Аманжол Жеңіс Досболқызы


Іс жүзінде қолдану нәтижелері



бет5/6
Дата22.11.2023
өлшемі1,63 Mb.
#192967
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
жас маманнын педагогиалык идеясы

2.2. Іс жүзінде қолдану нәтижелері
Педагогикалық практикадан өту барысында дипломдық жұмыстың аясында физика,математика және информатика сабақтарында STEM технологиясын қолдана отырып сабақтар өткізілді. Эксперимент жасау барысында 9 «А» және сыныбы алынды. Сыныпта барлығы 25 оқушы. Оқушылар белсенді деп айта аламын. Алайда, математика және информатика сабақтарын өткізуде аса бір қиыншылық болды деп айта алмаймын. Көбісі физиканы формула,теория,ғалымдардың атауымен ғана таниды.Сабақта STEM технологиясын қолданып оқушылардың пәндерге деген қызығушылығын арттырдым. Оқушыларға сабақ өтпес бұрын олардың STEM бағдарламасымен қаншалықты таныс екендігін анықтайтын сауалнама алынды. Сауалнама негізі келесі кесте түрінде болды:



Сауалнама сұрақтары

Иә

Жоқ

STEM бағдарламасы деген сөзді естуіңіз барма ?

47%


53%


STEM бағдарламасының бізге пайдасы бар деп ойлайсыз ба ?

50%


50%


STEM бағдарламасын сабақтарда қолдану тиімді деп ойлайсыз ба ?

45%


55%


Алдағы уақытта STEM бағдарламасымен сабақтар өткізілсін ба ?

57%


43%


Сауалнама негізінен байқағанымыздай оқушылар STEM бағдарламасымен толық таныс емес. STEM сабақтар өткізілген күннің өзінде, оның STEM сабақ екенінен бейхабар десек болады. Осы орайда оқушыларға сабақ беретін пән мұғалімдерінен сауалнама алынды:



Сауалнама сұрақтары

Иә

Жоқ

Сіз сабақ өту барысында STEM бағдарламасын қоладанасыз ба?

60%


40%


STEM бағдарламасы тиімді деп ойлайсыз ба ?

65%


35%


Оқушылардың STEM сабақтарға деген қызығушылығы бар ма ?

55%


45%


Алдағы уақытта STEM бағдарламасы арқылы сабақтар өтесіз бе ?

60%


40%


Сауалнама негізінде оқушылардың STEM бағдарламасымен толық таныс емес екендігі анықтылды. Осы мақсатта оқушыларға STEM бағдарламасы таныстырылды.
Эксперименттік-зерттеу үш кезеңді қамтыды:
1. Анықтау эксперименті. Педагогикалық эксперименттің бірінші кезеңінде бақылау және эксперименттік топтардағы мектеп оқушыларының «STEM бағдарламасы» тақырыбын зерттеудегі негізгі дағдыларын қалыптастырудың бастапқы деңгейі анықталды.
2. Қалыптастырушы эксперимент. Педагогикалық эксперименттің бұл кезеңі 9-сынып оқушыларының жобалық әрекетін қалыптастыру барысында жиі кездесетін олқылықтарды ескере отырып қосымша білім беру бағдарламасы бойынша өткізілді. STEM бағдарламасы бойынша әр топқа жобалық сабақтар берілді. Жоба математика, физика және информатика сабақтарының негізінде құрылды.
3. Бақылау эксперименті. Педагогикалық эксперименттің қорытынды кезеңінде эксперименттік жұмыстың нәтижелері талданды. PIZA есептеріне мысалдар ұсынылды. Оқушылардан 15 сұрақтан тұратын бақылау алынды.
STEM аббревиатурасы ағылшын тіліндегі «science, technology, engineering, mathematics» деген сөздерден алынған. Яғни, бұл бағыт бір мезгілде ғылым, технология, инженерия және математиканы біріктіре отырып, академиялық бағытта дамыту дегенді білдіреді. «STEM» ұғымын ең алғаш 1990 жылы америкалық бактериолог Р.Колвэлл ұсынған.Тоқсаныншы жылдары Америкада жоғары технологиялық компанияларда осы инновациялық технологияның тілін білетін жоғары білікті кадрларға тапшылық байқалды. Сондықтан білім беру саласында жаратылыстану және нақты ғылымды бір бүтін етіп қарастыратын STEM-тәсіл деген пайда болды. Бүгінде өзінің ғылыми-техникалық элитасын дамытуға бағыт алған елдерде STEM-тәсілі мемлекеттік деңгейде енгізіліп жатыр.
STEM-білім беру – инженерлік шығармашылық пен математика, жаратылыстану ғылымдары мен технологиялардың кіріктірілуі негізінде жоба және пәнаралық амалдарды байланыстыратын жаңаша ойлау және жаңа технологияларға бағытталған ғылымдардың бірігуі.
STEM-білім беру артықшылықтары: сыни тұрғыдан ойлау, ғылыми-техникалық білімді күнделікті өмірде пайдалану, белсенді қарым-қатынас құру және командамен жұмыс жасау, техникалық пәндерге қызығушылықты арттыру, жобаларға креативті және жаңашыл көзқарас, оқу мен карьераның ұштасуы.
STEM-білім берудің кілттік мақсаты – оқушылардың білу және істей алу қабілеттерін өнертапқыш шешімдер, зерттеушілік қызметтер және тәжірибелік форматтарда көрсету.
Күтілетін нәтиже – оқушылардың фукционалдық сауаттылықтары, олардың өмірлік және кәсіби перспективалары, өз күштеріне деген сенімділік. STEM-білім берудің үздік педагогтері мақсат тек қана құзыретті жұмыс күшін тәрбиелеу ғана емес, оқушылардың «қатты» және «жұмсақ» дағдыларын қалыптастыру қажеттігін де көреді.
Оқушыларға мысал ретінде толқын энергиясы туралы тақырып түсіндірілді:
1. Толқын энергиясының мөлшерін анықтау үшін толқын биіктігіне негізделген энергия мөлшерін есептеу үшін теңдеуді қолданыңыз. Алдымен толқынның әр шаршы метріне энергия мөлшерін анықтаңыз, энергия (Джоуль) толқын биіктігінің квадратына 1260,6 есе тең.
Толқын энергиясы = 1260,6 (толқын биіктігі)2
2. Толқынның жалпы энергиясын анықтау үшін толқынның жалпы бетінің ауданын есептеп, оны толқын энергиясына көбейтіңіз.
Жалпы энергия = толқын энергиясы (толқын бетінің ауданы)
Мысалы, биіктігі 2 метр, ені 7 метр және ұзындығы 500 метр болатын ашық судағы орташа толқын энергиясын есептеңіз:
Толқын энергиясы = 1260,6 (толқын биіктігі)2
Толқын энергиясы = 1260,6 (2) м2
Толқын энергиясы = 1260,6 (4) м2
Толқын энергиясы = 5042,4 Дж / м2
Жалпы энергия = толқын энергиясы (толқын бетінің ауданы)
Жалпы энергия = толқын энергиясы (7 метр x 500 метр)
Жалпы энергия = 5042,4 Дж/м2 (3500 м2)
Жалпы энергия = 17 648 400 Дж немесе 1,76484 x 107 Дж
3.Бұл сабақ үшін толқындардың ені 8 метр, ал толқындар түсетін бөгеттің ұзындығы 300 метр болады. Бұл жер үшін осы айда судың ең жоғары биіктігін анықтаңыз.
4. Толқынның толық энергиясын есептеңіз.
5. Төмендегі материалдар кестесін пайдалана отырып, сіздің командаңыз жоғарыда есептелген толқын энергиясына төтеп беретін қабырғаны жобалауы керек.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет