Америка халыќтары



бет149/191
Дата05.02.2022
өлшемі3,17 Mb.
#25967
1   ...   145   146   147   148   149   150   151   152   ...   191
Рухани мәдениеті. Бұл елдерде қоғамдық құрылыс әр түрлі. Түркия, Ливан, Сирия, Израииль, капиталистіа жолмен дамыса, Сауд Арабиясында феодалдық қатынас басым кееледі. Израильде кейінгі жылдары капитализм күшті дамыған. Ауылда «кибуц» деген кооператив құрылып оны қуатты шаруалар билей бастады. Көшпелі, жартылай көшпелі қауым үнемі бір – біріне көмектесіп отырды. Қанға – қан, кегін қалау тайпаның ақсақалға бағыну салттары түгел қамтыған.
Бұл елдерде ауыз әдебиеті, өлең - жыр, шежіре айту аса кең тараған. Музыка өнері жақсы дамып, шекті, барабан, даңғыра сияқты аспаптар пайдаланылды. Ертектер және күллі шығармалар жиі айтылды. Ауғанстанда халық өнері үрмелі аспаптар, ұлт театрлары жықсы дамыған Таяу Шығыста кең тараған бірден – бір дін – 7 ғ Мұхаммед негізін салған ислам діні. Ислам дініңнің өзге діндерге қарағанда ел басқарушының адал, таза жүруіне уағыздайтын көптеген шариғаттары бар. Оны діни басшылар жақсы пайдалана білді.
Таяу Шығыс – дүние жүзіндегі үш діннің: идуаизм, христиан және ислам дінің кең тарағн ортасы. Осы құрлық тұрғындарының көпшілігі ислам дінің қолдады. Араб тілінде «ислам» деген сөз «құдайға сенгіш, көнгіш» деген мағына берді. Бұл дін 6 ғ соңы мен 7 басында аборогендердің алғашқы қауымы ыдырап, феодалдық қауымға өте бастаған кезде шықты. Оның негізін салушы Мұхаммед 622 жылы Меккеден Мединаға барғаннан кеійін жаңадан пайда болған дінді халыққа кең көлемде таратқан. Ислам дінінің негізгі догмасы – «Құдайдан басқа еш билеуші жоқ, Мұхаммед оның жердегі өкілі» болып келді. Құранның зажуы бойынша мұсылман деген адам 5 түрлі міндетті атқаруы керек: құдайдың жалғыз екенін мойындау, бес уақыт намаз, 30 күн ораза ұстау, малдан зекет төлеу, қажыға бару. Ислам екі ағынға бөлінеді: суннизм және шиизм.
2.Оңтүстік Азия халықтары.
Оңтүстік Азия – шетел Азиясының бір бөлігі. Оның жерінің көлемі – 4,5 млн шаршы шақырым. Бұл жерде Үндістан, Пәкістан, Непал, Цейлон, Бангладеш мемлекеттері кіреді. Физико – географиялықұ жақтан бұл аймақтың жерін 3 бөлуге болады. Гималай Гиндукеш таулы өңірлері, Декан таулы жотасы, Инда, Ганга өзендерінің алқаптарындағы ойпаттар.
Оңтүстік Азия халықтары көптеген тілде сөйлейді. Құрлықтың халқы, жалпы алғанда, ірі – ірі 20 – дан астам, ірі кішігірім тілге бөлінеді. Олар үндіеуропалық, тибет – бермилық, мон – кхермалық тіл семьяларына жатады. Олардың ішінен үнді, ирандық тіл, екеуінің ортасынан шыққан дардтық тілді атап көрсетуге болады.
Оңтүстік Азия халықтарының арасынан негр – австрлоидттық, еуропойдтық, монғолойдық көптеген антропологиялық ұқсас тілдерді көруге болады. Индияның оңтүстігінде ируда, ченчу, шолага, курумба, нәсілдері өмір сүреді. Оңтүстік Индияны дарвид тұқымына негр – австрполойдтық пен еуропойдтықтардың аралығынан шыққан халық мекендейді. Монғолойдық нәсілдің өкілдері Гималай және Ассам тауларының тұрғындары болып келеді.
Оңтүстік Азия халықтарының этнткалық зерттелуі өте қиын мәселелердің бірі. Себебі. Бұл нәсілдер бір – бірімен мидай араласып кеткен. Жергілікті нәсілдің шығуы және олардың даму тарихы жөнінде Оңтүстік Азия халықтарының арасында көптеген аңыздар, шежірелер бар.
Сол дерекетерге қарағанда, б.д.д. 2мыңыншы жылдарды еуропойдтық кейбір өкілдері солтүстік – батыс жақтан Оңтүстік Азия құрлығына ауып келген. Бұл келушілер жартылай көшпелі болған. Алғашқы қауымның ыдырап, таптық қоғамға өте бастаған кезі кезі боуы керек. Әлі келімсектердің қолбасшысы қауымдық қоғамның ыдырап, таптық қоғамға өте бастаған кезі.
Оңтүстік Азияның халықтары ерте заманнан бері Таяу Шығыс арқылы Еуропа елдерімен ал еуропалықтар Орта және Оңтүстік Азия арқылы Шығыс елдерімен тығыз байланыс жасаған. Б.д.д 3-2 ғ Ескендірдің бұл елдерге жасаған жорығынан кейін жергілікті тұрғындарға эллиндік мәдениет өз ықпалын тигізген.
Уақыттың бұдан кейінгі кезеңдерінде Оңтүстік Азиныңаборигендері басқа этникалық халықпен араласып жатты. 5 ғ аяғында Орта Азиядан гун мен хунна тайпалары Үндістан жеріне барған. Олар Пенджабтан Виндхьяға дейінгі жерлерді басып, Эфталит мемлекетінің негізін салды. Олар 8 ғ Синд жерін жаулап алса, парсылар мен ауғандар Батыс Үнджістанның жерін иемденді. 13 ғ орта шенінде Солтүстік Үндістанға Орта Азиядан тәжіктер мен монғолдар келіп кірді. 14ғ Виндьхя тауы арқылы Үндістанның оңтүстігіне дравид тілінде сөйлеуші тайпалар келіп қоныстанды. Осындай дан – жақтан келген тайпалар халықтар Оңтүстік Азияның этникалық құрамына айтарлықтай өзгерім енген.
Ұлы географиялық ашылудан кейін Оңтүстік Азияның байлықтары тек қана азиялықтарды емес, еуропалықтарды да қызықтырған. 16 – 17 ғ португалдықтар кейін голландықтар, француздар, ағылшындар, бірінен бірі Үндістанға келіп қоныстанды. Олар Оңтүстік Азияға кіріп, жаңа желрді отарға айналдырып, жергілікті қалықты билеп – төстеп, сансыз қайғы – қасірет әкелді. Жақсы қаруланған ортаршылдар жергілікті халықтарды өздерінің мекендерінен қуып шығып шұрайлы жерлрі мен асыл дүниелерін тартып алды. Осындай елдің отаршылдық саясатының негізінде аборигендердің экономикасы , тұрмысы, әл ауқаты және мәдениеті төмендеп кетті. Оның үстіне келген отаршылдар Үндістанды иелену үшін бір - бірімен соғысты. Нәтижесінде сол кездегі күшті мемлекеттердің бірі болған, Англия басқаларын қуып шығып, Үндістанда жеке – дара билеп төстеді. Бірақ бұл құрлықтың халықтары өз тәуелсіздігі үшін отаршылдармен жиі – жиі соғысып тұрды.
Әсіресі Үндістан халқының ұлт – азаттық күресі екінші дүниежүзілік соғыстан кейін 1947 ж көп жыл елге үстемдік еткен ағылшындарды қуып шығып, жеңіске жетті. 1950ж Үндістан Республикасы ұйымдастырылды. Өз тағдырына ие болған, үнді халқы артта қалған, экономикасын, мәдениетін дамытып, жылдан – жылға іргелі озық мемлекеттің біріне айналып келеді. Ұлт – азаттық күресітің нәтижесінде Пәкістан мен Цейлон халықтары бас бостандығын алды. 1948 ж. Шри Ланка, 1956 ж. Пәкістан өз алдфна жеке мелкет болып, отаршылдардың бұғауынан азат етілді. Қазіргі кезде Оңтүстік Азияның халықтары өз алдына жеке – жеке дербес мемлекет болып отыр.
Бұл құрлық халықтарының көбі ауылдық жерлерде орналысқан. Сондықтан Үндістан, Пәксітан, Шри Ланка, бангладеш және Непал аграрлық елдер болып саналды. Қала тұрғындары сан жағыанан онша көп емес. Бұрын ауыр өндіріс жоқ кезінде қалаларда , селоларды қолөнер кәсібі кең тараған.

Каталог: files -> umo
umo -> Қазақстан жаңа заман тарихты пәнінен оқу-әдістемелік кешені
umo -> «Тарихты оқыту әдістемесі» пәнінен оқу-әдістемелік кешені
umo -> Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты Тарих және өнер факультеті Қазақстан тарихы кафедрасы
umo -> Лекциялық материалдың мазмұны
umo -> Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты Тарих және өнер факультеті Қазақстан тарихы кафедрасы
umo -> Лекциялық материалдың мазмұны
umo -> Қазақстан орта ғасырлар тарихы пәннің жұмыс бағдарламасының жинағы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   145   146   147   148   149   150   151   152   ...   191




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет