Сатылай кешенді талдау технологиясы арқылы талдау дағдыларын қалыптастыру джетписбаева Сарсенгул Уразбековна



бет1/4
Дата11.05.2022
өлшемі52,5 Kb.
#142508
  1   2   3   4
Байланысты:
Досалы Жиззак
Батырлар

ӘОЖ 372.1
UDK 372.1
САТЫЛАЙ КЕШЕНДІ ТАЛДАУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ АРҚЫЛЫ ТАЛДАУ ДАҒДЫЛАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Джетписбаева Сарсенгул Уразбековна
п.ғ.к., доцент М. Әуезов атындағы ОҚУ, Шымкент, Қазақстан
Жетпісбаева Гүлжан Оразбекқызы
п.ғ.к., доцент Оңтүстік қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті Шымкент, Қазақстан
Досалы Аружан Мұханқызы
магистрант М. Әуезов атындағы ОҚУ, Шымкент, Қазақстан
Қазіргі заман талабына сай, әр мұғалім, өз білімін жетілдіріп, ескі бірсарынды сабақтардан гөрі, жаңа талапқа сай инновациялық технологияларды өз сабақтарында күнделікті пайдаланса, сабақ тартымды да, мәнді, қонымды, тиімді болары сөзсіз. Сондықтан, қазіргі даму кезеңі білім беру жүйесінің алдында оқыту үрдісінің технологияландыру мәселесін қойып отыр. Оқытудың әртүрлі технологиялары сарапталып, жаңашыл педагогтардың іс – тәжірибесі зерттеліп, мектеп өміріне енуде.
Сатылай кешенді оқытудың әртүрлі тәсілдері екі мағынада қарастырылады: оқушылардың және мұғалімдердің сатылай кешенді оқытудың ойлауын дамыту. Оқушыларға қатысты сатылай кешенді оқытудың ақпарат пен идеяларды синтездеу қабілеті, ақпарат пен идеяның шынайылығы мен салыстырмалы түрде маңыздылығы туралы ойлана білу қабілеті, өзінің оқуына қатысты таңдау жасау және басқалардың идеяларына күмәнмен қарау қабілеті ретінде түсіндіріледі. Оқушылардың сатылай кешенді оқытудың жұмыс тәжірибесін, жаңа тәсілдерді қолдану және бағалау әрекеттерін сыни тұрғыдан бағалауды қамтиды. Әр сабақта оқушылардың позитивті коммуникативтік қарым-қатынас үдерісінің белсенді мүшесіне айналуын, әрі ұжымда, қоғамда қалай қарым-қатынас жасау мәселесі төңірегінде ойлануына үлесін қосуда. Оқушының басқа адамның ойымен, пікірімен, көзқарасымен санасу, басқаны түсіне білу, өзін оның орнына қоя білуі–осы қасиеттердің бәрі де оқушының психологиялық ахуалын тудыруға бой алдырады.
Жоғарыда айтылып өткендей сатылай кешенді оқытудың әртүрлі тәсілдері пәнаралық байланыстың қазіргі оқыту – тәрбиелеу, білім беру жүйесінде оқушылардың дүниетанымын тереңдете отырып, оқытудың тиімділігін арттыруға көмектесуі ғылыми педагогикалық дәлелдеме ретінде танылады.Пәнаралық байланыс арқылы оқытудың дамытушылық, білім және тәрбие берушілік қызметі объективті түрде кеңейіп дамып отырады.
Бастауыш мектепте білімдердің жүйесі мазмұны жағынан өте күрделі, әрі кешенді болғандықтан олардың мәні мен меңгерілуі пәнаралық байланыс деңгейінде жүзеге асырылуы қажет. Оқушылардың жас және дара ерекшеліктерін игере отырып, оқыту үрдісіндегі пәнаралық байланысты жүзеге асыру бұл оқушының жеке тұлға ретінде дүниетанымының қалыптасуына, сонымен қатар мұғалімге өз жұмысының тиімділігін арттыруға себепші болады. Мұғалім әр сабақта тапсырма мен өзіндік жұмыс түрлерін қызықты әрі деңгейлік түрде құрастырып, отырғаны жөн. Сондай – ақ оқушы шығармашылығын шыңдауға пәнаралық байланыстың маңіызы зор.
Оқушылардың шығармашылық қабілеттері ашылу үшін белсенді формалар мен әдістерді қолдану керек: әңгімелесу, пікірталас, ойындар, тартыстар, жорықтар мен сайыстар, сұхбат, байқаулар, олимпиадалар, бақылаулар, шығармашылық еңбек, жобалар, дербес сабақтар. Оқушылардың қабілеттеріне қарай әрбір баланың ойын оятып, ойландыруға, талдау жасауға, салыстыруға жетелейтін жеке шығармашылық тапсырма береміз. Осындай әдістерді жиі пайдалану оқушылардың шығармашылыққа баулуына, шәкірт бойындағы талант көзін ашуға, тілін байытып, қиялын ұштаумен өз бетінше ізденуге зор әсерін тигізеді.
Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологиясын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық, ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу.Егер технологияларды басқалардан алуға ғана сүйенетін болсақ, біз өзіміздің технологиялық артта қалушылығымызды сол күйінде тұмшалап, технологиялық және ғылыми тұрғыда дамыған елдерге тәуелділікте боламыз. Сондықтан бізге өз ғылымымызды дамыту керек.Бәсекеге қабілетті технологиялар инновациялық экономиканың өзегі ретінде өздігінен пайда бола қоймайды. Бұл ұзақ үдеріс, ғылыми зерттеулердің, күрделі де шығынды эксперименттердің және ақыр аяғында, ғалымдардың идеялық нұрлануының қиындықпен келетін жемісі.
Әдіс–керекшіліктен шығатын нәрсе. Әдістің жақсы-жаман болмағы жұмсалатын орынның керек қылуына қарай. Мәселен, сауаттау әдісін алсақ, бір жұрттың сауаттау ісіне қолайлы болған әдіс екінші жұрттың да сауаттау ісіне қолайлы боларға тиіс деп айтуға болмайды. Екеуінің тілінің заңы, емлесінің жүйесі бірдей болса, біріне қолайлы болған әдіс, екіншісіне де қолайлы болуы мүмкін. Егер де тілінің заңы, емлесінің немесе әрпінің жүйесі басқа болса, ондабіріне жақсы болған сауаттау әдісі екіншісіне де жақсы болады деп ешкім айта алмайды.Әдісін алғанша қай істе болса, қиын болады. Әдісін алған соң, қайсысы болсада оңайланады. Істің шапшаң істелуі күйге жетуі, қайта-қайта істеліп, дағдығаайналған кезде болады.Екінші кемшілігі − қазақ мұғалімдері де, қазақ ішінде бала оқытатын оқуды дыбыспен жаттықтырудан бастамайтын көрінеді. Ол дыбыспен жаттықтырудың оқуды, жазуды жеңілдетуге пайдасы көп екенін білмегендік, я білсе де істеп көрмегендік. Дыбыспен балаларды жаттықтыру − оқу мен жазу үйретудің негізі. Істің басы түзу басталса, барысы да түзу болмақшы. Бұлардың бәрі де балаларды қинамай оңай оқытуға керек нәрселер. Қиналмай оқыса, оқуға балаларқызықпақшы, балалары тез хат білсе, ата-аналары балаларын оқытуға ықыластанбақшы. Сөйтіп, мұғалім жақсы оқыта білгені қазақ ішіндегі оқушыларды көбейтіп, оқу ісінің шапшаңырақ ілгері басуына күш берер еді. Ж.Аймауытов комплекс сөзіне екі түрлі көзқарас бар екенін де сөз етеді. Оның бірі – комплексті әдіс десе, екіншілері – жүйе деген. Әдіс деушілер комплекспен оқытқанда құбылыстар бір-біріне байланысқан, пайда болған, дамыған, еңбек шаруаға негізделген түрінде түйдек зерттеушілер болса, ал жүйені бұрынғы жағрафия, жаратылыс, тарих, ана тілі, есеп, физика болып бөлек-бөлек оқылған пәндердің бәрі бірігіп түйдектеліп оқылуын жақтаушылар. Ғалым әдістің аясы тар екендігін дәлелдей келіп, пікір мен жүйені – комплекс деп атауды ұсынады: “әдіс” деген сөз көп түрде қолданылады, “әдістің” мәнісі уақ, тар, ана тілінің әдісі, есеп әдісі, тәжірибе әдісі, серуен әдісі, зерттеу әдісі... деген сияқты толып жатқан әдістер бар. Комплекстің мәнісі бұл әдістің бәрінен кең, бәрінен терең. Әлгі айтылған “әдістер” комплекстің баласы тәрізді. Комплексті “әдіс” десек, балаларының атын әкесіне қойған сияқты боламыз. “Жүйе” деген кең мәнді сөз. Сондықтан да, жүйе деу керек деседі”.Ойлау адам өмірінде аса қымбат орын алады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет