Аманова Сандуғаш



бет2/5
Дата06.02.2022
өлшемі93,57 Kb.
#80291
1   2   3   4   5
Байланысты:
Мақала Аманова С.Т
Қорытынды ситуациялық есеп, 150357.pptx, практикалық сабақ 4, annotation6558
Деңгейлеп оқыту:
- әр оқушыға өз мүмкіндіктерін пайдалана отырып, білім алуына жағдай жасауға мүмкіндік береді.
- әр түрлі категориядағы балаларға, олармен саралай жұмыс істеуге мүмкіндік береді.
- онда білімді игерудің үш деңгейі қарастырылады: ең төменгі деңгей (базалық), бағдарламалық, күрделенген деңгей, сондықтан әрбір оқушы оларды меңгеруі тиіс.
Деңгейлеп оқыту технологиясы нәтижелі болу үшін:
- жеке тұлға ерекшеліктеріне;
- психологиялық даму еркешеліктеріне;
- пән бойынша білімді игеру деңгейіне көңіл бөліп отырамын.
Сабақты өткізу формаларын және түсіндіру әдістерінің жаңа тәсілдерін күнделікті сабаққа қолдануға тырысамын. Көбіне мына жағдайларға көңіл бөлемін:
- сабақтың мазмұны;
- сабақты өткізудегі әдіс-тәсілдерді таңдау;
- сабақтың нәтижелілігі.
Жалпы, менің мақсатым – оқушыларды өзбетімен жұмыс жасауға тәрбиелеу, үйрету, шығармашылық қабілетін дамыту.
Тақырып бойынша деңгейлік тапсырма жүйесі дамыта оқытуды іске асырады. Өйткені, ол оқушының ойлауын, елестету мен есте сақтауын, белсенділігін, дағдысын, білім сапасының дамуын қамтамыз етеді. Сабақтың тиімділігін арттырудағы негізгі тәсілдердің бірі – оқушыларға деңгейлік тапсырма беру.
Деңгейлеп оқыту технологиясының маңызы зор, оқушылардың өзіндік жұмысын ұйымдастырып өткізуге көмегін тигізеді. Оқушылар өздік жұмыстарын орындап, білімдерін мониторингтік жүйе арқылы өздері бағалап, диагностикалауға қол жеткізеді.
Ж. Қараевтың деңгейлеп-саралап оқыту технологиясында мынадай 4 деңгей көрсетілген:
1) Репродуктивтік деңгей – жалпыға бірдей стандартты білім негізінде тапсырма беріледі. Мұндай тапсырмалар оқушылардың алдыңғы сабақтарда алған білімдеріне және оқушыға байланысты.
2) Алгоритмдік деңгей – мұнда оқушы мұғалімнің түсіндіруімен қабылданған ақпаратты пайдалана отырып орындайды.
3) Эвристикалық деңгейге оқушы ізденіп, қосымша әдебиеттерді қолдана отырып жауап береді.
4) Шығармашылық деңгей – оқушының таза өзіндік шығармашылығын байқатады. Жаңа тақырыпты оқушылар шығармашылық ізденіс үстінде өзігінен меңгереді. Деңгейлеп оқыту әр оқушының белсенділігін оятады.
9 сыныпта «Бүкіл әлемдік тартылыс» тарауын қайталау мақсатында өткізген сабағымда тарау бойынша деңгейлік тапсырмалар беремін.
І-деңгей: мындай сұрақтар беріледі.
1. Неге Жер Күнге құлап түспейді?
2. Жердің өз ісінен айналуының пайдасы мен зияны?
3. Қай жерде салмақ артық, полюсте ме, экваторда ма?
ІІ-деңгейде: есептер шығарылды: өте жақсы оқитын оқушылар А белгісімен, жақсы оқитындарға В белгісімен, нашар оқитындарға С белгісімен белгіленген есептер беріледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет