Науқасты санитарлық тазалаудан өткізу үшін гигиеналық ваннаны әзірлеу және жүргізу Әзірлеңіз: Сабын, жөке, 1 % хлорамин ерітіндісі, су термометрі, сүлгі.
Іс- әрекеттер:
1. Қолғапты киіңіз.
2. Науқастан шешінуін сұраңыз.
3. Науқастың киімдерін қабылдау үшін екі дана «Қабылдау квитанциясын» толтырыңыз.
4. Таза ваннаны 35-37˚С температурадағы сумен толтырыңыз.
5. Науқастың ваннада ыңғайлы жатуына көмектесіңіз. Ваннадағы су науқастың семсер тәрізді өсіндісіне дейін жетуі керек, ал аяғы тіреліп тұру үшін ағаш тіреуіш қойыңыз.
6. Науқастың жуынуына көмектесіңіз. Әуелі басын, үстін, қолын, аяғын, шат аралығын жуады. Ваннаға түсіру уақыты 20-25 минут болады.
7. Науқастың жағдайын /тамыр соғуын, жүрек соғуын, тері жамылғысының түсін/ бақылап тұру керек.
8. Науқасқа ваннадан шығуына, денесін құрғақ сүлгімен сүртінуіне көмектесіңіз.
9. Қолданылған жөке мен сүлгіні лас киім немесе қолданылған жөкелер деген белгісі бар ыдысқа салыңыз.
10. Таза ауруханалық киім киюіне көмектесіңіз.
11. Ваннаны зарарсыздандырып, ыстық сумен шайып қойыңыз.