Алтын Орда


Саяси дамуы Митрополит Алексийдің Жәнібектің әйелін соқырлықтан сауықтыруы. Бөлшектенуі



бет3/3
Дата06.02.2022
өлшемі1,52 Mb.
#81418
1   2   3
Байланысты:
Алтын Орда
Кенистиктеги тузудин тендуи, Ашық тәрбие сағат тақырыбы «Мемлекеттік рәміздер –елімнің мақтанышы», 9 сынып 4-нұсқа, ИФМ Мектепішілік бақылау кестесі 2022-2023, алгыс хат шара айшуак
Саяси дамуы

Митрополит Алексийдің Жәнібектің әйелін соқырлықтан сауықтыруы.


Бөлшектенуі

Алтын Орданың 1389 жылы шамасындағы иеліктері. Қоңыр түсті сызықтар қазіргі саяси шекараларды білдіреді. Тәуелді мемлекет — Мәскеу княздығы ақшыл-сарғыш түске боялған.
Ордаға жойқын соққыны Тоқтамыстың әскерін талқандап, астанасын қиратып, Қырым сауда қалаларын тонап, ең шебер қолөнершілерін өзінің астанасы Самарқандқа айдап әкеткен Әмір Темір берді.
15-ші ғасырдың алғашқы бөлігінде Литуанияның патшасы Витаутастың әскерлерін Ворскла өзеніндегі шайқаста талқандаған Едіге билікті қолға түсіріп, Ноғай ордасын құрды.
1440-шы жылдары Ордада тағы бір азамат соғысы бұрқ ете түсті. Енді ол бірнеше хандықтарға бөлшектеніп кетті: Қасым хандығы, Қазан хандығы, Астархан хандығы, Қазақ хандығы, Өзбек хандығы және Қырым хандығы әрқайсысы өз алдына билік құра бастады.
Бұл хандықтардың ешқайсысы да Мәскеу кінəздігімен күш сынаса алмады; ақыры 1480 жылы «Угра өзенінде болған тұрудан» кейін Мәскеу бағынудан мүлдем шықты. Мәскеу княздығы түбінде сол хандықтардың әрқайсысын (1550 жылдары Қазан мен Астарханнан бастап) басып алды. Ғасырдың соңына қарай Сібір хандығы Ресейдің құрамына кіріп, оның хандарының ұрпақтары орыстың патшасының қызметіне кірді.
Қырым хандығы 1475 жылы Османлы империясына бағынышты мемлекетке айналып, 1502 жылға қарай Ордадан қалғанды өздеріне бағындырып болды. 16-шы ғасырда және 17-ші ғасырдың басында Қырым татарлары оңтүстік Ресей, Украина және тіпті Польшаны жиі-жиі шауып отырды, бірақ Ресейді жеңуге немесе Мәскеуді басып алуға күштері жетпеді. Османлылардың көмегінің арқасында Қырым хандығы жалғаса беріп, тек 1783 жылғы сәуірдің 8-інде ғана ІІ-ші Екатеринаны оны тарқатып, жерін қосып алды. Алтын Орда мемлекетінің ең ұзаққа созылған мұрагер мемлекеттерінің бірі осы еді.
Қызылорда қызмет көрсету және сервис колледжі
Реферат
Тақырыбы: Алтан Орда
Қабылдаған: Нұрымбетова Фарида
Орындаған: Сердалиев Ерсұлтан
Тобы: 7-19 «Аспаз»

Қызылорда 2019ж

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет