Сабақтың тақырыбы: Өткенді қайталау. Диктант «Алтын адам»


Қаланың шетінде «Медеу» спорт кешені орналаксқан



бет5/14
Дата01.12.2016
өлшемі2,23 Mb.
#2935
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14

Қаланың шетінде «Медеу» спорт кешені орналаксқан.

Қаланың шетінде саябақтар бар.

Әсіресе маған 28 панфиловшы-гвардияшылар саябағы ұнайды.

7-тапсырма. Берілген сөздерді қазақ тіліне аударып, мұнда аталғандардың қай жерде орналасқанын айтып беріңдер.

Вокзал-бекет, школ-мектеп, продуктовый магазин-азық-түлік дүкені, поликлиника-аурухана, аптека-дәріхана, остановка-аялдама, почта-пошта, банк—банк, стадион, театр, библиотека-кітапхана, спортивный комплекс-спорт кешені, перед-алды, между-ортасында, среди-арасында, возле-қасында, снаружи-сыртында, около-қасында, внутри-ішінде, середина – ортасы.

Ү. Бекіту бөлімі: Сұрақ қою арқылы сабақты бекіту.

ҮІ. Үйге тапсырма.

Орал қаласы туралы әңгімелеу.

ҮІІ. Бағалау бөлімі:

Оқушылардың білімдерін бағалау.

ҮІІІ. Сабақты қорытындылау.

ІХ. Күтілетін нәтиже: Тәуелдік жалғауларын меңгерту, ажырата алу. Орал қаласы тақырыбы бойынша өз ойларын жеткізе алу.

Сынып: 6

Сабақтың тақырыбы: Диктант «Әдептілік – әдемілік»

Сабақтың мақсаты: А) Көмекші есімдер бойынша алған білімдерін пысықтау, таза, сауатты жазуға үйрету.

Ә) Оқушылардың тілдерін дамыту, сөздік қорларын байыту, ауызекі сөйлеу қабілеттерін арттыру.

Б) Оқушыларды өз уақыттарын дұрыс пайдалануға дағдыландыру.

Сабақтың түрі: диктант.

Сабақтың әдісі: баяндау.

Сабақтың көрнекілігі: кесте, оқулық, тақта.

Пәнаралық байланыс: орыс тілі.

Күтілетін неәтиже: Таза, сауатты жазу.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі:

-Оқушылармен амандасу. –Кезекшінің мәліметі.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

Үйден ережені оқып келу.

ІІІ. Дәптермен жұмыс.

Күннің жадын және сабақтың тақырыбын жазу.

ІҮ. Жаңа сабақ.

Диктант

Әдептілік - әдемілік

Таңертең белгілі бір уақытта сағаттың қоңырауынсыз-ақ өзің оянуға дағдылан. Ертемен тұрғанда, төсек-орныңды жинап әдеттен.

Ойыншықтарыңды, басқа да заттарыңды белгілі бір орынға қоятын бол. Сонда керек нәрсеңді оп-оңай тауып аласың.

Үйден әрқашан ертерек шық. Қайда барсаң да, кешікккеннен гөрі екі-үш минут ерте келген дұрыс.

Жолдасыңнан бір нәрсе алсаң, оның ескертуінсіз-ақ дәл уақытында қайтып беретін бол. Уәде берсең, сөзіңде тұр. (60 сөз)

Тапсырма. Сөйлемдерді көшіріп жазыңдар. Нүкте орнына керекті көмекші есімдерді қойыңдар.

1. Сағат үстелдің ... тұр. (үстінде)

2. Ойыншықтар шкафтың ... жатыр. (жанында)

3. Үйдің ... жап-жарық, тап-таза. (іші)

4. Оқушы мұғалімнің ... тұр. (қасында)

V. Бекіту бөлімі.

ҮІ. Үйге тапсырма.

Ережені қайталау.

ҮІІ. Бағалау бөлімі.

Оқушылардың дәптерлерін жинап алу бағалау.

ҮІІІ. Сабақты қорытындылау.

Сынып: 6

Сабақтың тақырыбы: Қатемен жұмыс. Меймандос қала. Тәуелдік жалғау.

Сабақтың мақсаты: А) Оқушыларды берілген тақырыппен таныстыру, жаңа сөздерді меңгерту. Тәуелдік жалғауын меңгерту.

Ә) Оқушылардың тілдерін дамыту, сөздік қорларын байыту, ауызекі сөйлеу қабілеттерін арттыру.

Б) Өз қалаңды, ауылыңды таза ұстап құрметтеуге баулу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ.

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ- жауап, баяндау.

Сабақтың көрнекілігі: кесте, оқулық, тақта.

Пәнаралық байланыс: орыс тілі.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі:

1. Оқушылармен амандасу.

2. Кезекшінің мәліметі.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

Ережені оқып келу.

ІІІ. Дәптермен жұмыс.

Күннің жадын және сабақтың тақырыбын жазу.

ІҮ. Жаңа сабақ.

1. Қатемен жұмыс жүргізу. (Жіберілген қателері бойынша жұмыс)

2. Грамматикалық тақырыпты еске түсіру.

3. Сөздік жұмысы.

Қала келбеті-облик города

Меймандос-гостеприимный

Құшақ жаю-раскрыть обьятия

Айқын-четко

Зәулім-высотный

Жолаушы-путник

Қарсы алу-встретить

Өзгеше-особенно

1-тапсырма. Сөз тіркестерін дұрыс құрап, орыс тіліне аудару. Сөйлемдер құру.

Қала келбеті, меймандос қала, құшақ жаю, ерекше көзге түседі, айқын көрінетін, ең биік тұрғын үйлер, зәулім ғимараттар, Достық даңғылының бойындағы.

2-тапсырма. Бір-біріне қатысы бар сөздерді ілік септігі мен жатыс септігі жалғаулары арқылы байланыстыру.

Қаланың ортасында, бөлменің ішінде, диванның артында, үстелдің үстінде, орындықтың астында, бұлақтың басында, ауылдың арасында, поштаның алдында.

3-тапсырма. Диалогті оқу, жаттап алу.

Ү. Бекіту бөлімі: Сұрақ қою арқылы сабақты бекіту.

ҮІ. Үйге тапсырма.

3-тапсырма 77-78 бет.

ҮІІ. Бағалау бөлімі:

Оқушылардың білімдерін бағалау.

ҮІІІ. Сабақты қорытындылау.

ІХ. Күтілетін нәтиже: Тәуелдік жалғауларын меңгерту, ажырата алу. Меймандос қала тақырыбы бойынша өз ойларын жеткізе алу, тапсырмалар орындау.

Сынып: 6.

Сабақтың тақырыбы: « Қазақстан» қонақ үйі. Көптік жалғау.

Сабақтың мақсаты: А) Оқушыларды көптік жалғауымен таныстыру, оны меңгерту.

Ә) Сөздік қорын байыту, тілін дамыту, өз ойларын жеткізе алу.

В) Сыйластыққа, мейірімділікке, қонақжайлыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа материалды игеру сабағы.

Сабақтың әдісі: баяндау, сұрақ жауап.

Сабақтың көрнекілігі: тақта, оқулық.

Пәнаралық байланыс: орыс тілі, тарих.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі:

-Оқушылармен амандасу. – Кезекшінің мәліметі.

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.

Үйден 3-тапсырма. Диалогті жаттап келу.

Сабақтың мақсатын, барысын айту.

ІІІ. Дәптермен жұмыс.

Күннің жадын және сабақтың тақырыбын жазу.

ІҮ. Жаңа сабақ.

  1. Грамматикалық тақырыпты түсіндіру.

-лар, -лер дауысты және р, й, у үнді дауыссыздардан соң балалар

-дар, -дер ұяң және л, м, н, ң үнді дауыссыздардан соң қағаздар

-тар, -тер б, в, г, д ұяң және қатаң дауыссыздардан соң клубтар

2. Сөздік жұмысы.

Қала келбеті-облик города

Меймандос-гостеприимный

Құшақ жаю-раскрыть объятия

Айқын-четко

Зәулім-высотный

Жолаушы-путник

Қарсы алу-встретить

Өзгеше-особенно

4тапсырма. Мәтінді оқып, әңгімелеңдер.

5-тапсырма. Керекті көмекші есімдерді пайдалана отырып, сөйлемдерді толықтырып жазу.

6-тапсырма. Сурет бойынша жұмыс. Әңгіме құрастыру.

Ү. Бекіту бөлімі. Сұрақтар арқылы бекіту.

ҮІ. Үйге тапсырма. 4-тапсырма мәтіннің мазмұнын айту.

7-тапсырма. Көп нүктенің орнына жақшаның ішіндегі сөздерді

аударып жазу.

ҮІІ. Бағалау бөлімі. Сабаққа қатысқан оқушыларды бағалау.

ҮІІІ. Сабақты қорытындылау.

ІХ. Күтілетін нәтиже. Көптік жалғауын меңгеру. «Қазақстан» қонақ үйі туралы түсінгенін айту.

Сынып: 6

Сабақтың тақырыбы: «Медеу» мұз айдыны.Көптік жалғау.

Сабақтың мақсаты: А) Оқушыларды берілген тақырыппен таныстыру, жаңа сөздерді меңгерту. Көптік жалғауын меңгерту.

Ә) Оқушылардың тілдерін дамыту, сөздік қорларын байыту, ауызекі сөйлеу қабілеттерін арттыру.

Б) Ұқыптылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ.

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ- жауап, баяндау.

Сабақтың көрнекілігі: кесте, оқулық, тақта.

Пәнаралық байланыс: орыс тілі.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі:

1. Оқушылармен амандасу.

2. Кезекшінің мәліметі.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

4-тапсырма 78 бет мәтіннің мазмұнын айту.

ІІІ. Дәптермен жұмыс.

Күннің жадын және сабақтың тақырыбын жазу.

ІҮ. Жаңа сабақ.

1. Сөздік жұмысы

А) Берілген жаңа сөздермен таныстыру.

Ә) Оқу, аудару.

Б) Жаңа сөздермен сөз тіркесі мен сөйлем құрастыру.

2. 1-тапсырма. Мәтінді оқып, аударыңдар. Мәтіннен жаңа сөздерді табу. Оларды тіркесіп тұрған сөздермен біргеи теріп жазу.

3. 2-тапсырма. Сұрақтар бойынша өзара сөйлесу.

1. «Медеу» мұз айдыны қайда орналасқан?

2. «Медеу» спорт кешені қай жылы ашылды?

3. «Медеу» туралы не білесіңдер?

4. «Медеудің» табиғаты қандай?

5. Өзің «Медеуге» барып көрдің бе?

6. Одан қандай әсер алдың?

3-тапсырма. Жақшаны ашып аударып, сөйлемдерді оқу.

4-тапсырма. Сандардың орнына төмендегі керекті көмекші есімдердің тиістісін қою, сөйлемдерді оқу.

1-б; 2-а; 3-ә; 4-ә; 5-б.

Республика сарайының алдында абай ескерткіші бар.

6-тапсырма. Диалогті толықтырып, өзара сөйлесіңдер.

-Ертең сен не істейсің?

- ............ .

-Бізбен бірге серуенге барғың келе ме?

- .............. .

-Біз қаланың сыртындағы «Медеу» мұз айдынына барып, коньки тебеміз.

- .............. .

Ү. Бекіту бөлімі: Сұрақ қою арқылы сабақты бекіту.

ҮІ. Үйге тапсырма.

5-тапсырма 81-бет, 7-тапсырма 81-бет.

ҮІІ. Бағалау бөлімі:

Оқушылардың білімдерін бағалау.

ҮІІІ. Сабақты қорытындылау.

ІХ. Күтілетін нәтиже: Көптік жалғауларын меңгерту, ажырата алу. « Медеу» мұз айдыны тақырыбы бойынша өз ойларын жеткізе алу, тапсырмалар орындау.

Сынып: 6

Сабақтың тақырыбы: Мен тұратын қаланың көшелері. Көптік жалғау.

Сабақтың мақсаты: А) Оқушыларды берілген тақырыппен таныстыру, жаңа сөздерді меңгерту. Көптік жалғауын меңгерту.

Ә) Оқушылардың тілдерін дамыту, сөздік қорларын байыту, ауызекі сөйлеу қабілеттерін арттыру.

Б) Ұқыптылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ.

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ- жауап, баяндау.

Сабақтың көрнекілігі: кесте, оқулық, тақта.

Пәнаралық байланыс: орыс тілі.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі:

1. Оқушылармен амандасу.

2. Кезекшінің мәліметі.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

5-тапсырма 81-бет, 7-тапсырма 81 бет.

ІІІ. Дәптермен жұмыс.

Күннің жадын және сабақтың тақырыбын жазу.

ІҮ. Жаңа сабақ.

1.Әңгіме құрастыру.

-Сен қай көшеде тұрасың?

-Көше қайда орналасқан?

-Көшенің бойында нелер өсім тұр?

2. Тапсырмалар орындау.

1-тапсырма. Сөз тіркесін дұрыс құраңдар.

Мұз айдыны, көше бойымен, тұрғын үй, машиналар зулайды, спорт кешені, бой көтерді, қала көшелері, қасиетті, жер, құшақ жаю.

2-тапсырма. Берілген сөз тіркестеріне керекті жалғау жалғаңдар.

Өзеннің бойында, аз уақыттың ішінде, Парламент үйінің алдында, қаланың ортасында, қаланың сыртында, саябақтың қасында, ғимараттың алдында, Республика сарайының қарсысында, үстелдің үстінде.

3-тапсырма. Сөйлемдерді дұрыс құра.

1.Астана қаласында 100-ден астам ұлт өкілдері тұрады.

2.Ескерткіштің алдында үлкен ғимарат тұр.

3.«Отырар» үйі дәл қаланың ортасында орналасқан.

4.Мұз айдыны қаланың ең көрікті орындарының бірі.

5. «Медеу» спорт кешені қай жылы ашылды?

6.Көктөбенің қасында Ғ. Мұратбаев атындағы Оқушылар Сарайы бар.

7. Цирктің қасында «Тұлпар» деген метро станциясы болады.

Ү. Бекіту бөлімі: Сұрақ қою арқылы сабақты бекіту.

ҮІ. Үйге тапсырма.

Сөздіктегі сөздерді жаттап келу.

ҮІІ. Бағалау бөлімі:

Оқушылардың білімдерін бағалау.

ҮІІІ. Сабақты қорытындылау.

ІХ. Күтілетін нәтиже: Көптік жалғауларын меңгерту, ажырата алу, тапсырмалар орындау.

Сынып: 6

Сабақтың тақырыбы: Тарихи ғажайыптар.

Сабақтың мақсаты: А) Оқушыларды берілген тақырыппен таныстыру, жаңа сөздерді меңгерту. Көптік жалғауын меңгерту.

Ә) Оқушылардың тілдерін дамыту, сөздік қорларын байыту, ауызекі сөйлеу қабілеттерін арттыру.

Б) Ұқыптылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ.

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ- жауап, баяндау.

Сабақтың көрнекілігі: кесте, оқулық, тақта.

Пәнаралық байланыс: орыс тілі.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі:

1. Оқушылармен амандасу.

2. Кезекшінің мәліметі.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

Үйден сөздіктегі сөздерді оқып келу.

ІІІ. Дәптермен жұмыс.

Күннің жадын және сабақтың тақырыбын жазу.

ІҮ. Жаңа сабақ.

1.Сөздік жұмысы. Мәтіннен таныс емес сөздерді теріп жазу.

2.Деңгейлік тапсырмалар орындау.

4-тапсырма. Үш деңгейлі тапсырмалар орындау.

ІІІ деңгей.

1.Берілген сөздерді аударыңдар.

Город-қала

Улица-көше

Проспект-даңғыл

Жилой дом-тұрғын үй

Гостиница-қонақ үй

Памятник-ескерткіш

Высокий-биік

Просторный-кең

2.Сұрақтарға жауап беру.

-Сен қай қалада тұрасың?

-Қалаң қандай?

-Қалада қандай көшелер бар?

-Өзің қай көшеде тұрасың?

-Қалада қандай әдемі жерлер бар?

ІІ деңгей.

1.Сөз тіркестерін аударып, сөйлемдер құру.

Вдоль улицы-көше бойымен,

посреди площади-алаңның ортасында

возле дома-үйдің қасында

за городом –қаланың артында

в парке-саябақта

І деңгей.

«Қаламның болашағы» немесе «Ауылымның болашағы» деген тақырыпқа шығарма жазу.

5-тапсырма. Мәтін бойынша жұмыс жүргізу.

Оқушыларды ІІІ топқа бөлу, әр топқа мәтінді бөліп беру сол бойынша тапсырмалар орындау. (Мәтінді оқып шығу, бейтаныс сөздерді сөздік дәптеріне жазып алу, аудару, мәтінді аудару, сұрақтар құрастыру)

Ү. Бекіту бөлімі: Сұрақ қою арқылы сабақты бекіту.

ҮІ. Үйге тапсырма.

Шығарма жазуға дайындалып келу.

ҮІІ. Бағалау бөлімі:

Оқушылардың білімдерін бағалау.

ҮІІІ. Сабақты қорытындылау.

ІХ. Күтілетін нәтиже: Тәуелдік, көптік жалғауларын ажырата алу, меңгерту. Мәтіннен түсінгенін өз сөзімен жеткізе алу.

Сынып: 6

Сабақтың тақырыбы: Шығарма «Орал қаласы»

Сабақтың мақсаты: А) Оқушылардың алған білімдерін пысықтау, ой-өрісін кеңейту, сауатты жазуға дағдыландыру.

Ә) Сөздік қорын байыту, оқушылардың тілін дамыту, ауызекі сөйлеу тілін жетілдіру.

Б) Ана тілін құрметтеуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: шығарма

Сабақтың әдісі: баяндау.

Сабақтың көрнекілігі: тақта.

Пәнаралық байланыс: орыс тілі.

Күтілетін нәтиже: Таза, сауатты жазу.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі:

-Оқушылармен амандасу. –Кезекшінің мәліметі.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

Орал қаласы туралы білетін мәліметтерін еске түсіру.

ІІІ. Жаңа сабақ.

Шығарма жазу кезеңі.

Орал қаласы туралы білгендерін өз сөздерімен жеткізеді.

Қамтылуға тиіс тақырыптар:

1. Қаланың Орал аталу себебі

2. Қаламен шектесетін елдер.

3. Қала тарихы.

4. Қаланың көрнекті орындары.

ІV. Бекіту бөлімі.

Сұрақ қою арқылы бекіту.

Ү. Үйге тапсырма.

Өткен тақырыпты қайталау.

ҮІ. Бағалау бөлімі.

Оқушылардың дәптерлерін жинап алу бағалау.

ҮІІ. Сабақты қорытындылау.

Сынып: 6

Сабақтың тақырыбы: Менің астанам.

Сабақтың мақсаты: А) Оқушыларды берілген тақырыппен таныстыру, жаңа сөздерді меңгерту. Көптік жалғауын меңгерту.

Ә) Оқушылардың тілдерін дамыту, сөздік қорларын байыту, ауызекі сөйлеу қабілеттерін арттыру.

Б) Ұқыптылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ.

Сабақтың әдісі: баяндау, сұрақ- жауап,

Сабақтың көрнекілігі: кесте, оқулық, тақта.

Пәнаралық байланыс: орыс тілі.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі:

1. Оқушылармен амандасу.

2. Кезекшінің мәліметі.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

Өткен ережелерді еске түсіру.

ІІІ. Дәптермен жұмыс.

Күннің жадын және сабақтың тақырыбын жазу.

ІҮ. Жаңа сабақ.

1.«Менің астанам» тақырыбына сұрақтарға сүйеніп қысқаша шығарма жазу.

Тәуелсіз Қазакстанның бас қаласы қай қала?

Ол қайда орналасқан?

Есіл өзенінің бойында нелер бар?

Парламент үйінің алдында не қойылған?

Қаланың ортасында қандай қонақ үй салынған?

Астанада қанша ұлт өкілдері тұрады?

Қала тұрғындарының саны қанша?

Астана қандай қала?

2.Топшама бойынша жұмыс.

Ү. Бекіту бөлімі: Сұрақ қою арқылы сабақты бекіту.

ҮІ. Үйге тапсырма.

Өткен тақырыптарды қайталау, нәтиже сабақққа дайындалу.

ҮІІ. Бағалау бөлімі:

Оқушылардың білімдерін бағалау.

ҮІІІ. Сабақты қорытындылау.

ІХ. Күтілетін нәтиже: Жалғауларды меңгерту, тапсырмалар орындай алу.

Сынып: 6

Сабақтың тақырыбы: Нәтиже сабақ. Менің қалам. Жалғаулар.

Сабақтың мақсаты: А) Менің қалам тақырыбы бойынша алған білімдерін пысықтау, дағдыларын қалыптастыру. Зат есімнің жалғауларын, көмекші есімдіктерді қайталау.

Ә) Оқушылардың тілдерін дамыту, сөздік қорларын байыту, ауызекі сөйлеу қабілеттерін арттыру.

Б) Өз уақыттарын дұрыс пайдалануға, уақытты үнемдей білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: нәтиже сабақ.

Сабақтың әдісі: сұрақ- жауап, баяндау.

Сабақтың көрнекілігі: кесте, оқулық, тақта.

Пәнаралық байланыс: орыс тілі.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі:

А) Оқушылармен амандасу.

Ә) Оқушыларды сабаққа бейімдеу.

Б) Сөйлесу.

Кезекшінің мәліметі.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

Ережені оқып келу. Нәтиже сабаққа дайындалып келу.

ІІІ. Дәптермен жұмыс.

Күннің жадын және сабақтың тақырыбын жазу.

ІҮ. Нәтиже сабақ.

І. Тест сұрақтарына жауап беріңдер.

1. Көп нүктенің орнына тиісті көмекші есімді тауып жазу.

Қаланың .... үлкен саябақ бар.

А) алдында; Ә) үстінде; Б) шетінде.

2. Сөздерді дұрыс аударыңдар.

1.тұрғын А) зритель

2. кешен Ә) комплекс

3. ғимарат Б) житель

4. көрермен В) здание

3. Сөйлемді дұрыс құраңдар.

1 2 3 4 5 6 7 8

Алатау, әлемге, әйгілі, етегінде, мұз, бар, айдыны, «Медеу» (1, 4, 2, 3, 8, 5, 7, 6)

4. «Медеу» мұз айдынының трибуналары қанша мың көрермендерге арналған?

А) 10; Ә) 12; Б) 11.

5. Өлеңді толықтырыңдар.

Астана-арман қала,

Бағы бір ... ... .

Ү. Бекіту бөлімі: Сұрақ қою арқылы сабақты бекіту.

ҮІ. Үйге тапсырма. Көмекші есімдерді қайталау, жаттап келу.

ҮІІ. Бағалау бөлімі:

Оқушылардың дәптерлерін жинап алу, бағалау.

ҮІІІ. Сабақты қорытындылау.

ІХ. Күтілетін нәтиже: Зат есімнің жалғауларын, көмекші есімдерді ажырата алу, тест тапсырмаларын орындай алу.

Сынып: 6

Сабақтың тақырыбы: Қазақстан –біздің Отанымыз. Жіктік жалғауы.

Сабақтың мақсаты: А) Оқушыларды берілген тақырыппен таныстыру, жаңа сөздерді меңгерту. Жіктік жалғауын меңгерту.

Ә) Оқушылардың тілдерін дамыту, сөздік қорларын байыту, ауызекі сөйлеу қабілеттерін арттыру.

Б) Өз Отанын сыйлап құрметтеуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ.

Сабақтың әдісі: баяндау, сұрақ- жауап,

Сабақтың көрнекілігі: кесте, оқулық, тақта.

Пәнаралық байланыс: орыс тілі.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі:

1. Оқушылармен амандасу.

2. Кезекшінің мәліметі.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

Өткен ережелерді еске түсіру.

ІІІ. Дәптермен жұмыс.

Күннің жадын және сабақтың тақырыбын жазу.

ІҮ. Жаңа сабақ.

1.Грамматикалық тақырыпты түсіндіру.

Зат есім сөздердің жіктік жалғау арқылы түрленуі зат есімнің жіктелуі деп аталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет