Ақмағамбетова Лазат Мұқатайқызы



Дата19.05.2017
өлшемі54,93 Kb.
#16510
Ақмағамбетова Лазат Мұқатайқызы,

Петропавл қаласындағы № 2 орта мектебінің



математика пәні мұғалімі
Педагогикалық ұстанымым: Оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын, белсенділіктерін арттыру, ойлау қабілеттерін дамыту, ойын тиянақты дәл айта білуге үйрету;
Математика пәнінен ашық сабақ 8 «ә» сынып:

Тақырыбы: Интервалдар әдісі


Сілтеме

Жоспар, интерактивті тақта, кеспелер, кесте, презентация слайдтары

Жалпы мақсаты
  • Интервалдар әдісімен шешуді қайталау, интервалдар әдісін шешуде әр – түрлі әдістерді қолдана білуі тиіс

  • Интервалдар әдісімен есептер шығара білуі тиіс

  • Оқушылар алға қойған мақсаттарына жетуге тиіс.


Оқу нәтижесі

  • Интервалдар әдісімен шешу туралы білімдерін кеңейте түсу

  • Интервалдар әдісімен шешу кезінде алгоритмді қолдана білу

  • Алған білімдеріне қорытынды жасай білу

Негізгі түйіндер

Сыныптың сабақты игеру деңгейлері жақсы. Кейбір оқушының сабаққа деген белсенділіктері төмен. Сондықтан оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыту, сабаққа деген қызығушылығын одан әрі арттыру мақсатында оқушылармен өзіндік жұмыс істеуіне ықпал ету.


Тапсырмалар

1. Оқушыларға ой түрткі жасау

Оқушылардың алдына сұрақ қоя отырып, мәселенің тақырыбын ашу

2. Интервалдар әдісін қайталау

«Интервалдар әдісімен шешу» презентациясы

3. Квадрат теңсіздіктерді ажырата білу

Жеке дара

4. Интервал әдісіне алгоритм құру

Топтық жұмыс

5. Теңсіздіктерді шешу

Интерактивті тақта

6. Сәйкестендіру тест

Кеспемен жұмыс

Кейінгі оқу

Интервалдар әдісімен шешу әр деңгейдегі есептерден шығару.

Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары:

І.Ұйымдастыру кезеңі (1-2 мин)

ІІ. Үй жұмысын тексеру (АКТ) (1-2мин)

ІІІ. Өткен тақырып бойынша қайталау (12мин)

Оқушыларды 2 топқа бөлу және топтың атын анықтау,оларға нақты сұрақтар қоя отырып,олардың пәнге деген қызығушылықтарын арттыру.Бұл жерде мұғалім оқушыларға сұрақтар қоя отырып өткнн сабақта өтілген тақырпты еске түсіруге,олардың ойлау қабілеттерін дамытуға ,шапшандыққа,сөйлеп өз ойларын айта білуге ықпал ету.

1 –тапсырма Берілген теңсіздіктердің қайсысы квадрат теңсіздік болады:

А) 4у² - 5у +7 > 0

Б) 2х - 4 > 0

В) 4х² - 2х ≥ 0

Г) 3у – 5у² + 7 < 0

Д) 4 – 6х + 5х² ≤ 0

Е) 5у +3у - 6 < 0

Жауабы: А,В,Г,Д

2-тапсырма

Теңсіздіктерді интервалдар әдісімен шешу алгоритмін дұрыс жазыңыз:

1) Таңбасы теңсіздік таңбасына сәйкес интервалдарды жауап ретінде аламыз;

2)Интервалдың кез келген біреуінде функцияның таңбасын анықтап,осы интервалға анықталған таңбаны қоямыз;

3)Теңсіздіктің сол жағын нөлге теңестіріп, шыққан теңдеуді шешеміз, яғни сәйкес функцияның нөлдерін табамыз;

4)Берілген теңсіздікті Р(х)< 0, Р(х)>0, Р(х)<=0,Р(х)>=0 түрлерінің біріне келтіреміз;

5) Теңдеудің түбірлерінің мәнін сан осіне белгілеп, сан осін интервалдарға бөлеміз;

3-тапсырма Квадрат теңсіздіктерді шешу

1) х²-3х<0; 2) х²-4х>0;

3) х²+2х≥0; 4) -2х²+х+1≤0

І топ 1,3 ІІ топ 2,4

Дұрыс жауабы: 1. (0;3)

2. (-∞;0)U(4;+∞)

3. (-∞; -2]U[0; +∞)

4. (-∞; - 0,5]U[1; +∞)

ІV. Жаңа білімді қалыптастыру (20 мин) Оқулықпен жұмыс №308 ; 312

V.Білімді жүйелеу

Сәйкестендіру тесті(7мин)

VI. Үйге тапсырма:№307, №315

109-110бет

VII Бағалау (1-2мин)



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет