Ваннаға әрбір науқас түскеннен соң жуудағы іс-әрекетті түсіндіріңіз?
Жуынатын бөлмені тазарту ерекшеліктері бар: бір айда бір рет қорытынды жуу, күніне екі рет ылғалды жуу. Аяқтың астына ағаштан жасалынған тор таяқша немесе резеңке төселінеуі керек. Терезесі ашылатын, жарық әрі әйнектерден адам бойы көрінбейтіндей етіп бояу жағылуы керек. Бөлме термометрі, су термометрі және жеке сабын, жеке жөке, жеке сүлгі және жеке сыртқы киімдеріне арналған шкаф болуы қажет. Дезинфекциялық ерітінділермен толтырылған ыдыс, арнайы су құйғыш болуы керек. Медициналық шкафта қайшы, стакан, станок тағы да басқа керекті заттар әр науқасқа бір біреуден болуы керек.
Ваннада болу ұзақтығы судын температурасы мен сырқаттың жалпы күйіне байланысты. Су температурасы 35-36˚ С болу керек.
Гигиеналық ванна алудың орташа ұзықтығы 20-30 минут. Ваннаны дайындауға, оны таза ұстауға кіші мейірбике жауапты. Науқастың жағдайына байланысты гигиеналық ванна немесе душ беріледі. Ол үшін ваннаға орындық қойылып, оған сырқатты отырғызады. Ваннадағы сияқты тәртіппен жуады. Әрбір науқастан соң ваннаны сабынды жөкемен жуып, зарарсыздайтын ерітінділердің бірімен шаю керек.
Бөлмеде кушетка, таза киімге арналған шағын шкафтар мен кір киімге арналған шағын бактар, үстел, оның үстінде қырынуға, шашын қиюға арналған қажетті заттар, сабындар, жөкелер болуы керек. Үстел үстінде «таза жөкелер» мен «лас жөкелер» деген жазулары бар ыдыс болуы керек. Әрбір сырқат жуынып-шайынған соң жөкелер ыдысқа салып қайнатылады