Пигмейлік (Батыс Африка) Конго бассейнінде мекендейді. Пигмей – адамдар-дың дамуы бойынша “балалық шақта жасаушылар” деген мәнді береді; яғни олар өздерінің өсуі бойынша неандертальдіктерден алшақ кетпеген деген пікірді білдіреді. Бұл пікірді шығарушы, оны дамытушы швейцар анатомшысы Колльман. Олардың бойлары орта есеппен 141-142 см-ден аспайды, түстері негрлерден ашандау, беті түкті, шаштары мол, кең танаулы, жұқа ерінді келеді.
Бірақ, Кольманның пікіріне қосылуға болмайды. Себебі қазіргі дәуірдегі адамдар неандертальдіктерден әлде қайда алға кеткен.