Стационарлық медициналық ұйымдардың көп және байланысқан жарақат бөлімшесі Бөлімше мынадай қызметтерді атқарады:
көп және байланысқан жарақаттары бар науқастарға диагностикалық, емдік және профилактикалық көмек көрсету;
басқа аурулармен зертханалық және аспаптық диагностика және сараланған диагностика жүргізу;
симультантты (кезеңдік) операциялар жасау;
көп және байланысқан жарақаттары бар науқастарды оңалтудың емдеуге жатқызу кезеңдерін жүзеге асыру;
Бөлімше құрамына кіретін емдеу-алдын алуды ұйымдастыру бөлімшесінде көп және байланысқан жарақаттары бар науқастарды профилактикалау, диагностикалау, емдеу мәселелері бойынша басқа маман дәрігерлердің консультациялық көмек көрсетуі;
көп және байланысқан жарақаттармен ауыратын науқастарды диагностикалау және медициналық көмек көрсету мекемелері бойынша емдеу-алдын алу ұйымдары қызметкерлерінің кәсіби біліктігін арттыруға қатысу;
көп және байланысқан жарақаттармен ауыратын науқастарды профилактикалау, диагностикалау, емдеу және оңалтудың жаңа тиімді әдістерін жүйелі меңгеріп, практикаға енгізу;
уақытша еңбекке жарамсыздық сараптамасын жүзеге асыру;
есепке алу және есеп беру құжаттарын жүргізу, қызметі туралы есептерді ұсыну;
медициналық айғақтары бойынша науқастарға стационарды алмастыратын көмек көрсету.
Орталық аудандық (ауданаралық) ауруханалардың ауданаралық травматология бөлімшесі Травматологиялық бөлімше мынадай қызметтерді атқарады:
жол-көлік оқиғаларында (кейін – ЖКО) көптеген және/немесе байланысқан жарақаттармен зардап шеккен науқастарға шұғыл жағдайларда жедел медициналық жәрдем көрсету және әрі қарай емдеу;
көптеген және байланысқан жарақаттары бар науқастарға оңалтудың емдеуге жату кезеңін жүзеге асыру;
ЖКО зардап шеккен көп және байланысқан жарақаттар кезінде ауруханалық өлім-жітімді төмендету және емдеу-диагностикалық жұмыстың сапасын арттыру іс-шараларын әзірлеу және өткізу;
ЖКО зардап шеккен көп және байланысқан жарақаттары бар науқастарды профилактикалаудың, диагностикалаудың, оңалтудың емдеумен жаңа тиімді әдістерін жүйелік игеру және практикаға енгізу;
уақытша еңбекке жарамсыздық сараптамасын жүргізу;
ЖКО зардап шеккен науқастарға шұғыл жағдайларда шұғыл медициналық көмек көрсету мәселелері бойынша басқа медициналық ұйымдармен өзара іс-қимыл;
есепке алу және есеп беру құжаттарын жүргізу, қызметі туралы есептерді ұсыну;
медициналық айғақтары бойынша науқастарға стационарды алмастыратын көмек көрсету.