Амбулаториялық травматологиялық ортопедиялық көмектің ҚР даму тарихы. Поликлиниканың травматологиялық кабинетінің жұмысын ұйымдастыру


Стационарлық медициналық ұйымдардың көп және байланысқан жарақат бөлімшесі



бет4/5
Дата06.02.2023
өлшемі87,87 Kb.
#167593
1   2   3   4   5
Байланысты:
1 травм

Стационарлық медициналық ұйымдардың көп және байланысқан жарақат бөлімшесі
Бөлімше мынадай қызметтерді атқарады:
  • көп және байланысқан жарақаттары бар науқастарға диагностикалық, емдік және профилактикалық көмек көрсету;
  • басқа аурулармен зертханалық және аспаптық диагностика және сараланған диагностика жүргізу;
  • симультантты (кезеңдік) операциялар жасау;
  • көп және байланысқан жарақаттары бар науқастарды оңалтудың емдеуге жатқызу кезеңдерін жүзеге асыру;
  • Бөлімше құрамына кіретін емдеу-алдын алуды ұйымдастыру бөлімшесінде көп және байланысқан жарақаттары бар науқастарды профилактикалау, диагностикалау, емдеу мәселелері бойынша басқа маман дәрігерлердің консультациялық көмек көрсетуі;
  • көп және байланысқан жарақаттармен ауыратын науқастарды диагностикалау және медициналық көмек көрсету мекемелері бойынша емдеу-алдын алу ұйымдары қызметкерлерінің кәсіби біліктігін арттыруға қатысу;
  • көп және байланысқан жарақаттармен ауыратын науқастарды профилактикалау, диагностикалау, емдеу және оңалтудың жаңа тиімді әдістерін жүйелі меңгеріп, практикаға енгізу;
  • уақытша еңбекке жарамсыздық сараптамасын жүзеге асыру;
  • есепке алу және есеп беру құжаттарын жүргізу, қызметі туралы есептерді ұсыну;
  • медициналық айғақтары бойынша науқастарға стационарды алмастыратын көмек көрсету.

Орталық аудандық (ауданаралық) ауруханалардың ауданаралық травматология бөлімшесі
Травматологиялық бөлімше мынадай қызметтерді атқарады:
  • жол-көлік оқиғаларында (кейін – ЖКО) көптеген және/немесе байланысқан жарақаттармен зардап шеккен науқастарға шұғыл жағдайларда жедел медициналық жәрдем көрсету және әрі қарай емдеу;
  • көптеген және байланысқан жарақаттары бар науқастарға оңалтудың емдеуге жату кезеңін жүзеге асыру;
  • ЖКО зардап шеккен көп және байланысқан жарақаттар кезінде ауруханалық өлім-жітімді төмендету және емдеу-диагностикалық жұмыстың сапасын арттыру іс-шараларын әзірлеу және өткізу;
  • ЖКО зардап шеккен көп және байланысқан жарақаттары бар науқастарды профилактикалаудың, диагностикалаудың, оңалтудың емдеумен жаңа тиімді әдістерін жүйелік игеру және практикаға енгізу;
  • уақытша еңбекке жарамсыздық сараптамасын жүргізу;
  • ЖКО зардап шеккен науқастарға шұғыл жағдайларда шұғыл медициналық көмек көрсету мәселелері бойынша басқа медициналық ұйымдармен өзара іс-қимыл;
  • есепке алу және есеп беру құжаттарын жүргізу, қызметі туралы есептерді ұсыну;
  • медициналық айғақтары бойынша науқастарға стационарды алмастыратын көмек көрсету.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет