Амин қышқылдарының туындылары болып табылатын гормондар. Олардың түрлері мен құрылым ерекшеліктері, ағзада атқаратын қызметі



бет1/7
Дата06.01.2022
өлшемі1,75 Mb.
#110035
  1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Егеубекова Айкүн БТ-1903 неделя 11


  1. Амин қышқылдарының туындылары болып табылатын гормондар. Олардың түрлері мен құрылым ерекшеліктері, ағзада атқаратын қызметі.

Гормон дегеніміз - биохимиялық процестерді реттейтін және адам мен жануарлардың аса маңызды тіршілік қызметіне қоздырушы әсер ететін химиялық зат.

Химиялық табиғатына қарай гормондар 4 топқа бөлінеді.

1. Белоктық және пептидтік: инсулин, глюкагон, гипофиз, гипоталамус, қалқанша маңындағы без гормондары.

2. Тироксин, адреналин, норадреналин, т. с. с. амин қышқылдарының туындылары болып табылатын гормондар.

3. Стероидтық: жыныс бездерінің гормоны, бүйрек безі гормоны, т. б.

4. Жергілікті әсер ететін гормондар (гормон тәрізді заттар):

5. Полиқанықпаған май қышқылдарының туындысы – эйкозаноидтар

Енді осының ішінде — тироксин, адреналин, норадреналин, т. с. с. амин қышқылдарының туындылары болып табылатын гормондарға тоқтала кететін болсақ,





Ми заты екі түрлі гормон бөліп шығарады. Олар - адреналин және норадреналин, бұл екеуі де катехоламиндер тобына жатады, олар - жүйке жүйесінің медиаторы. Химиялық табиғаты. Адреналин менорадреналин таза күйінде де, 14 синтездік жолмен де алынған. Көміртегінің таңбалы атомын (С 14) пайдалану арқылы оның клеткада түзілу жолы анықталған. Бүл гормондардың алғы заты фенилаланин мен тирозин сияқты амин қышқылдары. Бұлар тотығу процесі және одан кейінгі декарбоксилдену нәтижесінде норадреналин береді. Норадреналиннің нәтижесінде адреналин түзіледі

Зат алмасуға әсері. Адреналин негізінен организмде көмірсулардың алмасуына және біршама ғана липидтердің алмасуына әсер етеді. Адреналиннен норадреналиннің айырмасы - ол зат алмасуына айтарлықтай әсер ете алмайды. Глюкагон сияқты, адреналин де өзінің әсерін цАМФ арқылы жүргізеді. Ол плазма мембранасында рецептормен (М 75000 белок) байланысады, өзінің нысана-клеткасына енбейді, аденилатциклазаны құруға себепші болады. Бұл жағдай цАМФ-ты көбейтеді, сөйтіп көптеген реакциялар іске кіріседі (5.11.). Олар фосфорилаза ферментін активтендіреді, ал гликоген-синтазаны тежейді. Фосфорилаза гликоген ыдырауының алғашқы бастама реакциясын катализдейді, сөйтіп қан құрамында глюкоза деңгейін көбейтеді және бұлшық еттерде сүт қышқылының жиналуына себепші болады. Адреналин үлпаларда майдың ыдырауын активтендіреді, бос май қышқылдарының мөлшерін көбейтеді және май қышқылы түзілуін тежейді. Адреналин мен норадреналиннің улпаларда қан қысымын арттыратын қасиеті бар. Бірақ бұл екеуі екі түрлі әсер етеді. Адреналин жүректі жиі соқтырады, артериялық қан тамыры саңлауын кеңейтеді. Ал норадреналин қан тамырларына келетін жүйке ұшына әсер ету арқылы қан қысымын арттырады, қан тамыры саңылауы тарылады. Қан құрамында глюкоза концентрациясы төмендеген кезде және жүйке қозған кезде, кенеттен күтпеген ауыр жағдай болған кезде адреналин секрециясы артады. Стресс жағдайы кезінде гликоген ыдырауының күшейетіні байқалады, қан құрамында глюкоза мөлшері кенеттен көбейеді де, ол зәрмен бірге бөлініп шыға бастайды. Емге қолдану. Адреналин гидрохлорид және адреналин гидротартрат- кристалды ұнтақтар түрінде шығарылады. Бронхиалды астма, аллергиялық реакцияларда, гипергликемиялық комада қолданылады. Адреналин тері астына, бұлшық етке енгізіледі, ішуге болмайды, ішекте ыдырап кетеді. Норадреналин гидротартрат ауыр операциядан кейін, қатты жаралы болғанда артериялық қан қысымын көтеру үшін қолданылады

Қалқанша безінің негізгі де әсіресе активті гормоны тироксин мен трийодтиронин. Ол гормондар бірнеше рет айналып өзгеру нәтижесінде тирозин амин қышқылынан түзіледі. Йодидтер ерекше пероксидаза ферментінің әсер етуімен тиреоглобулин белогы құрамындағы тирозин қалдығымен реакцияласады. Мүнда тирозиннің бүйірлік тобы йодтанады және монойодтирозиндер мен дийодтирозиндер түзіледі. Тиреоглобулин гидролизі кезінде тирозиннің йодтанған туындылары және басқа да амин қышқылдары босайды. Тироксин дийодтирозиннің екі молекуласының тотыға конденсациялану жолымен түзіледі, бұл кезде аланин бөлініп шығады. Ал монойодтирозин мен дийодтирозиннен трийодтиронин түзіледі. Протеолиттік ферменттердің тиреоглобулин гидролизі әсеріне және осы бездің гормон бөліп, оны қанға жіберуіне гипофиздің тиреотропты гормоны себепші болады және реттейді.

Зат алмасуға әсері. Тиреоидты гормондардың әсері ген аппараты арқылы іске асады. Олар хроматинде ядро ішіндегі белоктармен байланысады және мРНК транскрипциясын күшейтеді, жылдамдатады (13.10). Бұл жағдай белок синтезінің жылдамдығын және көптеген ферменттердің активтілігін арттырады. Бұл гормондар іс жүзінде организмнің барлық мүшелері мен ұлпаларында биохимиялық реакцияларды тездетеді. Соның нәтижесінде белок алмасу, йод алмасу, көмірсулардың алмасуы және тұздардың алмасуы тездетеді, оттегін сіңіру және көмірқышқыл газды бөліп шығару артады. Осылардың нәтижесінде өсіп даму, организм ұлпаларының ыдырауы тездейді және орталық жүйке жүйесінің жұмысына әсер етеді. Қалқанша безінің жұмысы бұзылған кезде гормондардың бөлініп шығуы бәсеңдейді (гипофункция) немесе олар көптеп бөліне бастайды (гиперфункция). Гипофункция кезінде сүтқоректі жануарлардың зат алмасуы төмендейді. Мұндай жағдай жануарлардың қысқы ұйқысына және түлеуіне, оларға жаңа жүн шығуына себепші болады. Жануарлардың өнімділігі айтарлықтай төмендейді. Гормон шығуы азайған кезде адамдарда енжарлық, селқостық пайда болады, ұйқы басады, ойлау қабілеті төмендейді, ақылынан алжасады. Ол жағдай жас кезде кездессе, өсуі тоқтайды (ергежейлі болып қалады), дене бітімі өзгереді. Медицинада мұны кретинизм деп атайды.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет