Сынып: 6
Сабақтың тақырыбы: Қысқы демалысты қалай өткіздің? Зат есімді қайталау.
Сабақтың мақсаты: А) Зат есімді қайталау. Қысқы демалысты қалай өткізгендері туралы өз ойларын жүйелі түрде жеткізе алу.
Ә) Сөздік қорын дамыту, ой-өрісін дамыту, ауызекі сөйлеу дағдысын қалыптастыру.
Б) Оқушылардың табиғатқа деген сүйіспеншіліктерін арттыру.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ.
Сабақтың әдісі: баяндау, сұрақ- жауап.
Сабақтың көрнекілігі: оқулық, тақта, қысқы суреттер.
Пәнаралық байланыс: орыс тілі, дүниетану.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі:
1. Оқушылармен амандасу.
2. Кезекшінің мәліметі.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
Қысқы демалысты қалай өткіздің? деген тақырыпқа әңгіме жазып келу.
ІІІ. Дәптермен жұмыс.
Күннің жадын және сабақтың тақырыбын жазу.
ІҮ. Жаңа сабақ.
1. Зат есімді қайталау.
1. Зат есім нені білдіреді?
2. Зат есімнің сұрақтары қандай?
3. Жалпы мен жалқы зат есімдер туралы не білесіңдер?
4. Негізгі мен туынды зат есім қалай жасалады?
5. Зат есімнің жекеше мен көпше түріне мысал келтіріңдер.
6. Деректі мен дерексіз зат есім дегеніміз не? Мысал келтіріңдер.
2. Үйден жазып келген әңгімелерін оқып шығады. (2-3 зат есімдерге морфологиялық талдау жасайды)
3. Сурет бойынша жұмыс жүргізу. (Тақтаға шығып, қыс тақырыбына байланысты сөйлемдер құрайды)
VI. Бекіту бөлімі.
-Қыста ауа райы қандай?
-Қыс айларын атап беріңдер.
-Күн мен түн қандай болады?
-Адамдар қыстыгүні не киеді?
-Балалар қыста қандай ойындар ойнайды?
Ү. Үйге тапсырма. Үйден ережені қайталап келу, «Қыс» тақырыбына байланысты сөздерді жаттап келу.
ҮІ. Бағалау бөлімі.
Сабаққа қатысқан оқушыларды бағалау.
ҮІІ. Сабақты қорытындылау.
ҮІІІ. Күтілетін нәтиже. Зат есімді меңгеру, морфологиялық талдау жасай білу, өз сөзімен түсінгенін айта білу.
Сынып: 6
Сабақтың тақырыбы: Мазмұндама «Қысқы ойындар».
Сабақтың мақсаты: А) Қысқы ойындар туралы өз ойларын жүйелі жеткізе алу, сауатты жазуға дағдыландыру.
Ә) Сөздік қорын байыту, ой-өрісн дамыту, ауызекі сөйлеу дағдысын қалыптастыру.
Б) Оқушылардың табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттырып, салауатты өмір салтын сақтауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: пысықтау сабағы
Сабақтың әдісі: баяндау.
Сабақтың көрнекілігі: тақта.
Пәнаралық байланыс: орыс тілі.
Күтілетін нәтиже: қысқы ойындар туралы өз ойларын жүйелі жеткізу, таза, сауатты
жазу.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі:
-Оқушылармен амандасу. –Кезекшінің мәліметі.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
Қысқы ойындар туралы білетін мәліметтерін еске түсіру.
ІІІ. Жаңа сабақ.
Мазмұндама жазу кезеңі:
1. Мәтінді оқып шығу
2. Мәтінге байланысты жоспар құру
3. Тірек сөздерді тақтаға жазып қою
4. 1-2 оқушыға мәтіннің мазмұнын айтқызу
Қысқы ойындар
Қыс келіп, балалардың қызығы басталады. Балалар таңертеңнен кешке дейін далада ойнап, қуанады. Әсіресе, демалыс күндері оларды үйлеріне кіргізе алмайсың.
Қысқы ойындардың түрлері өте көп. Қыста балалар қар лақтыру ойнайды, аққала жасайды. Адамдар мұз айдынына жиі барады. Олар коньки тебеді. Сонымен қатар кейбір адамдар шанамен, шаңғымен сырғанайды. Қыста көп уақытты ауада өткізу қажет, өйткені адамның денесі шынығады да, ауырмайды. Қысқы ойындар адамның денсаулығына өте пайдалы. (64 сөз)
ІV. Бекіту бөлімі.
Сұрақтар қою арқылы бекіту
Ү. Үйге тапсырма.
Ережені қайталау. Тестке дайындалу.
ҮІ. Бағалау бөлімі.
Оқушылардың дәптерлерін жинап алу бағалау.
ҮІІ. Сабақты қорытындылау.
Сынып: 6
Сабақтың тақырыбы: Нәтиже сабақ. Қыс-жыл мезгілі. Зат есімді қайталау.
Сабақтың мақсаты: А) Қыс-жыл мезгілі туралы өз ойларын жеткізе алу, алған білімдерін пысықтау, ой-өрісін кеңейту.
Ә) Оқушылардың тілдерін дамыту, сөздік қорларын байыту, ауызекі сөйлеу қабілеттерін арттыру.
Б) Табиғатты қорғауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: нәтиже сабақ.
Сабақтың әдісі: баяндау, сұрақ- жауап,
Сабақтың көрнекілігі: тақта, тест сұрақтары.
Пәнаралық байланыс: орыс тілі.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі:
1. Оқушылармен амандасу.
2. Кезекшінің мәліметі.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
Үйден ережені қайталап келу, тест жазуға дайындалып келу.
ІІІ. Дәптермен жұмыс.
Күннің жадын және сабақтың тақырыбын жазу.
ІҮ. Нәтиже сабақ.
1. Бақылау сұрақтарына жауап беру.
1. Қазір қай мезгіл?
2. Қыста ауа райы қандай болады?
3. Қыста балалар не тебеді?
4. Қыс туралы мақал-мәтел, өлеңдер білесіңдер ме? Айтып беріңдер.
2. Тест сұрақтарына жауап беріңдер.
1.Мақалды аяқтаңдар.
«Қыстың көзі - ...»
2.Сөздерді дұрыс аударыңдар.
3.Сөйлемді дұрыс құраңдар.
1 2 3 4 5
Бетін, жер, ақ, басады, қар.
4. Көп нүктенің орнына керекті зат есімді жазыңдар.
Сол ... бойымен ... жағалауын жабайы ... қыстайды.
VI. Бекіту бөлімі.
Ү. Үйге тапсырма. Сынақ тапсыруға дайындалу.
ҮІ. Бағалау бөлімі.
Оқушылардың дәптерлерін жинап, бағалау.
ҮІІ. Сабақты қорытындылау.
ҮІІІ. Күтілетін нәтиже. « Қыс» тақырыбын меңгеру, берілген сұрақтарға жауап беру, тапсырмалар орындай алу.
Сынып: 6
Сабақтың тақырыбы: Жер-қазына. Есімдік.
Сабақтың мақсаты: А) Оқушыларға есімдік туралы түсінік беру, дағдыларын қалыптастыру.
Ә) Тілін дамыту, сөздік қорын байыту, ой-өрісін дамыту, ауызекі сөйлеу дағдысын қалыптастыру.
Б) Оқушылардың табиғатты құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ.
Сабақтың әдісі: баяндау, сұрақ- жауап, түсіндіру.
Сабақтың көрнекілігі: оқулық, тақта, кесте, тапсырмалар.
Пәнаралық байланыс: орыс тілі.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі:
1. Оқушылармен амандасу.
2. Кезекшінің мәліметі.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
Зат есімді қайталап келу.
ІІІ. Дәптермен жұмыс.
Күннің жадын және сабақтың тақырыбын жазу.
ІҮ. Жаңа сабақ.
1.Грамматикалық тақырыпты түсіндіру.
Есім сөздердің орнына қолданылатын сөздер есімдік деп аталады.
І. Тұлғасына қарай:
1. Негізгі мен, сен, не, кім.
2. Туынды біреу, мынау, қандай, барлық.
ІІ. Құрамына қарай:
1.Дара ол, анау, қанша.
2.Күрделі бірнеше, ешкім, кейбіреу.
ІІІ. Мағынасына қарай 7 түрге бөлінеді.
1.Жіктеу-мен, сен, ол, сіз, біздер.
2.Сілтеу-бұл, осы, мына, сол, ана.
3.Сұрау-кім? не? неше? қай? қашан? қалай?
4.Өздік-өз, өзім, өзің, өзі.
5.Белгісіздік-біреу, кей, кейбір, бірдеңі.
6.Болымсыздық-ешкім, ешбір, ешқашан, ешқайда.
7.Жалпылау-бәрі, барлық, бүкіл, барша.
2.Сөздік жұмысы.
Күні жоқ-нет жизни
Қазына –сокровище
3.Қанатты сөздермен таныстыру.
1-тапсырма. Қанатты сөздердің мәнін түсіндіру. Бір қанатты сөз бойынша шағын әңгіме құру.
Адамдардың табиғатсыз күні жоқ.
Оны айтуға табиғаттың тілі жоқ.
Жер-қазына,
Су-алтын,
Мал-байлық.
2-тапсырма. Көп нүктенің орнына тиісті әріптерді қойып, көшіріп жазу.
Туған жердің табиғаты-халқымыздың ұлттық мақтанышы. Сондықтан оны қорғауға, үлес қосу-біздің азаматтық борышымыз.
VI. Бекіту бөлімі.
Ү. Үйге тапсырма. Ережені жаттап келу. Есімдіктерге мысал келтіру.
ҮІ. Бағалау бөлімі.
Сабаққа қатысқан оқушыларды бағалау.
ҮІІ. Сабақты қорытындылау.
ҮІІІ. Күтілетін нәтиже. Есімдікті және оның түрлерін меңгеру, ажырата алу.
Сынып: 6
Сабақтың тақырыбы: Жер-ана. Есімдіктің құрамдық түрлері.
Сабақтың мақсаты: А) Оқушыларды есімдіктің құрамдық түрлерімен таныстыру, түсінік беру, дағдыларын қалыптастыру.
Ә) Тілін дамыту, сөздік қорын байыту, ой-өрісін дамыту, ауызекі сөйлеу дағдысын қалыптастыру.
Б) Табиғатқа деген сүйіспеншіліктерін арттыру.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ.
Сабақтың әдісі: баяндау, сұрақ- жауап, түсіндіру.
Сабақтың көрнекілігі: оқулық, тақта, кесте, тапсырмалар.
Пәнаралық байланыс: орыс тілі.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі:
1. Оқушылармен амандасу.
2. Кезекшінің мәліметі.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
Ү. Үйге тапсырма.
Ережені жаттап келу. Есімдіктерге мысал келтіру.
ІІІ. Дәптермен жұмыс.
Күннің жадын және сабақтың тақырыбын жазу.
ІҮ. Жаңа сабақ.
1.Грамматикалық тақырыпты түсіндіру.
Есімдіктің құрамдық түрлерімен таныстыру.
Дара есімдік мен, сен, сіз, ол, біздер.
Күрделі есімдік бірде-бір, әлдекім.
2.Сөздік жұмысы.
Қопару-раскапывать
Қорлау-издеваться
Таңғалу-удивиться
Себебі-причина
Шашу-раскидать
Тегістеу-выровнять
Қажетті-необходимый
Зейін-внимание
3. Тапсырма орындау.
3-тапсырма. Есімдіктерді жаттап, есте сақтаңдар. Осы есімдіктерден сөз тіркестерін құраңдар.
Бәрі ешкім-никто
Бүкіл ештеңе-ничто
Барлық ешқашан-никогда
Түгел ешбір-никто
бүкіл ешқайда-нигде
4. Мәтінді аударып, рөлге бөліп оқыңдар. Есімдіктерді теріп жазыңдар.
Ол, менің, сол, бәрі.
VI. Бекіту бөлімі.
Ү. Үйге тапсырма. Ережені жаттап келу. Есімдіктерді септеу.
ҮІ. Бағалау бөлімі.
Сабаққа қатысқан оқушыларды бағалау.
ҮІІ. Сабақты қорытындылау.
ҮІІІ. Күтілетін нәтиже. Есімдіктің құрамдық түрлерін меңгеру, ажырата алу.
Сынып: 6
Сабақтың тақырыбы: Қоршаған ортаны қорғау. Жіктеу, сілтеу, сұрау есімдіктері.
Сабақтың мақсаты: А) Оқушыларды есімдіктің түрлерімен таныстыру, түсінік беру, дағдыларын қалыптастыру.
Ә) Ой-өрісін дамыту, тілін дамыту, сөздік қорын байыту, ауызекі сөйлеу дағдысын қалыптастыру.
Б) Қошаған ортаны қорғауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ.
Сабақтың әдісі: сұрақ- жауап, баяндау, түсіндіру.
Сабақтың көрнекілігі: оқулық, тақта, кесте, тапсырмалар.
Пәнаралық байланыс: орыс тілі.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі:
1. Оқушылармен амандасу.
2. Кезекшінің мәліметі.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
Ережені жаттап келу. Есімдіктерді септеу.
ІІІ. Дәптермен жұмыс.
Күннің жадын және сабақтың тақырыбын жазу.
ІҮ. Жаңа сабақ.
1.Грамматикалық тақырыпты түсіндіру.
Жіктеу, сілтеу, сұрау есімдіктері туралы түсінік беру.
Жіктеу есімдігі-Кім? Не? Кімдер? Нелер? –Жақтық мағынаны білдіреді.
Жіктеу есімдігі көбіне адам аттарының орнына жүреді.
Мысалы: Мен, сіздер, олар.
Сілтеу есімдігі-Қай? Қайсысы?-нұсқау, көрсету мағынасын білдіреді.
Бұл, сол, осы, ол, мынау, әне.
Сұрау есімдігі-Кім? Не? Қанша? Қай? Қандай?-Сұрау мағынасын білдіреді.
2.Сөздік жұмысы.
Қоршаған орта-окружающая среда
Мәселе-проблема
Болашақ-будущее
Мөлдір-прозрачный
3. Оқулық бойынша жұмыс.
1-тапсырма. Мәтінді мәнерлеп оқып, өз ойларыңды айтыңдар. «Даналық ағашы» ойынын өткізу. (Оқушылар мәтінге байланысты бір сұрақтан қояды да, сандықшаға салады, содан соң оқушылар сандықшадан сұрақтарды алып, жауап береді)
2-тапсырма. Мәтін бойынша үш деңгейлі тапсырмаларды орындау.
ІІІ деңгей.
1.Мәтінге ат қойып, орыс тіліне аудару.
2. Есімдіктерді теріп жазу.
3. Қоршаған сөзіне фонетикалық талдау жасау.
ІІ деңгей.
1.Мәтінге жоспар құру.
2. «Қоршаған ортаны қорғаудың дүниежүзілік күнінің мақсаты қандай?» деген сұраққа жауап беру.
І деңгей.
«Қоршаған ортаны қорғау» тақырыбына бағдарлама жасаңдар.
VI. Бекіту бөлімі.
-Есімдіктердің қандай мағыналық түрлерімен таныс болдыңдар?
-Танысқан түрлеріне мысалдар келтіріңдер.
-Қоршаған орптаны қорғау дегенді қалай түсінесіңдер?
Ү. Үйге тапсырма. Ережені жаттап келу. 1-тапсырма мәтіннің мазмұнын айту.
ҮІ. Бағалау бөлімі.
Сабаққа қатысқан оқушыларды бағалау.
ҮІІ. Сабақты қорытындылау.
ҮІІІ. Күтілетін нәтиже. Есімдіктердің түрлерін ажырата алу, деңгейлік тапсырмаларды орындау.
Ол-жіктеу есімдігі, оның-і. с., әр, біздің.
Қор-ша-ған-3 буын, бітеу буын, ашық буын, біте буын.
8 әріп, 8 дыбыс, 5-дауыссыз, 3-дауысты дыбыс.
Қ-дауыссыз, қатаң.
О-дауысты, жуан, еріндік, ашық.
Р-дауыссыз, үнді.
Ш-дауыссыз, қатаң.
А-дауысты, жуан, езулік, ашық.
Ғ-дауыссыз, ұяң.
Н-дауыссыз, үнді.
Сынып: 6
Сабақтың тақырыбы: Диктант «Табиғат»
Сабақтың мақсаты: А) Есімдк бойынша алған білімдерін пысықтау, таза, сауатты жазуға үйрету.
Ә) Оқушылардың тілдерін дамыту, сөздік қорларын байыту, сөйлеу қабілеттерін арттыру.
Б) Табиғатты қорғауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: диктант.
Сабақтың әдісі: баяндау.
Сабақтың көрнекілігі: тақта.
Пәнаралық байланыс: орыс тілі.
Күтілетін неәтиже: Таза, сауатты жазу, есімдік пен оның түрлерін ажырата алу.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі:
-Оқушылармен амандасу. –Кезекшінің мәліметі.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
Ережені еске түсіру.
ІІІ. Жаңа сабақ.
Диктант
Табиғат – асыл қазына. Табиғатты сүйе білуіміз керек. Оның біздерге беретін пайдасы көп. Оны үнемі қорғауымыз керек. Табиғаттағы барлық нәрсе өзара тығыз байланыста болады.
Табиғат сәні – орман-тоғайлар. Адам өмірінде орманның алатын орны ерекше. Орманда бәрі бар: өсімдіктер, аңдар мен құстар, өзендер мен көлдер. Жасыл желек көп болса, денсаулыққа да жақсы. Осы байлықты қорғап, мұқият сақтай білу – бәріміздің борышымыз. Елімізде орманды қорғау ісіне ерекше мән беріледі. Орманды қорғай білейік, жас достар! ( 70 сөз)
Тапсырма.
Мәтіннен есімдіктерді тауып, түрін ажырату.
ІV. Бекіту бөлімі.
Сұрақтар қою арқылы бекіту.
Ү. Үйге тапсырма.
Ережені қайталау.
ҮІ. Бағалау бөлімі.
Оқушылардың дәптерлерін жинап алу бағалау.
ҮІІ. Сабақты қорытындылау.
Сынып: 6
Сабақтың тақырыбы: Жабайы аңдар. Сын есім.
Сабақтың мақсаты: А) Оқушыларға сын есім туралы түсінік беру, дағдыларын қалыптастыру.
Ә) Ой-өрісін дамыту, тілін дамыту, сөздік қорын байыту, ауызекі сөйлеу дағдысын қалыптастыру.
Б) Жабайы аңдарды қорғауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ.
Сабақтың әдісі: сұрақ- жауап, баяндау, түсіндіру.
Сабақтың көрнекілігі: оқулық, тақта, кесте.
Пәнаралық байланыс: орыс тілі.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі:
1. Оқушылармен амандасу.
2. Кезекшінің мәліметі.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
Есімдікті қайталап келу.
ІІІ. Дәптермен жұмыс.
Күннің жадын және сабақтың тақырыбын жазу.
ІҮ. Жаңа сабақ.
1.Грамматикалық тақырыпты түсіндіру.
Заттың сынын, сипатын, түрін, көлемін, сапасын, дәмін білдіретін сөздерді сын есім дейміз. Сын есімдер қандай? қай? деген сұрақтарға жауап береді.
І. Мағынасына қарай:
1.Сапалық ақ, қара, жеңіл, үлкен.
2.Қатыстық тұзды, ақшалы.
ІІ. Тұлғасына қарай:
1.Негізгі жақсы, әдемі, суық.
2.Туынды қысқы, таулы, күзгі, күшті.
ІІІ. Құрамына қарай:
1. Дара кіші, тар, нәзік.
2. Күрделі ұзын бойлы, жақсы-жаман, қызыл ала.
2. Жаттығу жұмысын орындау. (Сын есімді меңгерту)
3. Жабайы аңдар туралы сұрақ жауап өткізу. 1-тапсырма бойынша.
1. Қандай жабайы аңдарды білесіңдер?
2. Олардың мінездері қандай? (ақылды, айлакер, қорқақ, сақ, төзімді)
3. Жабайы аңдар қай жерлерде тіршілік етеді?
4. Олардың тұрақты мекені қандай?
4. Жабайы аңдар немен қоректенеді?
Ү. Бекіту бөлімі:
ҮІ. Үйге тапсырма. Ережені жаттап келу.
ҮІІ. Бағалау бөлімі: Сабаққа қатысқан оқушыларды бағалау.
ҮІІІ. Сабақты қорытындылау.
ІХ. Күтілетін нәтиже: Сын есімді меңгеру, сұрақтарға жауап беру.
Сынып: 6
Сабақтың тақырыбы: Болжағыш аю. Дара, күрделі сын есім.
Сабақтың мақсаты: А) Оқушыларға сын есімнің дара және күрделі түрі туралы түсінік беру, оны ажырата алу, дағдыларын қалыптастыру.
Ә) Ой-өрісін дамыту, тілін дамыту, сөздік қорын байыту, ауызекі сөйлеу дағдысын қалыптастыру.
Б) Жабайы аңдарды қорғауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ.
Сабақтың әдісі: сұрақ- жауап, баяндау, түсіндіру.
Сабақтың көрнекілігі: оқулық, тақта, кесте.
Пәнаралық байланыс: орыс тілі.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі:
1. Оқушылармен амандасу.
2. Кезекшінің мәліметі.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
Ережені жаттап келу.
ІІІ. Дәптермен жұмыс.
Күннің жадын және сабақтың тақырыбын жазу.
ІҮ. Жаңа сабақ.
1.Грамматикалық тақырыпты түсіндіру.
Дара сын есім бір сөзден тұрады. Мысалы: үлкен, биік, аласа.
Күрделі сын есім бірнеше сөзден тұрады. Мысалы:жақсы-жаман, ұзын бойлы, қызыл ала.
2. Сөздікпен таныстыру.
Бөрене-бревно
Тасқын су-половодье
Ойпат жер-низменность
Апанын кезіктірдім-увидел берлогу
Сақтану-опасаться
Ыңғайлы-удобный
Қателеспейді-не ошибаются
Болжағыш-предвидящий
Күрке-палатка
3.Мәтінді оқу, аудару. 2-тапсырма. 119-120 бет бойынша.
4.Деңгейлік тапсырмалар орындау.
3-тапсырма. «Болжағыш аю» мәтіні бойынша үш деңгейлі тапсырмаларды орындау.
ІІІ деңгей.
1.Мәтін бойынша 5 сұрақ қойыңдар. Өзара сөйлесіңдер.
2.Мәтіннен сын есімдерді өзі тіркесіп тұрған сөзімен бірге теріп жазыңдар.
Үлгі: тасқын су
3.Болжағыш сөзіне фонетикалық талдау жасау.
Бол-жа-ғыш-3 буын, бітеу, ашық, бітеу, 8 әріп, 8 дыбыс,
Б-дауыссыз, ұяң.
О-дауысты, еріндік, жуан, ашық.
Л-дауыссыз, үнді.
Ж-дауыссыз, ұяң.
А-дауысты, езулік, жуан, ашық.
Ғ-дауыссыз, ұяң.
Ы-дауысты, жуан, езулік, қысаң.
Ш-дауыссыз, қатаң.
ІІ деңгей.
1.Мәтіннен септік және жіктік жалғауы бар сөздерді теріп , жалғауларын ажыратыңдар.
Үлгі: аңшының (І.с), күркесіне (ІІІ ж. , т. ж., Б. с.)
2.Мәтіндегі аю неге болжағыш аю аталған? Сенднр қалай ойлайсыңдар?
3.Бөренелерді, аңдар, көктемде сөздерін құрамына қарай талдаңдар.
І деңгей.
Мәтіннің толық мазмұнын айтып беріңдер.
Ү. Бекіту бөлімі: Сұрақтар арқылы бекіту.
ҮІ. Үйге тапсырма. Сөздікті жаттап келу, дара мен күрделі сын есімдерге мысалдар келтіру.
ҮІІ. Бағалау бөлімі: Сабаққа қатысқан оқушыларды бағалау.
ҮІІІ. Сабақты қорытындылау.
ІХ. Күтілетін нәтиже: Сын есімнің дара мен күрделі түрлерін меңгеру, деңгейлік тапсырмаларды орындай алу.
Сынып: 6
Сабақтың тақырыбы: Мазмұндама. «Табиғатты қорғайық».
Сабақтың мақсаты: А) Оқушылардың алған білімдерін пысықтау, ой-өрісін кеңейту, сауатты жазуға дағдыландыру.
Ә) Оқушылардың тілін дамыту, сөздік қорын байыту. Ауызекі сөйлеу тілін жетілдіру.
Достарыңызбен бөлісу: |