілген әр сөйлемге бірнеше сұрақ қойыңдар.

2-тапсырма. Суреттер бойынша әңгіме жазыңдар. Топ бойынша жұмыс жүргізу.

3-тапсырмиа. Берілген сөздер мен сөз тіркестерін бір-бірімен жұптастырып, сөйлемдер құру.

Ақша қар жауып тұр.

Мөлдір көк аспан жайнайды.

Қара жер қардан көрпе жамылды.

Бір топ бала шаңғымен сырғанайды.

Аяз терезеге ою-өрнек салды.

Далада боран соғып тұр.

4-тапсырма. Деңгейлік тапсырмалар орындау.

ІІІ деңгей.

«Қыс» тақырыбы бойынша өтілген сөздерді жатқа жазыңдар.

Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді жазыңдар.

Құрастырылған сөйлемді пайдалана отырып, қыс туралы әңгімелеңдер.

ІІ деңгей.

Төмендегі берілген сөздер мен сөз тіркестерін қазақ тіліне аударыңдар.

Ясный день, мерзнуть, кончик носа, закаляться, морозный, лыжи, санки, шуба, идет снег.

2-тапсырмада берілген сурет бойынша 6 сұрақ құраңдар.

«Қысқы көрініс» тақырыбы бойынша әңгіме құрап, айтып беріңдер.

І деңгей.

«Қысқы демалыс» деген тақырыпқа эссе жазыңдар.

VI. Бекіту бөлімі.

Ү. Үйге тапсырма. Қысқы демалысты қалай өткіздің? деген тақырыпқа әңгіме жазып келу.

ҮІ. Бағалау бөлімі.

Сабаққа қатысқан оқушыларды бағалау.

ҮІІ. Сабақты қорытындылау.

ҮІІІ. Күтілетін нәтиже. Деңгейлік тапсырмаларды орындай алу. Зат есімнің жекеше, көпше түрін меңгерту.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет