Аманова Сандуғаш


Мұндай тапсырманы оқушылар бар ынтасымен орындайды. Мұндағы ең басты мақсатым мынау



бет4/5
Дата06.02.2022
өлшемі93,57 Kb.
#80291
1   2   3   4   5
Байланысты:
Мақала Аманова С.Т
Қорытынды ситуациялық есеп, 150357.pptx, практикалық сабақ 4, annotation6558
Мұндай тапсырманы оқушылар бар ынтасымен орындайды. Мұндағы ең басты мақсатым мынау:
1) Оқушылар сөзжұмбақты құрастыруда өзбетінше ізденеді.
2) Әр түрлі ғылыми-техникалық басылым мен анықтамаларды қарайды, олармен өздігінен жұмыс істеуді үйренеді. Оқушының пәнге қызығушылығын арттырудың бір саласы деңгейлеп, саралап оқытуда байқағаным, оның тиімді жақтары:
- сыныптағы барлық оқушы жұмыспен қамтамасыз етіледі. Оқушы
белсенділігін оятады.
- оқушы өз білімінің деңгейін көтеру үшін жұмыстанады.
- оқушының өзбетімен жұмыс істеудегі тиянақтылығы,
ұстамдылығы, жауапкершілігі артады.
Физика, техника жайлы шығарма реферат жаздырудың үлкен тәрбиелік мәні бар. Бұл – оқушыларды өз бетінше жұмыс жасауға, шығармашылық, ғылыми әдебиеттермен жұмыс жасауға үйретеді.
Білім беруді ақпараттандыру жағдайында компьютермен оқыту дидактикалық құралға айналып отыр.Сондықтан, қазіргі білім беру саласында мультимедиялық электрондық оқу құралдарды пайдалану –өзекті мәселелердің бірі.
Электрондық оқулықтарды теориялық сабақтарда пайдалану кезінде білім алушылар бұрын алған білімдерін кеңейтіп, өзбетімен шығармашылық тапсырмаларды орындайды.Әрбір оқушы таңдап алған тақырыбы бойынша тапсырмалар орындап, тесттер шешіп, карта және сызбалармен жұмыс жасауға дағдыланады.
Сонымен қатар, физика сабағында ойын элементтерін қолдана отырып, сабақ өткізу-әрбір баланың сабаққа ынтасын арттырып, қызығушылығын туғызады. Сабақта, сонымен бірге, жұмбақтар мен мақал-мәтелдерді өте тиімді пайдалануға болады. Мақал-мәтел, ертегілер сабақта өлең түрінде сұрақ, есептерді пайдалану. Бұл оқушыларды физикалық құбылыстарды түсініп қана қоймай ана тілін құрметтеуге тәрбиелейді. Физика сабақтарында тақырыптар бойынша мақал-мәтелдер пайдалану төменде көрсетілген.
Физикалық шамалар
« Қарыстан сүйем жуық»
«Жеті рет өлшеп, бір рет кес»

Диффузия зат күйі


«Бір құмалақ, бір қарын майды шіртеді»
«Жұпарды жасырғанмен иісі білінеді»
«Піскен астын күйігі жаман»

Механикалық қозғалыс


«Қимылдаған қыр асар»
«Көрінген төбенің алыстығы жоқ»
«Жаяуға таяу жер де алыс»

Күш моменті


«Батпаққа батқан пілді,
Піл ғана шығара алады»
«Биік ағаш бұрын құлайды»
«Әлін білмеген әлек »

Күш. Инерция


«Алысқа секіру үшін аршындап жүгіру керек »
«Жұмыла көтерген жүк жеңіл»
«Шеге тағаны сақтайды, таға тұлпарды сақтайды
Тұлпар ерін сақтайды, ер елін сақтайды.»

Ойын элементтерін қолданып,



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет