Алюминий, алыну, қасиеттері, қолданылуы. Алюминийдің физикалық және химиялық қасиеттері. Оксидтері, гидроксидтері, амфотерлі қасиеттері


Қосылыстары, алыуы, олардың қасиеттері



бет55/69
Дата12.09.2020
өлшемі116,99 Kb.
#78276
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   69
Байланысты:
p-элементтер
p-элементтер
Қосылыстары, алыуы, олардың қасиеттері

Sе, Те ауада жанғанда диоксидтері түзіледі:

Те (Sе) + О→ ТеО(SеО2). Бұл диоксидтер-қатты, полимер заттар. SO– SeO2 – TeO2 қатары бойынша қышқылдық қасиеттері азаяды.

ТеОсуда нашар ериді, ол амфотерлік қасиет көрсетеді. SеОсуда жақсы ериді, екі оксид те сілтілерде жақсы ериді.

(TeO2) SеО+ 2NaOH = (Na2TeO3) Na2SeO3 + H2O,

TeO+ 4НСІ → ТеСІ4 + 2H2O

Осы оксидтерге сәйкес селенді және теллурлы қышқылдар тұздары –селениттер мен теллуриттер түзіледі. Бұл қышқылдардың күші H2SO3 − H2SeO− H2TeO3 қатар бойынша төмендейді. Бұл қышқылдарды тұздарына күшті қышқылдармен әсер етіп, бөліп алуға болады. Н2SeO– ақ, оны диоксидін суда ерітіп те алуға болады, ылғал жұтқыш, қатты зат, егер температура 700С-тан жоғары болса, айрылады; Н2ТеО3 полимеризацияланады, оны ТеО. хН2О деп те жазуға болады, амфотерлік қасиет көрсетеді. Екі қышқыл да әлсіз қышқылдар, күшті тотықтырғыштар оларды селен қышқылы мен теллур қышқылына айналдырады.

2SeO+ 2КМnO4 +3Н24 = 5Н2SeO4 + 2МnSО4 + К24 + 3Н2О

Теллурдың ортотеллур Н6ТеО6 және Н2ТеО4 метателлур қышқылдары бар. Н2SeO4 және Н2ТеО4 селен, теллур қышқылдары. Бұл қышқылдар-түссіз, қатты заттар. Н2SeO–күшті қышқыл, Н6ТеОәлсіз қышқыл. Н2ТeOжәне Н2SeO4 күшті тотықтырғыштар:

SeO42- + 4H+ + 2e = Н2SeO4 + Н2О, Е = 1,15в

Н6ТеО6 + 2Н+ +2e → ТеО+ 4H2OЕ = 1,02в

42- + 4Н+ +2e → Н2+ H2OЕ = 0,17в

Бұл мәндерден Н24 әлсізірек тотықтырғыш екендігін көруге болады, сондықтан олар НСI-ды СI2-ге дейін тотықтыра алады (Н24 – тотықтыра алмайды):

Н2SeO4 +2 НСI = СI+ Н2SеО+ Н2О

Селен қышқылында ыстық күкірт қышқылы да еріте алмайтын алтын ериді:

2Аu+6H2SeO4 =Au2(SeO4)3+3SeO2 +6H2O

бірақ платинаны еріте алмайды, тек селен және тұз қышқылдарының концентрлі ерітінділері қоспасы болса, платина мен алтынды ерітеді (хлор атомы бөлінетіндіктен):

2SeO4+4НСI+ Рt = PtCI4 +2SeO2+4H2O

Селенаттар сульфаттарға көбірек ұқсас: бірдей металдардың селенаттары мен сульфаттары ерігіштіктері бойынша жақын, ашудас сияқты қос тұз түзуге қабілеттіліктері де ұқсас, кристаллохимиялық структуралары жақын. Олардың арасында изоморфизм мысалдары көп, ал теллураттар бөлектеу, ВаТеО4 суда жақсы ериді. Сонымен бірге, селенаттар тұрақсыздау, оттегіні оңай бөледі, ал тотықсыздандырғыштармен қыздырған кезде селенді бөледі.

Ортотеллур қышқылын қыздырғанда триоксид түзіледі.

3000

Н6ТеО6 = 3H2O + TeO3 не H2TeO4 = H2O + TeO3

Селен триоксиды былай алынады: К2SeO+ SO3 = К2SO4+ SeO3,

SeO3 кристалды зат, суда жақсы ериді, TeO3 суда ерімейді. SeO3, TeO3 күшті тотықтырғыштар, суық тұз қышқылын SeO3 тотықтыра алады, ал TeO3-тек қыздырғанда: ЭО3 + 2НСI → СI2 +Н2ЭО3 әрекеттеседі, РоО3 алынған жоқ.

Селен қышқылы күші бойынша Н2SO4 жақын К= 1.10-2, ал теллур қышқылы әлсіз К= 2.10-8.

Сонымен, селен қышқылын SeO+ Н2О = Н2SeO4 алса, теллур қышқылын тек қыздырып, мына реакция бойынша алады:

0

Те + Н2О→ Н2TeO4 + 2H2O



(30%)

Күкіртті сутектің гомологтары Н2Se, Н2Те – ұшқыш заттар.

Оларды былай алады: АI2Te3 + 6H2O = 3H2Te + 2AI(OH)3 теллуридтерді, селенидтерді суда не сұйық қышқылдарда ерітіп те алады:

FeSe + 2HCI = FeCI2 + H2Se

Олар улы, түссіз, жағымсыз иісті газдар, суда ерітіп, әлсіз қышқылдарын алады. Н2S → Н2Sе → Н2Те қышқылдық қасиеттері артады, себебі халькоген мен сутегі арасындағы байланыстың беріктігі азаяды. Н2Те тек орта тұз түзеді.

Н2S → Н2Sе → Н2Те тотықсыздандырғыш қасиеттері жоғарылайды. Н2Sе және Н2Те судағы ерітінділерінде тотығып, бос Sе,Те бөледі. Газ тәріздес Н2Sе мен Н2Те жанғанда диоксидтер түтінденіп бөлінеді:

2Э + 2О2 → 2Н2О + ЭО2

Селенидтер (металдармен қосылыстары) қасиеттері бойынша көбірек сульфидтерге ұқсас. Сілтілік металдар, мыс және күміс селенидтері мен теллуридтері – стехиометриялық қосылыстар, селенсутек және теллурсутек қышқылдарының тұзы, олар оңай гидролизденеді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   69




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет