Америка халыќтары



бет145/191
Дата05.02.2022
өлшемі3,17 Mb.
#25967
1   ...   141   142   143   144   145   146   147   148   ...   191
Лекция 5. Азия халықтары.
Жиі кездесетін сөздер. Кетпенді егіншілік, номадизм, шаманизм, арий, конфуцианство, будизм, монғолойд, семит, суармалы егіншілік.
1.Батыс азия халықтары.
2.Оңтүстік Азия халықтары.
3.Оңтүстік – шығыс Азия халықтары.
4.Шығыс Азия халықтары.
5.Орталық Азия халықтары.
6.Сібір халықтары.
Мақсаты: Азия халықтарының этникалық тарихы, этномәдени ерекшеліктерін қарастыру.
1.Батыс азия халықтары.
Шетел Азиясы құрылығының үлкен бір бөлігі – Таяу Азия, оның жер көлемі 6 млн. шаршы километрден астармырақ шақырым. Ол Еуропа және Африка құрлықтарымен шектесіп жатыр. Ол Кіші Азия жарты аралы, Месопатамия, Левант, Аравия, жарты аралы және Иран таулы жотасы аймақтарынан құрылған. Жалпы алғанда, Таяу Азияның жері құрғақшылықты. Дегенмен, Жерорта теңізінің, Қара теңіздің, Каспий теңізінің, Аравия жарты аралының жағалауларының ауа – райы ылғалды, субтропиктік болып келеді. Бұл жердегі ірі өзендер – Тигр және Ефрат. Олардың алқабына орналасқан Месопатамия ойпаты – ежелден отырықшы мәдениет орталықтарының бірі. Оның тұрғындары егіншілікті қолдан суару жолымен жүргізіп, Месопатамияның құнарлы топырағынан тұрақты, мол өнім алып келген.
Таяу Шығыс жерінде үлкенді – кішіл 20 – ға жуық мемлекет орналасқан. Олардың ішінен ірілері: Түркия, иран – Ислам Республикасы, Ауғанстан, Асуд Арабиясы, Ирка, Иемен, Сирия, Ливан, Иордания, Израиль, Оман және тағы басқалар.
Таяу Шығыстағы мемлекеттерді ұлт жағынан бір ұлтты және көп ұлтты деп екіге бөлуге болады. Бірінші топқа Араб және Түркия, Израиль елдеріне жатқызамыз. Бұл мемлекеттің халықтары, негізінен, өз ұлтынан құрылған. Түркияның негізгі халқы – түріктер. Олар өз елдерінің тұрғындарының 88 процентін құраса, Израильдің 90 процентін еврейлер тұрады. Бұл құрылықта араб мемлекеттің тұрғындары да, негізінен, өз халықтарынан құрылған. Екінші топқа, Иран, Ауғанстан және т.б. елдері жатады. Иранның негізгі халқы парсылар, олар өз мемлекетінің тұрғындарының 50 процентін, Ауғанстанда – ауғандар өз елінің тұрғындары 50 құрайды. Қалғандары әзербайжан, курд, түрік, тәжік, қазақ және т.б. ұлт өкілдері тұрады.
Таяу Азияның халықтарын антропологиялық жақтан еуропойдтық, монғолойдтық, негройдтық деп үш нәсіоге бөлуге болады. Сан жағынан басым көпшілігі еуропойдтық нәсілдің өкілдері болса, монғолойдық нәсілге түріктер, хазарлықтар; негройдтыққа Аравия жарты аралының тұрғындары, әсіресе, Қызыл теңіздің жағалауларындағы тұрғындар жақынырақ келеді.
Таяу Шығыс халықтары үндіеуропалық, түрік, семит – хамиттік үш үлкен тіл семьясында сөйлейді. Үндіеуропалық тіл семьясына тәжіктер, парсылар, курдтар, белуджар, турлар, хазарлықтар, чор – аймақтар, гилянцтар, талышар, гректер, армяндар, албандықтар, боснийлықтар және басқасы; түрік тіл семьясына түріктер, қазақтар, әзірбайжандар, түркімендер, қашқарлақтар, қарақалпақтар және басқалар; семит – хамиттік тіл семьясына арабтар, еврейлер, айсорлар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   141   142   143   144   145   146   147   148   ...   191




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет