Сабақтың тақырыбы: Химия 11-сынып
Сабақтың мақсаты: оқушылардың осы модульдан алған білімдерін тиянақтау;
Сабақтың міндеттері:
*оқушылардың органикалық химияға байланысты лексиканы қайталап, сөздік қорларын кеңейту;
*грамматикадан туынды сөздерді , яғни біріккен, қысқарған, тіркескен, қос сөздерді қайталап пысықтау; грамматикалық тапсырмаларды орындату /сөз құрамына қарай талдау, морфологиялық талдау, синтаксистік талдау жасату/;
* химия ғылымының ауқымының кең екендігін түсіну,пәнге қызығушылығын арттыру.
Сабақтың типі: кірітктірілген сабақ /химия пәнімен/
Сабақтың түрі: қайталау
Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдер: сұра-жауап, әңгіме, диалог
Сабақты қолданылатын көрнекі құралдар: кеспелер, интерактивті тақта, постерлер, бейне мен аудио таспалар.
Интеграциялық мүмкіндігі: химия, қазақ тілі
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
Амандасу
Кезекшімен жұмыс:
-Бүгін кім кезекші?
-Бүгін нешесі?
-Аптаның қай күні?
-Сабақта кім жоқ?
3. Мұғалім сөзі:
-Балалар, бүгін бізде ерекше сабақ. Сабағымызда жоғары қонақтар отыр және де бүгінгі сабағымыз биология мен химия пәні мұғалімі Татьяна Алексеевнамен бірге өткізіледі. Сондықтан өздерің көріп отырғандай, бүгінгі сендерге жүктелетін міндеттер өте зор. Сендер бүгін бір сабақ үстінде 2 пәннен алған білімдеріңді ортаға салмақсыңдар. Сендерге тек сәттілік тілеймін. Сабағымызды бастайық.
-Бүгінгі сабағымыздың тақырыбын сендер өздерің анықтайтын боласыңдар. Ол үшін қазір тақтаға назар аударып шағын бейнетаспаны көресіңдер. /бейнетаспаны көру/
-Бейнетаспа не туралы? /химия туралы/
-Бейнетаспадан не көрдік? /химиялық тәжірибелер/
-Сабақтың тақырыбы қандай? /Химия /
Сабағымыздың ой-қазығы :
«Қайда қарасақ та, қайда көз жіберсек те көретініміз химия» М.В. Ломоносов айтқандай біздің өміріміз химия ғылымымен тығыз байланысты
Татьяна Алексеевнаның кіріспе сөзі.
«Ақылмандар сарабы» ойынын жүргізу.
3. Үй тапсырмасын тексеру. Т.А. (Петрушина Алина интерак. тақтада карта бойынша баяндайды )
4. Ал, енді, оқушылар, жаңа Алина көмірсу, көмірқышқыл деген сөздерді атап өтті: Құрамына құрай бұл қандай сөздер? /дара немесе күрделі ме?/
Күрделі сөздерді атап беріңдер: біріккен, қос, қысқарған, тіркескен./тақтада ереже/. Сонда бұл сөздер қандай: күрделі тіркескен зат есімдер.
5. Балалар, қазір сендерге тапсырмалар беріледі. Ол тапсырмаларды орындау үшін сендер жұп-жұптарыңмен жұмыс жасайсыңдар. Бір жұпқа бір арнай мәтін беріледі, сол мәтінге күрделді сөздерге байланысты грамматикалық тапсырмаларды орындау керек.
-Бірінші тапсырма қандай? Жауап береді
-Екінші қандай? Жауап береді.
-Мәтіндерді аудару үшін сендерге бір сөздер қатарын еске түсіру қажет. Тақтаға назар аударыңдар. /тақтада суретті сөздік/.
Бір оқушы сөздерді дауыстап оқып алады.
/Тапсырмаларға 10 минут уақыт беріледі/.
-Ал, дәптерлеріңді ашыңдар бүгінгі күн мен сабақтың тақырыбын жазып қойыңдар. Талдауды алдымен дәптерлеріңе жасап, содан кейін постерге көшіресіңдер.
/10 мин. кейін тексеру/.
6. /Уақыт өткен соң оқушылар мәтіндерін оқып аударады. Содан кейін тізбектеп тақтаға шығып талдауларын көрсетеді/. 1 жұп-мәтін оқып аударады. 2 жұп- біріккен сөзі бар сөйлемді тауып, синтаксистік тадау жасайды. 3 жұп- біріккен сөзді тауып, морфологиялық талдау жасау. 4 жұп- мәтін оқып аударады. 5 жұп –белгіленген сөзді сөз құрамына қарай талдау. 6 жұп- 3сөйлемге сұрақ құрастырып жазу. Тақтаға бір-бірден 3 оқушы /2,3,5 партадан/ шығады.
Мәтін
Органикалық заттар
Жасушаның 20-30 % пайызын органикалық заттар құрайды. Органикалық заттардан ақуыз, көмірсу, липидтер мен нуклеин қышқылдарын атап өтуге болады.
Ақуыз- жасушаның негізгі құрылыс материалы болып табылады.
Көмірсулар- күш-қуаттың қайнар көзі.
Липидтер- жасушаның мембран құрамына кіретін заттар.
Майлар-ағзадағы судың негізгі қайнар көзі болып табылады.
Нуклеидтік қышқылдар мұрагерлік ақпараттың берілуіне жауап береді. Сондай-ақ, жасушаның органикалық заттарына дәрумендер жатады. Олар заттардың ауысуына көмектеседі.
Мәтінді аударыңыз.
Мәтіннен біріккен сөзі бар сөйлемді тауып, синтаксистік талдау жасаңыз.
3.Мәтіннен біріккен сөзді тауып, морфологиялық талдау жасаңыз.
Мәтін
Анорганикалық заттар
Жасушаның маңызды анорганикалық заттары-су мен минералды тұздар
Су-барлық тірі заттардың негізгі құрамы. Ол заттардың 70% пайызын құрайды. Судың маңызы зор: ол еріткіш ретінде химиялық рекцияларды ерітінділермен жүзеге асырады. Су жасушаның түрін сақтауға мүмкіндік береді, яғни құрылыс функцияларын атқарады.
Минералды тұздар жасушада ион түрінде кездеседі. Ең негізгі функционалды маңызды катиондар К, Na және хлорианиондар сияқты минералды тұздар жасушаны органикалық заттармен қамтамасыз етеді.
Мәтінді аударыңыз.
Белгіленген сөзді сөз құрамына қарай талдаңыз.
3 сөйлемге сұрақ құрастырып жазыңыз.
Татьяна Алексеевнаға сөз кезегі беріледі.
Сабақтың қорытындысы:
Кезінде ғалымдар химия дегеніңіз – болашақтың ілімі деген екен. Шынымен де, ойлап қарасаңыз ұлы орыс химигі М.В.Ломоносов айтқандай, «Қайда қарасақ та, қайда көз жіберсек те көретініміз химия» дегендей біздің өміріміз химия ғылымымен тығыз байланысты.
Химияны үйрену – физика, биология, география қатарлы жаратылыстық ғылымдарды жақсы үйренуімізге және одан әрі зерттеуімізге көмектеседі.
-Бүгін не білдік? / анорганикалық және органикалық заттар туралы қосымша ақпарат/
9. Үйге: органикалық пен анорганикалық заттар туралы шағын эссе жазу.
10. Бағалау
Достарыңызбен бөлісу: |