Анафилактикалық шок дамуы мүмкін егер: анамнезінде дәрілік аллергия, дәрілік препараттарды ұзақ қабылдау, әсіресе қайталанған курстармен, депо-препараттарды қолдану, полипрагмазия, дәрілік препараттың жоғары сенсибилизациялық белсенділігі, мамандығына байланысты дәрімен ұзақ қатынаста болу, анамнезіндегі аллергиялық аурулар, пенициллинге сенсибилизация көзі түрінде дерматомикоздардың (эпидермофития) болуы.
Шоктың эректилді кезеңі 2 түрде дамиды - церебралды немесе кардиоваскулярлы.
Церебралды түріне қозу, эйфория, рефлекстердің жоғарылауы, қарашықтардың кеңуі тән. Науқастың есі анық, қозған, мазасыз, қорқыныш сезімі болады.
Кардиоваскулярлы түріне артериалдық қысымның қалыпты немесе жоғары болуы, тахикардия немесе тамыр соғысының баяулауы, тері жабындарының бозаруы немесе қызаруы тән.