Амин қышқылдарының туындылары болып табылатын гормондар. Олардың түрлері мен құрылым ерекшеліктері, ағзада атқаратын қызметі



бет3/7
Дата06.01.2022
өлшемі1,75 Mb.
#110035
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Егеубекова Айкүн БТ-1903 неделя 11

Эстрогендер (лат. estrus - ағын ) — аналық безінің фолликуласында, ұрық жолдасында түзіледі. Шағын мөлшерде бүйрек үсті безініңқабығында жəне ұрық безінде синтезделінеді. Эстрогеннің үш түрі белгілі. Олар: эстрадиол, эстрон жəне эстриол. Эстрогендер көбінесе белокпен байланысқан түрінде қан арқылы таралады. Əйелдің нағыз жыныс гормоны болып табылатын эстрадиол, одан басқа екі эстроген негізінде эстрадиол метаболизмі кезінде түзіледі. 

Сары дене (corpus luteum) (corpus luteum, лат.corpus — дене, luteum — сары) — аналық жыныс безі — жұмыртқалықтың аналық жыныс гормонын бөлетін эн- докринді бөлігі.

Көпіршікті (үшіншілік) фолликул жарылғаннан кейін, оның орнында цитоплазмасында сары пигмент лютеин жинақталған жасушалар — лютеоциттерден тұратын сары дене жетіледі. Ол сыртынан дәнекер ұлпалы қабықпен қапталған. Лютеоциттер жұмыртқалықтағы аналық жыныс жасушаларының да- муын (овогенез) тоқтататын, жатыр қабырғасындағы бездердің жұмысын күшейтетін прогестерон гормонын бөледі.

ІАндрогендер (андрогены); (androgenae; көне грекше: ανδρεία — еркек; көне грекше: γένος — шығу, шығу тегі) — аталық жыныс гормондары. Андрогендер аталық жыныс безі — еннін бөлікшелерін құрайтын сирек тұқымдықөзекшелер аралықтарындағы борпылдақ дәнекер ұлпасында орналасқан үлкен ядролы, цитоплазмасы ацидофилді боялған ірі жасушалар — интерстициоциттерде (бұрынғы аты — Лейдиг жасушалары) түзіледі. Бұлардың цитоплазмасында эгранулалы эндоплазмалық тор мен түтікше келген митохондриялар көп болады. Кейде протеинді кристалдар да кездеседі. Андрогендер аз мөлшерде бүйрек үсті безінде және жұмыртқалық интерстициоциттерінде де түзіледі. Бүлар аталық жыныс мүшелерінің дамуы мен қызметіне және екінші жыныстық белгілердің жетіліп дамуына ықпал етеді. Андрогендер химиялық құрамы жағынан стероидтарға жатады. Бұлардың негізгі өкілі — тестостерон гормоны.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет