Қамысты ауданы, Алтынсарин ауылы «Қамысты ауданы әкімдігінің білім беру бөлімнің Алтынсарин орта мектебі» ММ 2016ж
ӘОЖ 373.17.1
КБЖ 81.2қаз -922
Қ 17
Пікір жазғандар:Қамысты ауданы әкімдігінің білім беру бөлімінің әдіскері: Жалаушыбаева А.Ф.
Қамысты ауданы әкімдігінің білім беру бөлімінің «Алтынсарин орта мектебі»ММ жоғары санатты қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі: Бермагамбетова Г. М.
Қ 17 «Қазақ тілі пәні бойынша оқушылардың функционалдық сауаттылықтарын дамытуға арналған тапсырмалар жинағы» Құрастырған Д. А. Гапбасова. –Алтынсарин, 2016.-..б
ISBN 978-601-316-263-8
Кіріспе.
Оқушының сабақ барасында алған теориялық білімдерін практикалық жұмыстарда дұрыс қолдана алуы көбінесе дидактикалық материалдарды тиімді пайдалануға байланысты . Сондықтан мен “Қазақ тілі пәні бойынша оқушылардың функционалдық сауаттылықтарын дамытуға арналған тапсырмалар жинағы” құрастырдым. Бұл жинаққа орыс тілде білім алатын 9 сынып оқушыларына арнап бағдарлама бойынша тапсырмаларды енгіздім. Өйткені кітап пен бағдарлама мазмұны сәйкес келмейді. Дидактикалық материалдар, ең алдымен, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттырады және жүйелі ойлау, материалды игеру, алған білімдерін өмірде қолдана алуға үйретеді.
Тапсырмалар мынадай әдіс - тәсілдер құрамынан тұрады.
Сөзжұмбақ
Сызба бойынша сөйлемдер құру
Семантикалық кесте
Сурет бойынша әңгімелеу, пікір жазу.
Тест
Қажетті сөздерді қойып жазу.
Диалог, әңгіме құру.
Сатылай – кешенді талдау
Деңгейлік тапсырмалар.
Осы жаттығулар жинақтың негізгі мақсаты- оқушыларға күнделікті өмірде сабақтан алған білімдерін дұрыс пайдалана білу.Бұл әдістемелік жинақ жалпы білім беретін қазақ тілі мен әдебиет пәндерінің мұғалімдеріне көмекші құрал ретінде ұсынылады.
1
Үстеу
Білу
1- Жаттығу. Көп нүктенің орнына тиісті үстеулерді қойып көшір.
1. “Қайдан?” сұрағына жауап беретін, қайталану арқылы жасалған мекен үстеуі.
Наурыз мерекесіне арналған кешке ауыл адамдары ... келе бастады.
2. “Қалай?” деген сұраққа жауап беретін сын- қимыл үстеуін қойып жаз.
Жолаушылар мінген автобус … ғана орнынан қозғалды.
3.“Не мақсатпен?” деген сұраққа жауап беретін негізгі үстеуін қойып жаз.
Мұғалім менің тәртібім туралы сөйлесуге … әкемді шақырды.
2- жаттығу. Синонимдерін үстеумен жаз.
Кірпік қаққанша –
Тайға таңба басқандай –
Синонимдерін жаз.
Құр, босқа, бекерге.
Әдейі, жорта, қасақана.
Түсіну__11-_тапсырма'>Түсіну__3-_жаттығу.'>Түсіну
3- жаттығу. Мәтіннен үстеулерді тауып, сұрақ қою арқылы түрлерін ажырату.
Бүгін таңертең алабөкеннен аттанған шолғыншылар қамал іші әдеттегіндей өзгеше жым – жырт екенін аңғарыпты. Қазір ойлап отырса, дәл сол мезетте бұл есеңгіреген кісіше орта жолда сілейіп қатып қалса керек. Есейген сайын көз алдым ашылып, жүрген сайын көкжиек әрі жылжып кете берді.
4- жаттығу. Үстеумен ауыстыр.
Осы жыл – биыл.
Жерге арқасын бере жығылу – шалқасынан.
Ертеңнен арғы күн – арғыкүні.
2
5- жаттығу.Семантикалық кесте
Мысалдар
|
мезгіл
|
мекен
|
Мөлшер
|
сын- қимыл
|
күшейт-кіш
|
мақсат
|
себеп-салдар
|
Ала жаздай
|
|
|
|
|
|
|
|
Сол үшін
|
|
|
|
|
|
|
|
Аса
|
|
|
|
|
|
|
|
Ақырын
|
|
|
|
|
|
|
|
Мұншама
|
|
|
|
|
|
|
|
Қасақана
|
|
|
|
|
|
|
|
Үстеуге байланысты тест тапсырмалары
1. Дұрыс жазылған үстеуді табыңыз.
А) жолжөнекей. В) ала-жаздай С) тасыр-тұсыр Д) ендігәрі Е) быйыл
2. Үстеу дегеніміз не?
А) Іс-әрекет, қимылды білдіреді. В) Қимылға, іс-әрекетке еліктеуді білдіреді.
С) Заттың сапасын, көлемін білдіреді. Д) Қимылдың мезгілін, себебін, мақсатын білдіреді.
Е) Сөз бен сөзді байланыстырады.
3. Күрделі үстеуді көрсетіңіз.
А) Бүгін келдім. В) Кеше бардам. С) Әрең көтердім. Д) Балаша сайрады. Е) Шикілей әкелді.
4. Туынды үстеуді көрсетіңіз.
А) Әдейі бардым. В) Ертең келеді. С) Әрең жүрді. Д) Жылдамырақ жүр. Е) Талай жүрген жерім.
5. Мезгіл үстеуді көрсетіңіз.
А) Бүрсігүні аттанды. В) Ілгері жүрді. С) Қаннен-қаперсіз ұйықтады.
Д) Қыруар жұмыс істедік. Е) Өте үлкен екен.
6. Мөлшер үстеудің сұрағын көрсетіңіз.
А) қашаннан? В) қаншама? С) қайдан? Д) кімше? Е) қандай?
7. Мекен үстеуді көрсетіңіз.
А) Алға қадам басты. В) Әрең-әрең бара жатты. С) Қасақана істеген.
Д) Амалсыздан үйіне жүрді. Е) Қолма-қол тапсырды.
8. Мақсат үстеуді табыңыз.
А) әлгінде, емін-еркін В) орасан, әжептәуір С) жорта, әдейі
Д) тысқары, мұнда Е) амалсыздан, бекерге
9. Үстеу сөйлемде қандай қызмет атқарып тұр « Үйге қайтатын күнім ертең.»
А) пысықтауыш В) баяндауыш С) бастауыш Д) анықтауыш Е) толықтауыш
10. «Тым, ең, кілең» үстеулері мағына жағынан қай үстеу түріне жатады?
А) мекен үстеуі В) мезгіл үстеуі С) күшейткіш үстеуі
Д) мақсат үстеуі Е) себеп-салдар үстеуі
3
Қолдану__23-жаттығу.__Деңгей.'>Қолдану__14_-_тапсырма___Етістерді_қатыстырып,_күрделі_етістік_жаса_ет,_бер,_сал,_жаз__15-_жаттығу.'>Қолдану
6- жаттығу.Ертең, тез, төмен,әрі - бері жүреді, балаша мәз болды,ең әдемі, терең, орасан зор осы үстеулер бойынша деңгейлік тапсырмаларды орында.
1 деңгей. Үстеулерді қолданып әңгіме жаз.
2 деңгей. Үстеулерді қатыстырып диалог құр.
3 деңгей. Үстеулерді қатыстырып екі сөйлем құра.
Талдау__7-_жаттығу.'>Талдау
7- жаттығу.Жаздыгүні, таңертең үстеулеріне морфологиялық талдау жаса.
8- жаттығу.Үстеудің мағынасына қарай түрлері Үстеулерді жаз
Мезгіл
Мекен
Мөлшер
Сын-қимыл
Күшейткіш
Мақсат
Себеп-салдар
Негізгі және көмекші етістіктер
Білу
9 - тапсырма
Көп нүктенің орнына етістіктердің тиістісін қойып жазып, етістік түрлеріне ажырат.
... сөйлесең де,... сөйле.
... егін,... тегін.
Ұлық..., кішік...
Көп..., жоқ....
Керекті сөздер: болсаң, бол, жабылса, табылады, ексең, ішерсің, ойнап, ойлап.
4
10- жаттығу «Жалғасын тап» ойыны.
Оқысаң... (сусын ішесің)
Аяғың ауырса... (күн жылынады)
Көп ұйықтасаң... (қолыңмен сүртпе)
Шөлдесең... (басың ауырады)
Көзің ауырса...( көп жүрме)
Жаз шықса... (түсінесің)
Түсіну
11- тапсырма
Негізгі етістіктерді бір бөлек, көмекші етістіктерді бір бөлек топта.
Айт, жаздады, киінген, емес, көріп, деген, жайылды, екен, сөйлемеу, етіп, ой - лан, едім
12- тапсырма
Мына етістіктердің қай сөйлемде негізгі, қай сөйлемде көмекші қызмет атқарып тұрғанын айқында.
Машина ұзай берді. Допты алып, балаларға берді.
Мен балаларды көргім келді. Бектұр бір басып, екі басып қасына келді.
Айтжан қапелімде не дерін білмей қалды. Балаларға ілеспей, үйде қалды.
13- жаттығу. Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып оқы.
Арыстан...Құндыз.. Сауысқан... Бүркіт... Қарға... Қасқыр...
Керекті сөздер: қарқылдайды, ақырады, сыңсиды, шаңқылдайды, ұлиды.
5
Етістікке байланысты тест тапсырмалары
1.Дара етістігі бар сөз тіркесін көрсет.
А) қыз биледі
Ә) би билеп жүр
Б) билеп жүр
В) бала билеп жүр
2.Күрделі етістікті көрсет
А) ән айтты
Ә) ән айтады
Б) ән айтуды
В) ән айтып тұр
3.Етістіктің жіктелуін көрсет
А) оқуға
Ә) оқушы
Б) оқисың
В) оқыған
4.Етістіктің болымсыз түрін көрсет
А) әзірлеп, кіріспе, күт
Ә) күтпе,әзірлеп, кіріс
Б) әзірленбе, күт, кіріс
В) әзірленбе, кіріспе, күтпе
5. Туынды етістікті табыңыз.
А) жатырқа В) жамыра С) ойла Д) айт Е) көр
6. Бір сыңары зат есім болып келген күрделі етістікті тап.
А) жүре бер В) жазып отыр С) келе жатыр Д) ән салды Е) тыңдады
7. Ауыспалы осы шақта тұрған етістікті табыңыз.
А) биледі В) билер С) билеген Д) билепті Е) билейді
8. Жедел өткен шақта тұрған етістікті табыңыз.
А) көріп отыр В) көреді С) көрді Д) көрген Е) көріпті
9. Қалау райда тұрған етістікті табыңыз.
А) барамын В) барғым келеді С) барсам Д) барсын Е) бармақ
10. Емлеге сай жазылған тұйық етістікті табыңыз.
А) тасыу В) кепу С) жуу Д) жайу Е) суыу
Қолдану
14 - тапсырма
Етістерді қатыстырып, күрделі етістік жаса
ет, бер, сал, жаз
15- жаттығу.Туынды етістіктерді қатыстырып сөйлем құрау.
Талдау
16 – тапсырма .Сөйлемнен етістіктерді тауып, тұлғалық талдау жаса.
Түсте қапырық шатырдың іші ысып кетті.
Қалайы кружканың қара шайын қанша ішкенімен шөлі қанбайды.
Құрбан ақсақал келгелі картаның беті шүпірлеген жазуға толып кетті.
6
17 – тапсырма. Өздерің білетін өлең я әңгімеден үзінді жазып, құрамындағы етістіктерге талдау жаса.
1. Көмекші етістіктерді қатыстыра отырып, суретке қарап мәтін құра.
Еліктеу және бейнелеуіш сөздер.
Білу
18- жаттығу. Керекті сөзді жаз.
Қаз ..................., қарға ....................., сауысқан ....................., бақа ......................, жылан .................., ит ......................, тауық .................. жымыңдау, сылқ-сылқ, сақ-сақ, қарқ-қарқ, ыржың-ыржың, шиқ-шиқ күлу.
19- жаттығу. Көп нүктенің орнына төмендегі еліктеуіш сөздердің тиістісін қойып, көшіріп жаз.
Үйдегі жұрттың бәрі ...... боп тысқа қарай шықты. Сол дауыспен аралас тасты жерде тарсылдатып шапқан көп аттың ...... сатырлап қатты қағысып жатқан сойыл дауысы естілгендей болды. Сыртқа шыққан ер- азамат қарбаласып ..... жүгіріп, қақтығып жүріп,сойыл- қаруларын табысып алып, бірі ілгері, бірі кейін.... етіп аттарына мініп жатты.
Керекті еліктеуіш сөздер: абыр- сабыр, шақыр – шақыр, дабыр- дабыр, сатыр- сұтыр.
Түсіну
20- жаттығу. Мәтіннен еліктеу сөздерін тауып, тіркесіп келген сөзбен көшіріп жазу.
Ақша маңдайлы, кең сұлу жүзді Үмітей ашық үнмен саңқ-саңқ етіп, үй ішіне естірте күлді. Кісендер даусы гүрс-гүрс етеді. “Қара Көже” дейтіндерге “әу” деп жалт қарайтын болдым. Есіме мұғалім айтқанда ғана түсіп, бүйірімнің түп жағы қып ете қалды. - Азиат! - деп шарт еткізіп, Еламанды жағынан тартып жіберді. Федоровтың көз оты жарқ етіп, дүние тұанданып, теңселіп бара жатқандай болды. Жүрегім лүп-лүп етіп, алқымыма тығылады
21- жаттығу. Еліктеруіш сөздерді бір бөлек, бейнелеуіщ сөздерді бір бөлек ажыратып жаз.
Былш,тырс, сырт,кілт,селк,жарқ- жұрқ,қиқаң- қиқаң,бүрсең- бүрсең,арс- ұрс,жалп- жалп.
22- жаттығу.Жұмбақтақтың жауабын тап. Бейнелеуіш сөздін астын сыз.
Жылт-жылт етеді, ұстасаң еріп кетеді.
Түнде бармын, кешке жоқпын
Аяғы жоқ жүреді, сылқ-сылқ етеді
Көк көйлекті жеңешем, көлбең-көлбең етеді.
7
Еліктеу сөздерге, одағайға байланысты тест тапсырмалары
1. Еліктеуіш сөзді табыңыз.
А) ағараңдайды В) гүр-гүр С) шұбалаңқы Д) бүлкендеп Е) ирелеңдеп
2. Бейнелеуіш сөзді табыңыз.
А) тарс В) сыңғыр С) жалт-жұлт Д) арс-арс Е) шаңқ
3. Негізгі еліктеу сөзді табыңыз.
А) елпең В) қыңқ С) шұбалаң Д) сырыл Е) күркіре
4. Туынды еліктеу сөз жасайтын жұрнақтарды табыңыз.
А) –ын-ін-н-ыл-іл В) –аң-ең-ың-ің-ң С) –ыс-іс-с-ым-ім
Д) –ғы-гі-қы-кі-к Е) –ыра-іре-ғыр-гір
5. Күрделі еліктеу сөз қатысқан сөйлемді табыңыз.
А) –Сауға, - деді саңқ етіп.
В) Қараторғай көк аспанды матадай дар еткізіп, қақ айырғандай құлдилады.
С) Тар бөлменің іші бұрқ етіп, шаң-тозаңға толып кетті.
Д) Шаңқ еткен мылтық түтінінің ішінде Ұрқия да, қабан да көрінбей кетті.
Е) Сайдағы ауыл жақтан көп иттің арс-ұрс, шәу-шәу етіп үргені естіледі.
6. Баяндауыш қызметін атқарып тұрған еліктеуішті табыңыз.
А) Үрінді қарды борт-борт басысып қос аттылы Бүркітті бауырын өрлеген.
В) Сейіт күтпеген сөзге селк етті.
С) Су түбінде малта тастар жылтырап, су сылдыр-сылдыр етеді.
Д) Алаң да алаң, алаң жұрт, ақала ордам қонған жұрт.
Е) Аулада асық ойнаған балалардан басқа селт еткен жан жоқ.
7. Шақыру одағайын табыңыз.
А) ойпырай В) түу С) шөре-шөре Д) беу Е) тәйт
8. Көңіл-күй одағайын табыңыз.
А) тек В) мәссаған С) құрау-құрау Д) айт Е) қош-қош
9. Бейнелік мағынаны білдіретін сөзді табыңыз.
А) күні-түні, әрі-бері
В) үлкенді-кішілі, екі-үш
С) тыпың-тыпың, жыбыр-жыбыр
Д) әкелі-балалы, бала-шаға
Е) өзді-өзі, сөйлей-сөйлей
10. Негізгі еліктеу сөзді табыңыз.
А) қисаң-қисаң В) жалт С) күбірле Д) даңғыр Е) жымың-жымың
Қолдану
23-жаттығу.
Деңгей.Жалт- жұлт,қызараң- қазараң,ербең –ербең бейнелеуіш сөздерін қатыстырып әңгіме жаз.
Деңгей. Селк етіп, сұлқ түсті, жарқ- жұрқ бейнелеуіш сөздерімен диалог құра.
8
Деңгей .Бұлғаң- бұлғаң, жапыр – жұпыр, кілт бейнелеуіш сөздерімен сөз тіркесін құрап жаз.
Одағай
Білу
24- жаттығу. Одағайларды тауып, түрлеріне қарай ажыратыңдар. Үлгі: туу – көңіл күйін білдіретін одағай.
- Түу, есім жаңа кірді ғой! – Ой, обал-ай! Баласын да тоса алмады. – Уһ, кішкене бел жазайыншы... –Апырай – ай, мына дүлей тіршілікте көк мұздай тас бауыр екен – ау! –Е, бәрекелді, үйірімен үш тоғыз!
- О-о!-деді князь боямашы тағзым жасап. О, ғажап! Жат адам қатарласа шауып, қолын шылбырға соза берген. Япырай –ай, сонау Сүйіндіктен осы араға келіп жүргені.
Бүгін, менің туған күнім, ой, бәле-ай!
Мына адамдар неге жатыр тойламай?
Банкет жасап берер едім өзім – ақ,
Тәңірдің бір жарытпай-ақ қойғаны –ай!
Түсіну
25- жаттығу. Өлең жолдарынан одағайды тауып, тыныс белгілерін қойып көшір.
О шіркін ғажапсың – ау көңіл деген!
Жартас жоқ толқыныңа көмілмеген.
Құлдырап құламаған құзың да жоқ,
Қыран боп шырқамаған кезің де кем.
(Ж. Молдағалиев)
Бүгін менің туған күнім ой бәле - ай!
Мына адамдар неге жатыр тойламай?
Банкет жасап берер едім өзім – ақ
Тәңірдің бір жарытпай - ақ қойғаны – ай!
(М. Мақатаев)
9
ТЕСТ ОДАҒАЙ ТҮРЛЕРІ
1.Таңдану одағайды көрсетіңіз.
A) Апырай. B) Әттеген – ай.
C) Уһ. D) Қап.
E) Кәні.
2.Шақыру одағайын көрсетіңіз.
A) Моһ-моһ. B) Туу.
C) Алақай. D) Бәрекелді.
E) Ойбай.
3.Одағайдан кейін қойылатын тыныс белгісін табыңыз.
Ой тісім ауырып тұр.
A) Үтір. B) Нүкте.
C) Сұрау белгісі.
D) Нүкте-үтір.
E) Леп белгісі.
4.Сөйлемде одағайдан кейін қандай тыныс белгісі қойылатынын анықтаңыз.
Апырай Мына бөрік сізге керемет жарасып тұр.
A) Үтір. B) Нүкте.
C) Леп белгісі.
D) Нүкте-үтір.
E) Сұрау белгісі.
5.Сөйлемде одағайдан кейін қандай тыныс белгісі қойылатынын анықтаңыз.
Әттеген-ай Сонда қалай болды?
A) Сызықша. B) Нүкте.
C) Леп белгісі. D) Нүкте-үтір.
E) Сұрау белгісі.
6.Сөйлемде одағайдан кейін қандай тыныс белгісі қойылатынын анықтаңыз.
Апырай Жарайсың, тура тигіздің ғой.
A) Қос нүкте.
B) Леп белгісі.
C) Сұрау белгісі.
D) Нүкте-үтір.
E) Нүкте.
7.Сөйлемде одағайдан кейін қандай тыныс белгісі қойылатынын анықтаңыз.
Алақай Достарым түгел жиналыпты.
A) Леп белгісі.
B) Нүкте.
C) Сұрау белгісі.
D) Нүкте-үтір.
E) Үтір.
8.Қос сөзді одағай арасына қойылатын тыныс белгіні көрсетіңіз.
A) Дефис.
B) Нүкте.
C) Леп белгісі.
D) Сұрау белгусу.
E) Тырнақша
9.Жекіру одағайын анықтаңыз.
A) Алақай. B) Бәрекелді.
C) Шіркін. D) Тәйт.
E) Пай-пай.
10.Одағай сөзді табыңыз.
A) Әттеген-ай, атын сұрамаппын ғой.
B) Әке, мына кітапты оқыңызшы.
C) Ол әуелі сылқ-сылқ күліп алды.
D) Мұратбек, мынаны қарай тұр.
E) Шынымды айтайын, сізді танымай тұрмын.
10
Қолдану
26- жаттығу.Алақай, құрау – құрау. Бәрекелді, қош – қош Осы одағайларды қатыстыра сөйлем ойла.
1.Бәрекелді, қош – қош, әттең, пай –пай одағайларын қатыстырып сөйлем ойла.
2.Алақай, пай – пай, уһ, қап, тәйт одағайларын қатыстырып, шағын мәтін құра.
Септеуліктер
Білу
27- жаттығу. Көп нүктенің орнына тиісті септеуліктерді қойып жазыңыз.
1. Қан қызыл қызанаққа тойғаннан ...... Қасым мен Хасен шешесіне:
- апа, дәмді қызанақ бергеніңіз ...... рахмет! – деді.
2. Балалар жиекке . . . жиналып, көгілдір үйректі ұстаудың амалын іздеді.
3. Өлкені өрлеп қонған он . . . ауылдың көбі жатқан .
28- жаттығу.Көп нүктенің орнына тиісті септеулік шылау сөзді қой.
Ер жігіт ел ... туады,
Ел ... өледі.
2.Еріншек түске ... ұйықтайды,
Кешке ... есінейді.
3.Жаманның ақылы
Түстен ... кіреді.
4.Отан ... отқа түс күймейсің.
Тест септеулік шылаулар
1.Барыс септігіндегі сөзбен тіркесетін септеулік шылауды табыңыз.
А) Бірде. В) Өйткені.
С) Дейін. D) Тұрсын.
E) Сондықтан.
2.Атау септігіндегі сөзбен тіркесетін септеулік шылауды табыңыз.
А) Қатар. В) Кейін.
С) Арқылы. D) Басқа.
E) Соң.
3.Септеулік шылауы бар сөйлемді табыңыз.
А) Сен қонаққа жиі барасың ба?
В) Тұсау кескеннен кейін сыйлық беріледі.
С) Мен де домбыра тарта аламын.
D) Досым біреу-ақ.
E) Алтының мен кітабың жерге түсіп кетсе, кітабыңды көтер!
4.Дұрыс қолданылған шылауды табыңыз.
А) Мектепке соң. В) Тойға кейін.
С) Жұмыстан соң. D) Жұмыстан қатар.
E) Менен қатар.
11
5.Сөйлемдегі септеулік шылауды табыңыз.
Мұнай өндіру арқылы экономикамызды көтереміз.
А) Мұнай.
В) Өндіру.
С) Арқылы.
D) Экономикамызды.
E) Көтереміз.
6.Септеулік шылауы бар сөйлемді көрсетіңіз.
А) Іскер адамдар уақыттың бағасын білу керек.
В) Егер уақыт болса, серуенге шығамыз.
С) Күндіз жақсылық жасаған адам түнде жақсы ұйықтайды.
D) Мәжілісте осы мәселе жөнінде сөз болады.
E) Біз өнерді ұлттық мәдениеттің дамуына пайдаланамыз.
7.Шығыс септігімен тіркесетін септеуліктерді табыңыз.
А) Бірде.
В) Басқа.
С) Үшін.
D) Арқылы.
E) Туралы.
8.Септеулік шылауы дұрыс қолданылған сөйлемді табыңыз.
А) Кітапханаға кейін жүз метр қалды.
В) Ол Астана қаласына оқуға түсуге барды.
С) Әр елдің тағдырында үлкен тарих жатыр.
D) Тұсау кескен адамға сыйлық береді.
E) Мен сабақтан кейін үйірмеге бардым.
9.Көмектес септігімен тіркесетін септеулікті табыңыз.
А) Үшін, арқылы.
В) Кейін, басқа.
С) Қатар, бірге.
D) Кейін, шейін.
E) Бірде, болмаса.
10.Септеулік шылауларды табыңыз.
А) Түгіл, тұрсын.
В) Дейін, шейін.
С) Себебі, өйткені.
D) Егер, егер де.
E) Я, болмаса.
Достарыңызбен бөлісу: |