С тероидты гормондар және олардың түрлері мен құрылым ерекшеліктері, функциясы.
Стероидты гормондар — ішкі секреция бездерінен түзілген және тікелей қан айналым ағынына тасталатын заттар, бұл оларды тіндерге әкеліп соқтырады, сонда олар физиологиялық әсер етеді. Оның жалпы атауы оның негізгі құрылымында стероидты ядро болуынан туындайды.
Сүтқоректі жануарлардың бүйрек үсті безінің қабығында негізгі үш түрлі гормон жасалып шығады. Олар кортикостерон, кортизол (гидрокортизон) және альдостерон. Бұл үшеуі кортикостероидтар деп аталады. Бүйрек үсті безінің қабығы гормондарының биосинтезі үшін бастапқы зат- холестерол (анығырақ айтқанда, ацетил-А-коферменті). Бұл гормонның түзілуіне гипофиздің адренокортикотроп гормоны қолайлы әсер етеді. Суретте кортикостероидтардың биосинтез жолы көрсетілген. Бүйрек үсті безінің қабығы гормондарының химиялық құрылымы ұқсас болғанымен, метаболизмде әр түрлі қызмет атқарады. Кортикостерон мен кортизол көмірсудың алмасуына қатысады. Ол екеуі глицерол және амин қышқылдары сияқты көмірсу емес заттардан глюкоза түзілуге қатысады. Олар осылайша қан құрамындағы глюкоза мөлшерін тұрақты да қалыпты деңгейде ұстауға көмектеседі. Көмірсу емес заттардан глюкозаның түзілу процесін глюконеогенез деп атайды. Амин қышқылдарының көміртегі тізбегінен глюкозаның синтезделуі үшін көптеген фермент қажет, қалыпты жағдайда ондай ферменттер аз болады. Организмге глюкоза қажет болған кезде, ондай гормондар бүйрек үсті безінің қабығында жасалып шығады. Кортикостероидтар әсерінің механизмі мынадай: кортикостероидтар нысана-клеткаларға енеді де, арнайы рецепторлармен (M 40 000 -100 000 болатын белоктармен) қосылысады. Рсцепторлармен бірге клетка ядросына енеді де, сол жерде генді айқындап реттейді және транскрипцияны жеделдетеді. Ол жағдай глюконеогенез үшін қажетті ферменттердің синтезделуіне алып келеді. Альдостерон электролиттердің және судың алмасуын реттейді. Ол денеде су мен натрийдің ұсталып тұруына және калий мен фосфордың азаюына себеп болады. Альдостерон көмірсулардың алмасуына қатыспайды. Ол жетіспеген кезде минералдық тұздардың алмасуы кенеттен бұзылады, қан құрамында натрий иондары мен хлоридтер мөлшері азаяды, калий иондары ұсталып қалады. Бұл жағдайдың салдарынан қан құрамынан су көп бөліне бастайды да қан қоюланады. Бүйрек үсті безі зақымдалған кезде адамда аддисон дерті пайда болады, денесі сарғаяды және әлсіздікке ұшырайды. Емге қолдану. Медицинада кортизон, кортизол және олардың синтетикалық жолымен алынған аналогтары преднизон, преднизолон қолданылады. Кортикостериодтар пайдаланатын дерттер: ревматизм, жұқпалы полиартрит, бронхиалды астма, қатал лимфатикалық лейкемия, ия, нейродермит, экзема, қышма аурулар.
Достарыңызбен бөлісу: |