71
ә) өзге елдің тілі – олар әдетте өзінің бір ғана өмір сүру фор-
масында қызмет етеді. Мысалы, Батыс Европадағы дін және
ғылым тілі ретінде жазбаша қатынас құралы қызметін атқаратын
латын тілі, Азия және Африка елдеріндегі бұрынғы колониялдық
басқармалар тілі (ағылшын, француз т.б.).
2.Аймақтық тіл
– бұл сол қоғамдағы жалпы тілдік мәртебесі
жоқ тілдің өмір сүру формаларының бірі. Көпұлтты мемлекеттер-
де аймақтық тіл ретінде ірі этностық қауымдастықтың (ұлттың)
әдеби тілі, ірі ұлыстардың жазусыз тілдері, ал бірұлтты мемлекетте
диалектіүстілік койнелер қызмет етуі мүмкін. Аймақтық тілдердің
қызметтік мәртебесі микроаралық тілдерге
қарағанда өте төмен
болады.
3.Жергілікті тіл
– бұл көпұлтты мемлекеттегі азшылық
ұлыстар тілі (әдетте азшылық ұлыстар өзге де қарым-қатынас
құралдарын – макроаралық немесе аймақтық тілдерді меңгереді)
немесе бірұлтты мемлекеттегі
қаланың қарапайым сөйлеу тілі,
жергілікті диалектілер.
Жергілікті тілдердің негізгі таралу формасы – ауызша, ал негізгі
қолданылу саласы – тұрмыс, шаруашылық қызмет.
4.Кәсіби тіл
– бұл әлеуметтік диалектілердің бір типі. Оларға:
а) кәсіби тіл (лексикалық жүйедегі);
ә) саудагерлер, қолөнершілер т.б. тілдері (арго) жатады.
5.Ғұрыптық тіл
– бұл ерекше салаларда ғана қолданылатын
культтық тіл. Мысалы, котолик шіркеуіндегі латын тілі, провосла-
вян дініндегі шіркеулік славян тілі, хиндизмдегі санскрит тілі, буд-
дизмдегі поли тілі, мұсылман дініндегі араб тілі т.б.
Тілдерді белгілі бір типтерге бөлуде шетелдік ғалымдар зертте-
улеріне
назар аударсақ, А.Мартине тілдің мынадай үш сатыдан
тұратын пирамида түріндегі қызметтік сипаттамасын ұсынады:
1) диалекілер мен жергілікті жерлерге тән тілдер;
2)
тар көлемде таралған тілдер;
3) аралық-тілдер.
Ал У.Стюарт тілдердің мынадай типологиясын көрсетеді:
1) нормаланбаған ана тілі;
72
2) нормаланған, бірақ қазіргі
кезде қолданылмайтын тіл;
3) аралас тіл (пиджиндер тәрізді);
4) жасанды және маргиналды тілдер.
Ч.Фергюссон тілдерді мынадай үлгіде топтастырып көрсетеді.
1) негізгі тіл;
2) екінші дәрежелі тіл;
3) арнаулы тіл.
Шетелдік ғалымдар классификациясы
жөніндегі мәліметтер
мына еңбектерден алынды: Швейцер А.Д., Никольский Л.Б. Вве-
дение в социолингвистику – Москва: Наука, 1976. – С. 87-88, 100;
Никольский Л.Б. Аталған еңбек. 39-40-б.; Швейцер А.Д. Вопросы
социологии в современной американской лингвистике. –Ленин-
град: Наука, 1971. –С. 74-80.
Ал Қазақстандағы тілдердің атқаратын қызметі туралы
Б.Хасанұлыны «Ана тілі – ата мұра» еңбегінде былай көрсетеді:
«Қазақстан -128 тілден тұратын бай лаборатория. Егер тіл атау-
лыны сөйлеушілерінің санына қарай бір сапқа тізер болсақ, көш
басында қазақ тілі де, ең соңында екі адам ғана сөйлейтін эн тілі
орналасқан болар еді.
Қазақстандағы халық тілдерін сөйлеушісінің саны мен атқарып
келе жатқан қоғамдық қызметінің көлеміне қарай шартты түрде үш
топқа бөлуге болады: 1) қоғамдық қызметінің ауқымы кең тілдер;
2) қоғамдық қызметінің ауқымы тар тілдер; 3) қоғамдық қызметі
нашар дамыған тілдер.
Алғашқы
топқа қазақ, орыс тілдері жатады. Өзге тілдердің
ішіндегі қоғамдық қызметі көлемдіректері – ұйғыр, дүнген, корей,
өзбек, тәжік, украин т.б. тілдер [28,159.].
Достарыңызбен бөлісу: