Фитогормондар, өсімдіктер гормондары — өсімдіктермен өндірілетін және реттеуші функцияларды атқаратын төмен молекулалы органикалық заттар. Олар 10−11 М – ге дейін жететін төмен концентрацияда болса да, өсімдікке үлкен физиологиялық және морфологиялық әсер істей алады. Өсімдіктің әртүрлі бөліктерінде өндірілетін, және өсімдіктің басқа бөліктеріне тасымалданатын химиялық қосылыстар тек кішкентай концентрацияда ғана әсерлі және ферменттергеқарағанда төмен спецификациямен ерекшеленеді. Бұл гормондарды танитын жасушалардың әртүрлі жұмыс жасау жағдайымен түсіндіріледі. Фитогормондардың әсері басқа сыртқы және ішкі факторлармен де анықталады.