Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің "Травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – ТОҒЗИ);
құрылымында оған жүктелген функцияларға байланысты мынадай медициналық ұйымдар:
Амбулаторлық-емханалық ұйымдардың травматология және ортопедия кабинеті;
Консультациялық-диагностикалық емханалардың (орталықтардың) травматология және ортопедия бөлімшесі;
стационарлық медициналық ұйымдардың травматология және ортопедия бөлімшесі;
стационарлық медициналық ұйымдардың көп және байланысқан жарақат бөлімшесі;
орталық аудандық (ауданаралық) ауруханалардың ауданаралық травматология бөлімшесі;
стационарлық медициналық ұйымдардың травматологиялық пункті жатады.
Амбулаториялық-емханалық ұйымдардың травматология және ортопедия кабинеті Амбулаториялық-емханалық ұйымдардың травматология және ортопедия кабинеті (бұдан әрі – Кабинет) жарақаттар мен сүйек-бұлшықет жүйесі ауруларымен ауыратын науқастарға амбулаториялық жағдайда консультациялық және емдеу–диагностикалық көмекті қамтамасыз ету үшін құрастырылған.
Кабинеттің негізгі қызметтері:
жарақаттар мен сүйек-бұлшықет жүйесі ауруларымен ауыратын науқастарға консультациялық-диагностикалық және емдік көмек көрсету;
жарақаттар мен сүйек-бұлшықет жүйесі ауруларымен ауыратын науқастарды стационарлық емдеуге іріктеу және жіберу;
жарақаттар мен сүйек-бұлшықет жүйесі ауруларымен ауыратын науқастарды жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсетуге іріктеу және жіберу;
кезеңдік гипс қою көмегімен санның туа біткен шығуы және туа біткен маймақ аяқ балаларға консервативтік емдеу жүргізу;
жарақаттардың салдарымен және сүйек-бұлшықет жүйесі ауруларымен ауыратын науқастарды: санның туа біткен шығуы және туа біткен маймақ аяқ, сколиоз, қаңқаның тұқым қуалайтын жүйелі аурулары, қаңқаның даму аномалияларымен ауыратын балаларды, остеопороз және ірі буындарды эндопротездеуден кейінгі науқастарды диспансерлік бақылау;
уақытша еңбекке жарамсыздық сараптамасын жүргізу;
қызмет көрсететін ауданда ересектер мен балалар арасындағы жарақаттар мен сүйек-бұлшықет жүйесі ауруларының аурушаңдық, мүгедектік, өлім-жітім негізгі медициналық–статистикалық айғақтарына мониторинг және сараптама жасау;
қызмет көрсететін ауданда жарақаттар мен сүйек-бұлшықет жүйесі ауруларымен ауыратын науқастарға жарақаттың алдын алу, диагностикалау, оңалту және диспансерлік бақылау бойынша ұсыныстарды құрастыру;
жарақаттар мен сүйек-бұлшықет жүйесі ауруларымен ауыратын науқастарды емдеу, диагностикалау және алдын алу жаңа әдістерін енгізу;
тәжірибелік травматология және ортопедия мәселелері бойынша медициналық алдын алу кабинеттерінің дәрігерлік және орта медициналық жұмыскерлерінің, учаскелік дәрігер-терапевтердің, дәрігер-педиатрлардың, дәрігер-неонатологтардың, жалпы тәжірибелік дәрігерлердің, дәрігер-хирургтердің балалар хирургі дәрігерлерінің біліктілігін көтеру бойынша іс–шараларға қатысу;
жарақаттанушылықтың барлық түрлерінің алдын алу бойынша іс-шараларды жүргізуге қатысу;
есепке алу және есеп беру құжаттарын жүргізу, қызметі туралы есептерді ұсыну;
медициналық айғақтары бойынша стационарды алмастыратын көмек көрсету.