Сабақтың тақырыбы: Өткенді қайталау. Диктант «Алтын адам»


Жіктік жалғаулары үш жақ бойынша жекеше, көпше түрде жалғанады



бет6/14
Дата01.12.2016
өлшемі2,23 Mb.
#2935
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14

Жіктік жалғаулары үш жақ бойынша жекеше, көпше түрде жалғанады.

Жіктік жалғауы тек адамға қатысты, оның мамандығын, кәсібін білдіретін сөздерге ғана жалғанады.

Жіктік жалғауы есім сөзге және етістікке жалғанады.

І жақ -мын, -мін, -бын, -бін, -пын, -пін І жақ - мыз, -міз, -быз, -біз, -пыз, -піз.

Оқушымын Оқушымыз

ІІ жақ -сың, -сің ІІ жақ -сыңдар, -сіңдер

Оқушысың Оқушысыңдар

ІІ жақ -сыз, -сіз ІІ жақ -сіздер, -сыздар

Оқушысыз Оқушысыздар

ІІІ жақ – Оқушы. ІІІ жақ-Оқушылар.

2.Сөздік жұмысы. (сөздікпен таныстыру 85-бет)

3.1-тапсырма. Мәтінді оқу, мазмұнын әңгімелеу.

2-тапсырма. Сөз тіркестерін дұрыс құру.

Еуразия құрлығы, табиғаты әр алуан, шөлді аймақтар, ғасырларды қамтиды, тарихи ескерткіштер, көркем қорықтар, көптеп кездеседі, тұңғыш Президент.

4-тапсырма. Сөздерге жақша ішіндегі жіктік жалғауын жалғаңдар. Үш жақта ауызша жіктеңдер.

Мен баламын. Мен үйге барамын. Мен дәрігермін. Мені дәріханадан дәрі сатып аламын. Мен сабаққа бармаймын. Мен 6-сынып оқушысымын. Мен мектепте оқимын. Мен тақтаны сүртемін.

7-тапсырма. Өлеңді мәнерлеп оқу.

Ү. Бекіту бөлімі: Сұрақ қою арқылы сабақты бекіту.

ҮІ. Үйге тапсырма. 5- тапсырма 87 бет, 6-тапсырма 87-бет. Ережені жатттап келу.

ҮІІ. Бағалау бөлімі:

Сабаққа қатысқан оқушыларды бағалау.

ҮІІІ. Сабақты қорытындылау.

ІХ. Күтілетін нәтиже: Зат есімнің жіктік жалғауын ажырата алу, меңгерту. Тапсырмаларды орындай алу.

Сынып: 6

Сабақтың тақырыбы: Отан. Жіктік жалғау.

Сабақтың мақсаты: А) Оқушыларды берілген тақырыппен таныстыру, жаңа сөздерді меңгерту. Жіктік жалғауын меңгерту.

Ә) Оқушылардың тілдерін дамыту, сөздік қорларын байыту, ауызекі сөйлеу қабілеттерін арттыру.

Б) Өз Отанын сыйлап құрметтеуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ.

Сабақтың әдісі: баяндау, сұрақ- жауап,

Сабақтың көрнекілігі: кесте, оқулық, тақта.

Пәнаралық байланыс: орыс тілі.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі:

1. Оқушылармен амандасу.

2. Кезекшінің мәліметі.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

5 -тапеырма, 6-тапсырма 87-бет. Ережені жаттап келу.

ІІІ. Дәптермен жұмыс.

Күннің жадын және сабақтың тақырыбын жазу.

ІҮ. Жаңа сабақ.

1.Грамматикалық тақырыпты еске түсіру. (Оқушыларды тақтаға шығару, сөздерді жіктеу)

2. Сөздік жұмысы. (Оқулықта берілген сөздікпен таныстыру)

3. Өлеңді мәнерлеп, түсініп оқу.

4. Тапсырмалар орындау.

2-тапсырма. Сөз тіркестерін дұрыс құру.

Түнін сүйем, ағынды қалаушы, қасиетті тілі, оның құдіреті, бәрі маған сыбырлаған, шырылдаған бозторғай, биік екен, мәңгілікке сүйіп өтем.

3-тапсырма. Сөйлемдерді дұрыс құру. Сөйлемдерге сұрақтар қойып, жауап беру. Сөйлемдегі зат есімнің нешінші жақта тұрғанын анықтау.

Сен оның қасиетті тілін сүйесің.

Қазақстанның жері кең-байтақ.

Сіз Алматыда тұрдыңыз.

Сен университетте оқисың.

Мен Қазақстанда тұрамын.

Ол өзінің Отанын сүйеді.

4-тапсырма. Сөйлемдегі зат есімнің нешінші жақта тұрғанын айту.

*Мына синонимдерден сөйлемдер құрастыру.

Отан, атамекен, туған жер.

*Сызба бойынша сөз тіркестерін құру.

1) Зат есім+зат есім

2) Зат есім+етістік.

5-тапсырма. Сызба бойынша сөйлемдерді ауызша оқу.

6-тапсырма. Үлгі бойынша диалогті оқып, өзара сөйлесу.

Ү. Бекіту бөлімі: Сұрақ қою арқылы сабақты бекіту.

ҮІ. Үйге тапсырма. 1-тапсырма 88 бет. Өлеңді жаттап келу. Сөздерді жаттау.

ҮІІ. Бағалау бөлімі:

Сабаққа қатысқан оқушыларды бағалау.

ҮІІІ. Сабақты қорытындылау.

ІХ. Күтілетін нәтиже: Зат есімнің жіктік жалғауын ажырата алу, меңгерту. Тапсырмаларды орындай алу. Отан туралы өлеңін мәнерлеп оқу, жаттай алу.

Сынып: 6

Сабақтың тақырыбы: Қазақстан жері. Жіктік жалғау.

Сабақтың мақсаты: А) Оқушыларды берілген тақырыппен таныстыру, жаңа сөздерді меңгерту. Жіктік жалғауын меңгерту.

Ә) Оқушылардың тілдерін дамыту, сөздік қорларын байыту, ауызекі сөйлеу қабілеттерін арттыру.

Б) Өз Отанын сыйлап құрметтеуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ.

Сабақтың әдісі: баяндау, сұрақ- жауап,

Сабақтың көрнекілігі: кесте, оқулық, тақта.

Пәнаралық байланыс: орыс тілі.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі:

1. Оқушылармен амандасу.

2. Кезекшінің мәліметі.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

1-тапсырма. Өлеңді жаттап келу.

ІІІ. Дәптермен жұмыс.

Күннің жадын және сабақтың тақырыбын жазу.

ІҮ. Жаңа сабақ.

1.Грамматикалық тақырыпты еске түсіру.

2.Сөздік жұмысы.

Шаршы-квадрат

Бедері-рельеф

Өсімдік-растение

Топырақ-почва

Аймақ-территория

Алуан-множество

Түрлері-виды

1-тапсырма. Сөздіктегі сөздерден қазақ тіліне тән дыбыстары бар сөздерді тауып, оларға фонетикалық талдау жасау.

Бедері, і-дауысты, жіңішке, езулік, қысаң.

Өсімдік, ө-дауысты, жіңішке, еріндік, ашық.

Топырақ, қ-дауыссыз, қатаң.

Түрлері, ү-дауысты, жіңішке, еріндік, қысаң.

2-тапсырма. Диалог бойынша өзара сөйлесу.

«Қазақстан жері» туралы түсінік беру.

Қазақстан жері кең-байтақ. Батыстан шығысқа қарай 3000 шақырым, солтүстіктен оңтүстікке қарай 1700 шақырым жерді алып жатыр. Жалпы жер көлемі 2700 мың шаршы шақырымнан асады.

Жерінің ауа райы әр түрлі. Республикамыздың жерінде ірі, ұсақ 7,5 мыңдай өзен, 40 мыңға жуық көл, мыңдаған бұлақтар бар.

Ү. Бекіту бөлімі: Сұрақ қою арқылы сабақты бекіту.

ҮІ. Үйге тапсырма. 5-тапсырма, 91 бет. Сөздерді жаттау.

ҮІІ. Бағалау бөлімі:

Сабаққа қатысқан оқушыларды бағалау.

ҮІІІ. Сабақты қорытындылау.

ІХ. Күтілетін нәтиже: Зат есімнің жіктік жалғауын ажырата алу, меңгерту. Тапсырмаларды орындай алу. Қазақстан жері туралы өз ойларын жеткізе алу.

Сынып: 6

Сабақтың тақырыбы: Диктант «Мерекелер»

Сабақтың мақсаты: А) Жіктік жалғауы бойынша алған білімдерін пысықтау, таза, сауатты жазуға үйрету.

Ә) Оқушылардың тілдерн дамыту, сөздік қорларын байыту, ауызекі сөйлеу қабілеттерін арттыру.

Б) Жауапкершілікке, сыйластыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: диктант.

Сабақтың әдісі: баяндау.

Сабақтың көрнекілігі: тақта.

Пәнаралық байланыс: орыс тілі.

Күтілетін нәтиже: Таза, сауатты жазу.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі:

-Оқушылармен амандасу. –Кезекшінің мәліметі.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

Үйден ережені оқып келу.

ІІІ. Жаңа сабақ.

Диктант

Мерекелер

Жаңа жылды біздің елімізде екі рет тойлайды. Біріншісі қыс ортасында тойланады. Бұл кезде үйлер, ағаштар, жер ақ қар жамылады. Көшелерге, алаңдарға, үйлерге шыршалар орнатылады. Оларға түрлі – түсті ойыншықтар ілінеді. Жаңа жылда адамдар бір-біріне жұмыста табыс, өмірде бақыт және денсаулық тілейді.

Екіншісі наурыздың жиырма екісінде тойланады. Бұл күнді дүниежүзіндегі мұсылмандар: «Жыл басы, Ұлыстың ұлы күні,»-деп атайды. Наурыз тойында жақсы киініп, жақын адамдар бірін-бірі құттықтайды. (66 сөз)

Тапсырма. «Адам», «тілеймін сөздерін жіктеу.

ІV. Бекіту бөлімі.

Сұрақтар қою арқылы бекіту.

Ү. Үйге тапсырма.

Ережені қайталау.

ҮІ. Бағалау бөлімі.

Оқушылардың дәптерлерін жинап алу бағалау.

ҮІІ. Сабақты қорытындылау.

Сынып: 6

Сабақтың тақырыбы: Қазақстан Республикасының мемлекеттік Елтаңбасы. Қатемен жұмыс. Жіктік жалғау.

Сабақтың мақсаты: А) Оқушыларды берілген тақырыппен таныстыру, жаңа сөздерді меңгерту. Жіктік жалғауын меңгерту.

Ә) Оқушылардың тілдерін дамыту, сөздік қорларын байыту, ауызекі сөйлеу қабілеттерін арттыру.

Б) Өз Отанын, мемлекеттік рәміздерін құрметтеуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ.

Сабақтың әдісі: баяндау, сұрақ- жауап,

Сабақтың көрнекілігі: оқулық, тақта, ҚР-ның мемлекеттік рәміздері.

Пәнаралық байланыс: орыс тілі.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі:

1. Оқушылармен амандасу.

2. Кезекшінің мәліметі.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

Ережені жаттап келу, сөздерді жіктеу.

ІІІ. Дәптермен жұмыс.

Күннің жадын және сабақтың тақырыбын жазу.

ІҮ. Жаңа сабақ.

Кіріспе сөз. Қ. Р. –ның Мемлекеттік Елтаңбасы туралы түсінік беру.

3-тапсырма. Мәтінді түсініп оқу. Диалог құру.

4-тапсырма. Жақша ішіндегі сөз тіркестерін аудару.

Қазір қазақ мемлекетін бүкіл дүние жүзі біледі. Оның көгілдір туы Нью-Йорктегі әлем елінің туының арасында желбіреп тұр. Мемлекеттік Әнұранымыз барлық дүние жүзінде әр қиырында қазақ тілінде шырқалады.

6-тапсырма. Сурет бойынша әңгіме құрастыру.

Қазақстанда таулар, көлдер, өзендер көп.

Қазақстаннның жері бай. Егісте бидай, жүгері өседі.

7-тапсырма. Сандардың орнына тиісті сөздерді қойып, сөйлемдерді дұрыс құру.

1-б; 2-ә; 3-а; 4-ә; 5-ә; 6-ә; 7-а; 8-б.

Ү. Бекіту бөлімі: Сұрақ қою арқылы сабақты бекіту.

ҮІ. Үйге тапсырма. 90-91 бет бойынша түсінгенін өз сөзімен айту.

ҮІІ. Бағалау бөлімі:

Сабаққа қатысқан оқушыларды бағалау.

ҮІІІ. Сабақты қорытындылау.

ІХ. Күтілетін нәтиже: ҚР -ның Мемлекеттік Елтаңбасы туралы өз ойларын жеткізе алу.

Сынып: 6

Сабақтың тақырыбы: Біздің Ту. Жалғаулар.

Сабақтың мақсаты: А) Оқушыларға Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы туралы түсінік беру. Жаңа сөздерді меңгерту. Жіктік жалғауын меңгерту.

Ә) Оқушылардың тілдерін дамыту, сөздік қорларын байыту, ауызекі сөйлеу қабілеттерін арттыру.

Б) Өз Отанын, мемлекеттік рәміздерін құрметтеуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ.

Сабақтың әдісі: баяндау, сұрақ- жауап,

Сабақтың көрнекілігі: оқулық, тақта, ҚР-ның мемлекеттік рәміздері.

Пәнаралық байланыс: орыс тілі.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі:

1. Оқушылармен амандасу.

2. Кезекшінің мәліметі.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

Ережені жаттап келу, сөздерді жіктеу.

ІІІ. Дәптермен жұмыс.

Күннің жадын және сабақтың тақырыбын жазу.

ІҮ. Жаңа сабақ.

Кіріспе сөз. Қ. Р. –ның Мемлекеттік Туы туралы түсінік беру.

1-тапсырма. Туған жерге саяхат. (Берілген мәтінді оқып шығу, сұрақтар құрастыру)

2-тапсырма. Сөздерді жұптастыру, сөйлемдер құрастыру.

Батыстан шығысқа қарай 3000 километрге созылған.

Солтүстіктен оңтүстікке қарай 1600 километрге созылған.

Солтүстігінде Ресеймен шектеседі.

Оңтүстік шығыс және шығыста Қытай Халық Республикасымен шектеседі.

Оңтүстік батысындағы шекараларымыз-Қырғызстан, Өзбекстан, Түркіменстан, Республикалары.

Барлық елдермен достық қарым –қатынаста.

3-тапсырма. Көп нүктенің орнына керекті жіктік жалғауын қойыңдар.

Мен батыстанмын.

Сен Ресейденсің.

Сіз Қазақстанда тұрасыз.

Олар оқушылар.

Біз 6-сыныпта оқимыз.

Сендер оқушысыңдар.

Сіздер қайда тұрасыз?

Олар Астанадан келді.

4-тапсырма. Өлеңді жаттап алу.

6-тапсырма. Сөздікті пайдаланып, орыс тіліне аудар.

Ү. Бекіту бөлімі: Сұрақ қою арқылы сабақты бекіту.

-Ту қашан бекітілді?

-Мемлекеттік Тудың түсі қандай?

-Оның ортасында не бейнеленген?

-Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туының авторы кім?

ҮІ. Үйге тапсырма. 94-95 бет бойынша түсінгенін өз сөзімен айту.

ҮІІ. Бағалау бөлімі:

Сабаққа қатысқан оқушыларды бағалау.

ҮІІІ. Сабақты қорытындылау.

ІХ. Күтілетін нәтиже: Қазақстан Республикасының Туы туралы өз ойларын жеткізе алу. Жалғауларды меңгерту.

Сынып: 6

Сабақтың тақырыбы: Тәуелсіздік күні. Жалғаулар.

Сабақтың мақсаты: А) Жаңа сөздерді меңгерту. Жіктік жалғауын меңгерту.

Ә) Оқушылардың тілдерін дамыту, сөздік қорларын байыту, ауызекі сөйлеу қабілеттерін арттыру.

Б) Өз Отанын, мемлекеттік рәміздерін құрметтеуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ.

Сабақтың әдісі: баяндау, сұрақ- жауап,

Сабақтың көрнекілігі: оқулық, тақта, ҚР-ның мемлекеттік рәміздері, президент портреті.

Пәнаралық байланыс: орыс тілі, тарих.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі:

1. Оқушылармен амандасу.

2. Кезекшінің мәліметі.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

94-95 бет бойынша түсінгенін өз сөзімен айту.

ІІІ. Дәптермен жұмыс.

Күннің жадын және сабақтың тақырыбын жазу.

ІҮ. Жаңа сабақ.

1.Сұрақ-жауап.

-Балалар, сендер қандай мемлекетте тұрасыңдар?

-Мемлекетті кім басқарады?

-Еліміздің Президенті кім?

-Біздің ел қандай?

-Ол тәуелсіздігін қашан алды?

-Сендер Отан, туған жер туралы қандай мақал-мәтелдер білесіңдер?

2.Диалог бойынша жұмыс. 5-тапсырма. Диалогті өқып, өзара сөйлесіңдер.

3.Тапсырмалар орындау.

Ү. Бекіту бөлімі: Сұрақ қою арқылы сабақты бекіту.

-Отан дегеніміз не?

-Біздің ел қалай аталады?

-Қазақстан қандай ел?

-Ол тәуелсіздігін қашан алды?

-Астанамыз қай қала?

-Республикада қанша ұлт өкілдері тұрады?

ҮІ. Үйге тапсырма. Тәуелсіздік туралы бір өлеңді жаттап келу.

ҮІІ. Бағалау бөлімі:

Сабаққа қатысқан оқушыларды бағалау.

ҮІІІ. Сабақты қорытындылау.

ІХ. Күтілетін нәтиже: Берілген сұрақтарға жауап бере алу. Жалғауларды меңгерту.

Сынып: 6

Сабақтың тақырыбы: Менің Отаным. Жалғаулар.

Сабақтың мақсаты: А) Менің Отаным тақырыбымен таныстыру, жаңа сөздерді меңгерту. Жіктік жалғауын меңгерту.

Ә) Оқушылардың тілдерін дамыту, сөздік қорларын байыту, ауызекі сөйлеу қабілеттерін арттыру.

Б) Туған жерді, Отанды ардақтауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ.

Сабақтың әдісі: баяндау, сұрақ- жауап,

Сабақтың көрнекілігі: оқулық, тақта, сызба.

Пәнаралық байланыс: орыс тілі, география.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі:

1. Оқушылармен амандасу.

2. Кезекшінің мәліметі.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

Тәуелсіздік туралы бір өлеңді жаттап келу.

ІІІ. Дәптермен жұмыс.

Күннің жадын және сабақтың тақырыбын жазу.

ІҮ. Жаңа сабақ.

1.Сызба арқылы өз Отаның туралы әңгімелеу.

рәміздері

Елбасы

мәдениеті

ұлт өкілдері Менің Отаным мемлекеттік тілі

облыстары

жер көлемі

шекарасы табиғаты

2.8-тапсырам орындау. Жақша ішіндегі сөздерді пайдаланып, сұрақтарға жауап беру.

1. Алматы –Алатаудың етегіне орналасқан қандай қала?

2. Қазақстанда қанша ұлт өкілдері тұрады?

3. Қазақстан қайда орналасқан?

4. Қазақстанның елордасы қай қала?

5. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі қай тіл?

6. Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы не?

Ү. Бекіту бөлімі: Сұрақ қою арқылы сабақты бекіту.

ҮІ. Үйге тапсырма.

Менің Отаным туралы әңгімелеу.

ҮІІ. Бағалау бөлімі:

Сабаққа қатысқан оқушыларды бағалау.

ҮІІІ. Сабақты қорытындылау.

ІХ. Күтілетін нәтиже: Жалғауларды меңгерту, тапсырмалар орындай алу.

Сынып: 6

Сабақтың тақырыбы: Туған жерімнің табиғаты. Жалғаулар.

Сабақтың мақсаты: А) Туған жерімнің табиғаты тақырыбымен таныстыру, жаңа сөздерді меңгерту. Жіктік жалғауын меңгерту.

Ә) Оқушылардың тілдерін дамыту, сөздік қорларын байыту, ауызекі сөйлеу қабілеттерін арттыру.

Б) Табиғатқа деген сүйіспеншіліктерін арттыру.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ.

Сабақтың әдісі: баяндау, сұрақ- жауап,

Сабақтың көрнекілігі: оқулық, тақта.

Пәнаралық байланыс: орыс тілі, география.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі:

1. Оқушылармен амандасу.

2. Кезекшінің мәліметі.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

Менің Отаным тақырыбын әңгімелеу.

ІІІ. Дәптермен жұмыс.

Күннің жадын және сабақтың тақырыбын жазу.

ІҮ. Жаңа сабақ.

1.Сөздік жұмысы.

Айнала –кругом

Жазықтар-равнины

Сарқырап аққан бұлақ суы-журчащие воды родника

Таңғаласың-удивляешься

Әрбір-каждый

Ыстық әрі қымбат-дороги

Сені сағынамын-скучаю по тебе

2.1-тапсырма. Берілген мәтінмен таныстыру, жіктік жалғауын тауып, қай сөзге жалғанғанын айту.

2-тапсырма. Сұрақтарды қазақ тіліне аударып, бір-біріңмен өзара сөйлесіңдер.

3.Деңгейлік тапсырмаларды орындау.

ІІІ деңгей.

1.Берілген сөздерді аударыңдар.

Суша, пустыня, заповедник, равнины, территория, дороги.

2.Мына сөйлемге талдау жасаңдар.

ІІ деңгей.

1.Берілген сөздерден, сөз тіркестерінен сөйлемдер құрастыру.

2. «Менің туған жерім» деген тақырыпқа диалог құру.

І деңгей.

1.Көп нүктенің орнына қажетті жіктік жалғауын қойып, сөйлемдерді толықтыру.

2. «Тәуелсіз Қазақстан» туралы шағын шығарма жазу.

Ү. Бекіту бөлімі: Сұрақ қою арқылы сабақты бекіту.

ҮІ. Үйге тапсырма.

3-тапсырма. Мақал-мәтелдерді жаттап келу.

ҮІІ. Бағалау бөлімі:

Сабаққа қатысқан оқушыларды бағалау.

ҮІІІ. Сабақты қорытындылау.

ІХ. Күтілетін нәтиже: Жаңа сөздерді меңгеру, берілген сұрақтарға жауап беру.

Сынып: 6

Сабақтың тақырыбы: Мен тұратын жердің табиғаты. Нәтиже сабақ. Туған жерім.

Сабақтың мақсаты: А) Мен тұратын жердің табиғаты туралы өз ойларын жеткізе алу, алған білімдерін пысықтау, ой-өрісін кеңейту.

Ә) Оқушылардың тілдерін дамыту, сөздік қорларын байыту, ауызекі сөйлеу қабілеттерін арттыру.

Б) Табиғатты қорғауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: нәтиже сабақ.

Сабақтың әдісі: баяндау, сұрақ- жауап,

Сабақтың көрнекілігі: оқулық, тақта.

Пәнаралық байланыс: орыс тілі, география.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі:

1. Оқушылармен амандасу.

2. Кезекшінің мәліметі.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

3-тапсырма. Мақал-мәтелдерді жаттап келу.

ІІІ. Дәптермен жұмыс.

Күннің жадын және сабақтың тақырыбын жазу.

ІҮ. Нәтиже сабақ.

1.Мен тұратын жердің табиғаты туралы әңгіме құру. (10-15 минут)

Оқушылар жазғанын оқып шығады.

2.Нәтиже сабақ орындау.

І. Тест сұрақтарына жауап беріңдер.

1) Бос орынды толтырыңдар.

2) Сөздердің аудармасын табыңдар.

1) ағынды өзен а) всемогущее звучание

2) асқар тау ә) святой, достойный язык

3) қасиетті тіл б) высокие горы

4) құдіретті үн в) быстрая река

3) Сөйлемді дұрыс құраңдар.

1 2 3 4 5

Жерім, әсем, туған, қандай, менің!

4) Мына талдау дұрыс па?

Мен Астана қаласында тудым.

1.Туған жері туралы айтылған.

2.Хабарлы сөйлем.

3.Жай сөйлем.

4.Жақты, толымды сөйлем.

А) иә

Ә) жоқ.

ІІ. Бақылау сұрақтарына жауап беріңдер.

1.Сенің Отаның қай жер?

2.Сен қайда тудың?

3.Сенің туған жерің әдемі ме?

4.Сенің туған жеріңде қандай өзен-көлдер, таулар бар?

5.Туған жеріңнің қандай аң-құстарын білесің?

6.Туған жерің сен үшін неге қымбат?

Ү. Бекіту бөлімі: Сұрақ қою арқылы сабақты бекіту.

ҮІ. Үйге тапсырма.

Өткен тақырыптарды қайталау, модуль бойынша тестке дайындалу.

ҮІІ. Бағалау бөлімі:

Каталог: uploads -> doc
doc -> Тақырыбы: Ғарышты игеру (аудандық семинар)
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет