2021-2022 Қазақстанның қазіргі заман тарихы Сулейменова Қ.Қ
3– АҮМ
«Қазақстан тарихы» пәні бойынша барлық мамандықтарға арналған 5 кредит 3- тақырыбы: Монғол кезеңіне дейінгі Орталық Азиядағы түркі тілдес этностардың этномәдени интеграциясы кезеңдері
- 2 с.
1,2 семестр
2022-2023 оқу жылы
ассоц.профессор Сулейменова Қымбат Касымовна
Тақырыптың қысқаша мазмұны Түркі дәуіріндегі Батыс пен Шығыстың мәдени байланыстарына зерттеушілердің көзқарастары Түркі дәуіріндегі мәдени байланыстар мәселелері түрлі зерттеулерде Батыс пен Шығыстың өзара мәдени әсері тұрғысынан қарастырылды. Мәселенің батыстық зерттеушілер мен кеңестік және отандық тарихнамада талдануын қарастырып көрейік. Әсіресе батыстық зерттеушілер түркі халықтарының көрші халықтармен өзара мәдени байланыстары мәселелерімен тікелей айналыспаса да, олардың жалпы мәдени байланыстар, ондағы көшпелі халықтардың рөлі туралы пікірлері осы мәселені зерттеушілерге үлкен ықпалын тигізген ғылыми мектеп болды. Сондықтан қысқаша түрде батыстық мәдени-философиялық ойсананың қалыптасуы мен түрлі мәдени әсерлер тоғысындағы көшпелі халықтардың рөлі туралы пікірлердің даму кезеңдерін мына бағытттарда қарастыруға болады: - жалпы тарихи зерттеулерде мәдениет және мәдени байланыстар мәселелерінің көтерілуі және көшпелі халықтардың рөлі туралы тарихи бағалар; - Шығыс пен Батыс мәдениетінің өзара әсері мен байланыстары туралы тарихи зерттеулердің бағыттары мен сипаты. Жалпы зерттеулерде XІX ғасырдың екінші жартысынан бас тап адам мен мәдениетті зерттеуде тарихи қөзқарас басым орын ала бастады. Осы кезеңде қалыптасқан этнография ғылымы қоғамды зерттеудегі тарихи принциптің нығая түсуіне көп ықпал етті. Л.Г. Морган, Э. Тэйлор, М.М. Ковалевский1 және басқа да зерттеушілер ғылымға салыстырмалы-тарихи әдісті енгізді. Бұл ғалымдардың ілімдерінде әртүрлі идеялық ағымдардың ықпалы басым болды. XІX ғасырдағы этнография ғылымына кантық позитивизм, кейінірек Г. Спенсер идеялары өз ықпалын тигізді. XІX ғасырдағы эволюционистер салыстырмалы-тарихи тәсілді этнографиялық зерттеулердің нақты тәсілі ретінде пайдаланды. Бұл ғалымдардың еңбектерінде салыстырмалы-тарихи әдіс адамзат мәдениетіндегі ортақтықты анықтауға ұмтылды. Олар халықтардың мәдениетіндегі ортақ құбылыстарды табуды мақсат тұтты. Осы жағдайда жекелік ортақ адамзат мәдениетінің әртүрлі даму сатыларына сәйкес ретінде түсіндірілді. Мұндай тұрғыдан келу Кант іліміндегі адамзатты зерттеу кезінде жалпыдан жалқыға принципіне сәйкес келетін. Әр халықтың ерекшелігі – олардың тарихи қалыптасқан тайпалық немесе ұлттық ерекшелігі. Адамзат мәдениетінің ортақтық критерийін іздеу XVІ-XVІІІ ғасырлардағы ағартушылыр мен гуманистерден басталған еді. XІX ғасырдың алдыңғы қатарлы ғылымында бұл критерий ретінде «ақыл-ойдың түпкілікті теңдігі», барлық жер шары халықтырының «біртекті психикалық бірлігі» алынып, ол «адамзаттың психикалық бірлігі туралы» тезисте көрініс тапты. Мәдениет неғұрлым бай әрі толыққанды болған сайын мәде ни байланыстар соғұрлым тығыз, қарама-қайшылықты бола түс пек. Әртүрлі мәдени формалардың алмасуы қалай жүзеге асады? Алмасудың негізі болып байланысқа түскен халықтардың қо ғамдық-мәдени деңгейі, қабылдаушы-мәдениетке қабылданушы сипаттардың сәйкестігі негіз бола алады. Бөтен затты қабыл даудың негізін қоғамның өзі дайындайды. Қоғам бөтен жетістік терді не қабылдайды не оны кері итереді, себебі сол қоғамның дамуына сәйкес келмейтін жетістіктер қажеттілік тудыруы мүмкін емес. Бұл принципті XVІІІ ғасырдағы шотланд философағартушысы Адам Фергюсон былайша тұжырымдаған еді: «Ког1 Артановский С.Н. Историческое единства человечества и взаимовлияние культур. – Л.: Просвещение, 1967. – 268 с.да наций действительно делают заимствования у своих соседей, они возможно, заимствуют лишь то, что сами почти в состоянии были изобрести. Поэтому характерная сторона жизни какой-либо страны редко переносится в другую страну до тех пор, пока почва для этого не будет подготовлено наличием сходных условий»1. Әлемдік мәдени байланыстар тұтас теориялық мәселе ретінде XX ғасырда әртүрлі саладағы ғалымдардың – философтардың, социологтардың, тарихшылардың және этнографтардың зерттеу нысанына айналды. Батыс ғалымдарының ішінен ең танымалы ретінде А. Вебер мен А. Тойнбиді атауға болады. Вебер концепциясының негізінде идеалистік релятивизм жатыр. Оның концепциясында мәдениеттің жаны, оның идеологиясы, діні, көркемдік стилі өзіндік қайталанбас ерекше, ал мәдениет құбы лысы «неповторимые, не стремящие к некой общечеловеческой цели, несравнимые между собой и полностью своеобразные символы, выражающие нечто духовное, «душу» тех исторических организмов, которые породили эти символы»2. Вебер мәдениеттер арасындағы байланыстар арқылы жат мәдени құндылықтарды қабылдаудың органикалық дәрежеге жетпейтіндігін жазады. Алайда, Шпенглермен салыстырғанда техника, жаратылыстану және нақты ғылымдар оның ойынша барлық мәдениеттерде бірдей және олардың дамуы әлемдік масштабта жүзеге асады. Вебер осы салада ғана қабылдау мен игеру мүмкіндігі бар деп есептейді. А. Вебер К. Ясперс еңбегіндегі остік уақыт деп аталатын кезеңдегі құбылыстың себебін түсінді руде бірден-бір дәлелді пікір ұсынды. Яғни б.з.б. 800-200 жылдары әлемнің түпкір-түпкірінде бір-біріне тәуелсіз бірнеше көне өркениет ошақтары пайда болды. Осы құбылыстың негізгі себе бін А. Вебер көшпелі халықтармен тікелей байланыстырады. Орталық Азия далаларынан шығып, жылқыны қолға үйретуді бірінші болып қолға алған көшпелілер әлемнің түпкір-түпкірін шарлады. Олар көне мемлекеттер мен өркениет ошақтарын жау лап алды. Қатерге толы жорықтар оларға әлемнің нәзіктігі мен өмірдің өткінші екендігін түсінуге көмектесті. Билеуші нәсіл 1 Артановский С.Н. Историческое единство человечества и взаимовлияние культур. – 101-б. 2 Сонда. – 102-б
ретінде олар әлемге батырлық қасиетті танымды берді. Б.з.б. үш мың жылдықтан бастап Еуропа мен Жерорта теңізі, кейінгі кезеңде Иран мен Үндістан, Қытай жерлеріне дейін жеткен көшпелілер томаға-тұйық, жергілікті негізде дамып жатқан мәдениеттерге жаңа леп берді. Ендігі жерде тарих біртекті, тыныш, материалды отырықшы мәдениет пен қуатты, қозғалмалы, рухани көшпелілер мәдениеттері арасындағы күрес негізінде дамыды. Тарих ғылымындағы әртүрлі методологиялық бағыт мәдени ұқсастық пен өзара мәдени байланыс проблемаларын әртүрлі көзқарас негізінде қарастыруға әкеліп соқты. Өзара мәдени байланыстар мәселесін талдау ғылымның, оның тәсілдері мен негіздерінің, түсініктерінің дамуымен біршама өзгерістерге ұшырады.