Аман абасилов әлеуметтік лингвистика


Әлеуметтік лингвистикалық фактор



Pdf көрінісі
бет55/111
Дата20.11.2023
өлшемі2,06 Mb.
#192143
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   111
6.Әлеуметтік лингвистикалық фактор
.
Ел, аумақ көле-
міндегі тілдік орта түрлері, біртілділік, қостілділік және көп-
тілділік түрлері, олардың компоненттері болып саналатын тілдер, 
сол аумақтағы күллі тіл атаулының қоғамдық қызмет ауқымы, 
әрбір этнос өкілінің өз ана тілін және мемлекеттік тілді меңгеру 
деңгейлері.


92
7.Демографиялық фактор
.
Әрбір этностың демографиялық 
үлесі, табиғи өсімі, миграциялық процесі, қоныстану тығызыдығы, 
этностардың ана тілін және екінші тілді меңгеру деңгейлері, олар-
да сөйлеушілер саны.
8.Әлеуметтік фактор.
Неке, жеке отбасылардың этникалық 
құрамы, әлеуметтік рөлдері, әлеуметтік топтар мен жіктердің 
сөйлеу тілін таңдау тәжірибесінде ұлттық сана-сезім әсерінің 
барлығы не жоқтығы.
Субъективті сипаттағы факторлар: 
1.Әлеуметтік-психологиялық фактор.
Этнос өкілдерінің 
өз ана тілдерінің жекелігін, даралығын жеке түсіну деңгейі мен 
өз тіліне деген құрметі. Ел, аумақ тұрғындарының тілдік бағыт-
бағдары, олардың мемлекеттік тілге көзқарасы. 
2.Педагогикалық (кадрлік) фактор. 
Ел, аумақ көлемінде мем-
лекеттік және басқа тілдерді оқытып-үйретуші кадрларды даярлау, 
тіл дамытудағы мемлекеттік іс-шараларды жүзеге асыруда маги-
стратура, аспирантура, докторантура арқылы социолингвист кадр-
ларды дайындау.
3.Саяси фактор немесе тіл саясаты.
 
Тіл саясаты дегеніміз 
– мемлекет, қоғамдық ұйымдар тарапынан жүзеге асырылатын 
қоғамдағы тілдік жағдаятты өзгертуге немесе тұрақтандыруға 
бағытталған саяси, әлеуметтік және әлеуметтік лингвистикалық 
шаралар жүйесі.
Осы аталған обьективті және субьективті факторлар респуб-
ликамыздың жергілікті жерлерінде, әр түрлі аймақтарында түрлі 
дәрежеде өз ықпалын тигізіп отыр. Енді осы факторлардың тілдік 
жағдаятқа әсер ететініне тоқталайық.
1.Соңғы халық санағының мәліметтеріне қарағанда респуб-
ликамыздағы қазіргі 14 облыстың жетеуінде қазақтар сан 
жағынан барлық тұрғындардың көпшілігін құраса, бір облыста 
дәл осындай артықшылықта болмағанымен кез келген жекелеген 
өзге этностардың қайсысынан да жоғары пайызға ие. Сонда 14 
облыстың сегізінде саны жағынан барлық тұрғындардан басым да, 
қалған облыстарда орыстардан кейінгі орынды алады.


93
Ал аудандар бойынша қарар болсақ, еліміздегі қазіргі (1997 
жылдың мәліметі бойынша) 159 ауданның 94-нде қазақтар саны 
жағынан барлық тұрғындардың жартысынан астамын құраса, 65-
нде екінші, кейде үшінші, төртінші орындарды алады. Айталық, 
қазақтар 15 пайызға жетпейтін аудандар қатары – 8. Сондай-ақ 
қазақтары 5-10 пайызды ғана құрайтын да аудандар бар. Мысалы, 
оларға: бұрынғы Глубокое, Зырян, Шемонайха (Шығыс Қазақстан 
облысы); Осакаров (Қарағанды облысы); Феодоров (Қостанай об-
лысы) т.б..
Егер осыларды Қазақстанның аймақтары бойынша қарар 
болсақ, сан жағынан қазақтары басым келетін 8 облыстың төртеуі 
Оңтүстік аймаққа қарайды. Ал саны жағынан орыстары басым 
облыстардың төртеуі Солтүстік аймаққа, бірі орталық аймаққа
қалғаны Шығыс аймаққа қарайды.
159 ауданның Оңтүстік аймаққа қарайтын 44 ауданның 36-сын-
да қазақтар барлық тұрғындардың жартысынан астамын (63%) 
құрайды да бесеуінде дәл осындай болғанымен сан жағынан кез 
келген этностан басымдылық танытады. Үш ауданда 15 пайыздан 
жоғары, сол сияқты батыс аймақтағы 35 ауданның 31-нде қазақтар 
саны жағынан көпшілікте болса, төртеуінде қай этностан бол-
сын саны жағынан басымдылық танытады. Ал солтүстік аймаққа 
қарайтын 56 ауданның 10-да ғана қазақтар барлық тұрғындардың 
жартысынан астамын құрайды да, 18 ауданда 30 пайыздан асады, 
28 ауданда одан да азшылықта болып отыр. Шығыс пен орталық 
аймақтар бұл мәселеде өзара шамалас. Алайда, солтүстік аймаққа 
қарағанда едәуір тәуір болғанымен оңтүстік пен батыс аймақтарға 
жете алмайды. Шығыс аймақтағы 15 ауданның 10-да қазақтар 
барлық тұрғындардың жартысынан астамын құрайды, ал 5-нде 
азшылықта. Орталықтағы 9 ауданның жетеуінде қазақтар саны 
жағынан басым, екеуінде азшылық күйде. 
Ал Қазақстан аймақтарындағы қалалардың барлығында дер-
лік орыстар саны жағынан жоғарғы пайызға ие. Егер осы айтыл-
ғандарды қорытындылай қарасақ, оңтүстік пен батыс, сондай-
ақ шығыс және орталық аймақтарда қазақтардың үлес салмағы 


94
ауылдық жерлерде басым болып, тек кейбір қалалы жерлерде не 
олардың айналасындағы санаулы аудандарда ғана азшылықта бол-
са, солтүстік аймақта ауылдық жерлерде де, қалалы жерлерде де 
сандық үлесі жағынан да, сонымен бірге тілі жағынан да екінші, 
үшінші дәрежеде қалғанын көруге болады.
2.Қазақстан аймақтарын сөз еткенде, сондай-ақ аймақтардағы 
қазақ және орыстардан кейінгі орынды алатын өзге этностардың да 
барлық тұрғындар ішінде алатын сандық үлес салмағы мен тілдік 
бағыт-бағдарын анықтап алу да маңызды мәселе болмақ. Өйткені 
кеңес үкіметінің тіл бірыңғайлығы саясаты түпкілікті халық – 
қазақтардың өзін Отанында тілінен айрылуына әкелсе, өз Отаны-
нан тысқары жердегі өзге аз санды этностардың тілінен айырылу 
былай тұрсын, жартысынан астамының ұлттық-этникалық бел-
гілерін жоғалтып, орыстармен бірге жаңа қоғамдастық құрған. Бұл, 
әсіресе, украин, белорустардың арасынан анық байқалады. Мыса-
лы, соңғы халық санағының мәліметінде Қазақстандағы барлық 
украиндардың ішінде өз ұлтының тілі ана тілім деп көрсеткені 
тек 36,6 пайызды ғана, ал 63,6 пайызы орыс тілін ана тілім деп 
мәлімдеген. 
Ал беларустардың өз ұлтының тілін ана тілім дегені 34,5 пайы-
зы да, 65,3 пайызы орыс тілін ана тілім деп көрсеткен. Сондай-ақ, 
көптеген облыстарда саны жағынан қазақ және орыстардан кейінгі 
үшінші орынды алатын немістердің де 45,4 пайызы орыс тілін ана 
тілім деп санайды. 
Осы аталған этностар республикамыздың көптеген аймақ-
тарында, атап айтқанда, солтүстік, орталық пен шығыс аймақ-
тарда онсыз да саны жағынан басым болып келетін орыстар мен 
орыстілділердің санын еселей өсіріп отыр. Мысалы, Қазақстанның 
солтүстік аймағындағы барлық тұрғындардың 10,6 пайызын 
құрайтын немістердің 49,2 пайызы орыс тілін ана тілім деп 
көрсетсе, 47,5 пайызы орыс тілін екінші тіл ретінде меңгерген. 
Ал осы аймақта немістерден кейінгі орындағы украиндардың 
65,5 пайызы орыс тілін ана тілім десе, 30,6 пайызы оны екінші 
тіл ретінде білетіндігін көрсетеді. Дәл осындай жағдай орталық 
аймақтағы Қарағанды және шығыс аймақтағы Шығыс Қазақстан 


95
облыстарында да байқалады. Бұл олардың қай-қайсысы болмасын 
күнделікті өмірде орыс тілін қолданады, өз тілдерін отбасылық 
қатынастарда ғана, оның өзінде ішінара ғана немесе мүлдем 
қолданбайды деген сөз. Демек, осы аймақта жиі қоныстана оты-
рып, өз тілінен айырылуға душар болып отырған этностардың ана 
тілдерін дамытуға жағдай жасау қажет. 
Өзге этностар үшін мұндай жағдайдың туғызылуы, біріншіден, 
олардың орыс тілінің ықпалынан шығып, өз ана тілдеріне табы-
суына мүмкіндік әкелсе, екіншіден, қазақ тілін мемлекеттік тіл 
ретінде меңгеруіне, яғни қазақ тілінің ұлтаралық қатынас құралы 
ретінде дамуына жол ашылар еді. Үшіншіден, өзара татулық пен 
ынтымақтастықта өмір сүруі үшін Қазақстан халықтары ортақ тіл-
де сөйлеуі тек мемлекет үшін ғана емес, әрбір қазақстандық үшін 
қолайлы болмақ.
Сол сияқты кейбір аймақтарда тығыз қоныстанған этностарға 
өзбек, ұйғыр және татарлар жатады. Олар көбінесе оңтүстік 
аймақтағы облыстарда ғана емес, сондай-ақ саны жағынан оры-
стар басым келетін облыстарда қазақы тілдік ортаның кеңінен 
өрістеуіне өз ықпалын тигізіп отырғаны анық. Мәселен, оңтүстік 
аймақта қазақ тілін ана тілі және екінші тіл ретінде өзбектердің 5,7 
пайызы, татарлардың 9,3 пайызы меңгерсе, батыс аймақта өзбек-
тердің 3,6%, татарлардың 2,6%, солтүстікте өзбектердің 7,7%, 
шығыста 16,8%, татарлардың 13,5% меңгергендігін көруге болады. 
Бұл мәліметтер қазақ тілінің әлі де жеке дара мемлекеттік 
тіл мәртебесін ала қоймаған уақытындағы 1989 жылы халық 
санағының көрсеткіштері болса, бүгінгі күнде бұл айтарлықтай 
өзгерістерге ұшыраған. Мысалы, 1994 жылы Жоғарғы Кеңестің 
ақпарат-талдау орталығы мен Қазақстан Республикасының тіл ту-
ралы мемлекеттік комитеті жүргізген сұрау салудың нәтижелері 
бойынша ұйғырлардың 75%,өзбектердің 76%, татарлардың 50%, 
қазақ тіліне аса ықыласты екендігін көрсетеді.
3.Қазақстан аймақтарындағы тілдік жағдаяттың қалыптасуына 
сол аймақтардың өзіндік аумақтық орналасуына қарай түрлі 
деңгейде жағрапиялық факторларда әсер етуде. Айталық, жоғарыда 


96
аталған аймақтардың ішінде жағрапиялық фактор мәселелері 
әсіресе, Қазақстанның Ресеймен шекаралас орналасқан солтүстік 
аймағындағы облыстарда мемлекеттік тілдің кеңінен өркен жа-
юына, қолдануына кері әсерін тигізіп отыр. Нақтырақ айтсақ
солтүстік аймақтағы 56 ауданның 15-тен астамы Ресеймен шека-
раласады екен.
Бұл аудандардың барлығында дерлік бір кезеңде ұлы халық 
атанған орыстардың саны соншама сұйық момын қазақтың 
тілін мемлекеттік тіл ретінде білуі былай тұрсын, өздерінің қай 
елдің аумағында тұратынын сезінбеуі де етек алған. Оның үстіне 
сол жерлерде арам пиғылды Ресей саясатшыларының әр түрлі 
құйтырқы саясатының қоғамдық пікір туғызып, дау-жанжал 
өрістетіп отырғаны күнделікті баспасөз беттерінде аз жарияла-
нып жүрген жоқ.
Ал оңтүстік аймақтағы жағырапиялық фактордың әсер етушілігі 
көп жағдайда бұған керісінше. Мұнда бір жағынан қазақы тіл-
дік ортаның күштілігі (65 пайыздан жоғары), екінші жағынан 
көршілес отырған түркі тілдес халықтардың қазақ тілін білуі, оның 
этносаралық құралы бола алатындығын көрсетіп отыр. 
Осыларды негізге ала қарасақ, қазақ тілін оқып, үйренудің 
базалық негізі бар оңтүстік пен батыс аймақтарда қазақ тілінің 
қолданылу өрісін неғұрлым қалалық жерлерде дамыту керек болса, 
орыс және өзге тілдерді басым көпшілігінде қазақтар орналасқан 
ауылдық аудандарда қазақ – ұлттық екі жақты қостілдігін дамыта 
отырып оқыту, үйрету керек. 
Шығыс және орталық аймақтарда қазақ тілін әсіресе қалалы 
жерлерде, сонымен бірге қала маңындағы кейбір аудандар-
да қолданылу өрісін кеңейту қажет. Ал қазақ тілін үйрену база-
сы нашар солтүстік аймақтағы қалалар да, ауылдық жерлерде 
де алдымен қазақтардың өз арасында ана тілі ретінде сақталуын 
бақылау қажет. Содан кейін ғана оны өзге этнос өкілдері арасын-
да дамытудың нақтылы іс шаралары жасалуы тиіс. Демек, бұл 
аймақта мемлекеттік тілді дамыту алдымен аймақтың геосаяси 
жағдайын демографиялық саясатпен бірлікте қарастырылу керек. 


97
4.Аймақ бойынша тіл дамыту мәселесі олардың ішкі 
мүмкіншіліктерін барынша толық іске қосуды қажет етеді. Соның 
бір ғана мысалына сол өңірдегі Кеңес заманында аты өзгерген 
қазақы жер-су атауларының қайта қалпына келтіруі, қазақшасынан 
бұрмаланбай дұрыс айтылуы мен жазылуын жөнге салу аймақтық, 
облыстық деңгейлерде қолға алынатын шаралар. Мысалы, 
солтүстік аймақтағы бір ғана Ақмола облысындағы 163 селолық 
округтердің 110-ны орысша жазылады. Қалған 53-нің біразының 
аты бар да заты жоқ, өйткені қате жазылады, бұрмаланған. Орысша 
жазуға келмейтіндіктен емес, құлықтың жоқтығынан, қазақша ата-
уды менсінбеуден. Әйтпесе Қорғалжын, Шиел, Қосшоқы, Шалқар 
сияқты елді мекендер Кургальджинский, Чилинский, Косчекен-
ский деп жазылар ма еді? Ерейментауды орысша Ерментау деп 
жазуға бойымыз әбден үйреніп те алды. Компартия көсемдері мен 
Кеңесті дәріптейтін атаулар да азаяр емес. Калинин, Киров (Ақкөл 
аудына), Ленин, Жданов, Калинин (Атбасар ауданы), Буденовка, 
Роза Люксенбург (Бұланды ауданы), Калинин, Киров (Целинон-
град ауданы), Октябрьское, Советское, Комсомольское (Шортанды 
ауданы) селолары осыған дәлел. Ал Ерейментау ауданында Ленин 
атында село мен кеңшар бар.
5.Бүгінгі таңда нарықтық экономиканың енуі қоғамымыздағы 
күллі салаларында мемлекеттік тілдің бұрынғыдан да аяныш-
ты халге түсуіне себепші болып отыр. Қазақ тілінің кеңінен өріс 
алуына осы уақытқа дейін орыс тілінің көлеңкесі түсіп келсе, 
енді түрлі хабар, жарнамалар арқылы ағылшын тілінің өзіндік 
ықпалы күшейе түсуде. Сондықтан бүкіл ел аумағында жарнама 
мәселесінің барлығы тек мемлекеттік тілде болуы және оның әдеби 
нормасының сақталып, жарнама мәдениетіне сай болуы жергілік-
ті әкімшіліктерде қолға алынатын шаралар. Ал ол үшін жарнама 
түрлерінің мемлекеттік тілдегі үлгілері бекітілуі қажет.
6.Тілдің ақпарат тілі болуы – оның қолданылу аясының кеңею 
кепілі. Бұл мәселеде қазақ тілінің бағы ашылмай-ақ келеді. Мы-
салы, еліміздегі 210 телекомпанияның 11-і ғана мемлекеттік тілде 
хабар береді. Бұл небәрі – бес-ақ пайыз. Ал орыс тіліндегісі – 48 


98
пайыз. Әлемдік тәжірибеде өзге тілдердің бұл саладағы қызметінің 
мемлекеттік тілден аспауы кеңінен тараған заңдылық болса, ал бі-
зде керісінше күйде болып отыр.
Сондай-ақ еліміздегі 74 облыстық мерзімді басылымдардың 
қазақ тілінде тек 30 пайызы ғана шығады, ал 52 пайызы орыс 
тілінің еншісінде. Бұл мәселелер де аймақ деңгейлерде өз шешімін 
табуы қажет-ақ.
7.Қажетті кадр болмаса, қажетті адам күші мен құралдар бол-
маса, осы игі тілектің бәрі бос сөз күйінде қалады. Халық, достар 
наразы болады, дұшпан күледі. Демек, ұлттық кадрларды сол 
жергілікті жерлерге, аймақтарға сай дайындау қолға алынуы тиіс. 
Кадрлардың мемлекеттік тілде іс жүргізуі алдымен мемлекеттік 
деңгейде, аймақтық, облыстық көлемде арнайы, нақтылы тізімдер-
мен есепке алынуы қажет. 


99


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   111




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет