89
ғылымға келуіне, магистратура, докторантурада оқуын ана тілінде
жалғастыруына
жағдай жасау, қазақ тілінің мәдени салада қазақ
ұлтының басын біріктіретіндей қызмет атқаруына жағдай туғызу,
қызметке конкурс бойынша қабылдағанда ұлтына қарамай, қазақ
тілін білетіндігі үшін кез келген
ұлт өкіліне артықшылық беру,
қазақ тілін білетіндер үшін жоғары ақылы қызмет орындарын
белгілеу сияқты ынталандыру жолдарын, сондай-ақ қазақ тілінде
жарияланған үздік еңбектер үшін бәйге тағайындау керек.
Қазақ тілін ғылым тіліне айналдыруда Б.Хасанов: «Дүние
жүзіндегі кез келген мемлекеттің академиясы өзінің мемлекеттік
тілінде жұмыс істейді. Бірсыпыра елде Академия құрамындағы Тіл
институттарынан тыс өз алдына Тіл академиялары бар. ...Несі бар,
мемлекеттік тілдің қоғамдық өмірдің
барлық саласында қызмет
етуін, әдеби тіл нормаларын қалыптастыру мәселесін ғылыми
негізде жүйелеп беретін, оның
іске асуын қадағалап отыратын,
қадағалап қана қоймай, оған ұйытқы болатын Қазақ тілі академия-
сын құрса, нұр үстіне – нұр. Ал мұндай академия құруға, шындап
кіріссе, материалдық негіз де бар, кадр да жеткілікті» дейді [28,
192.].
Қоғамдық өмірдің басқа салалары.
Қазақ тілінің қоғамдық
қызметін дамыту мүмкіндігі мол,
тек солардың көзін аша білу
керек. Мысалы, тіл реформасына дейінгі кезде қазақ тілінің
Достарыңызбен бөлісу: