25. Н3РО4 қышқылын бейтараптау үшін 0,1моль/л NaOH ерітіндісінің қанша көлемі қажет? Қышқылды 0,31г кальций фосфатынан алған.
Жауабы: 60мл.
26. Мына реакция теңдеулерін аяқтау керек:
а) PH3+KMnO4+H2SO4 →
б) Mg3P2+K2Cr2O7+HCl(сұйыт.)→
в) H3PO2+HNO3 →
г) P2H4+KMnO4+H2SO4 →
д) H3PO2+I2+H2O →
27. As, Sb және Bi элементтерінің концентрлі және сұйытылған HNO3 қышқылымен әрекеттесу реакцияларының теңдеулерін жазу керек, олар концентрлі күкірт қышқылымен қалай әрекеттеседі?
28. Мышьяк(III), сурьма(III) және висмут(III) гидроксидтерінің негіздік және қышқылдық қасиеттері қалай өзгереді? Аз еритін Sb(OH)3 және Bi(OH)3 заттарын бір-бірінен қалай бөледі?