Қамысты ауданы, Алтынсарин ауылы «Қамысты ауданы әкімдігінің білім беру бөлімнің Алтынсарин орта мектебі» мм 2016ж



бет3/5
Дата08.07.2018
өлшемі0,83 Mb.
#48362
1   2   3   4   5

19



Жай сөйлем түрлері тест

1. Сөйлемнің айтылу мақсатына қарай бөлінетін түрін көрсетіңіз.

А) Жақты сөйлем в) Толымды сөйлем с) Сұраулы сөйлем д) Жайылма е) Құрмалас

2. Сұрулы сөйлемді табыңыз.

А) Кейбіреулер түк істемей-ақ болдырып отырады. В) Сен менен аулақ жүр с) Таң қараңғысынан тұру Дәметкеннің өмірлік дағдысына айналған еді. д) Немене, бізді ақшасы жоқ кедей деп естіп пе едіңіз е) Білімдідіен шыққан сөз талаптыға болсын кез

3. Лепті сөйлемді табыңыз.

А) Пай, пай, мына аттың жорғасын-ай. В) Білім-адамның қанаты. С) Кімдер таратып, насихаттайды. Д) Қарлығаш, не сонда, жалғыз жатпақ па иесіз үйде е) Айналайын, жастық уақытты босқа өткізбе.

4. Қуану, ренжу,аяу, кекету мақсатында айтылатын сөйлем түрін көрсетіңіз.

А) Хабарлы в) Сұраулы с) Лепті д) Бұйрықты е) Жетек сұрақты сұраулы сөйлем.

5. Бұйрықты сөйлемді табыңыз.

А) Несі тамаша в) Тарыңнан титтей берші с) Қар жауды д) Ойбай-ай ,қалай өзгерген

Е) Дүние қандай сәнді

6. Бұйрықты сөйлем дегеніміз не?

А) Өкіну, қорқу, жирену, кекету мақсатында айтылатын сөйлем в) Дауыс ырғағының бәсеңдеу сазбен айтылатын сөйлем с) Біреуге бұйыру не талап ету мақсатында айтылатын сөйлем. Д) Тек талап қою мақсатында айтылатын сөйлем . е) Сөйлемнің соңында нүкте қойылатын сөйлем.

7. Одағай сөз қатысқан лепті сөйлемді көрсетіңіз.

А) Ойпырым-ай, балаңның мінезі қандай жаман еді. в) Көрсетпе көз жасыңды с) Жүр, жарысайық. Д) балам, жөніңді айтшы е) Амал нешік, пешенеме жазғаны осы болды.

8. Хабарлы сөйлемді табыңыз.

А) Быжырлаған құрт-құмырсқа в) Қап, бар дауысыңмен айқайласаң ғой с) Болжалдық сан есімнің жасалуы қандай д) Былтырғы киіміңді ки е) Барымталасу үшін күш керек

9. Бұйрықты сөйлемді табыңыз

А) Табиғат қандай тамаша в) Ол қандай машина айдайды с) Қандай сөз сұрау есімдігіі емес д) Қандай болса да табыңдар е) Соны да әлдеқандай етті.

10. Сұрулы сөйлемді табыңыз.

А) Оны ешкіммен сөйлеткіз( бе) в) Жігіттің қолы аттың тізгініне жабысты(ма) с) Оқушылар саны жиырма бес екен д) Күн ұясына батуға таянды е) Өткен жылғы молшылықты ұмыт( па)



20

Қолдану

46-жаттығу. Жайылма сөйлемді жалаң сөйлемге айналдырыңыз.

1.Қазақстан көптеген мөлшерде астық, ет, жүн

және басқа өнімдерді экспортқа шығарады.

2.Қазақстанда ірі кәсіпорындар жұмыс істейді.

3. Әлемдік тәжірибе қолданылады.

4. Мақта өңдейтін кәсіпорындар шоғырланған.

5. Қазақстанда аса ірі металлургия компаниялары

жұмыс істейді.

6. Қазақстанның оңтүстік аймағында мақта егіледі.

7. Қазақстанда қой шаруашылығы бұрыннан дамыған.

8. Республикада энергетика өнімдері мол

Талдау.

47-жаттығу. Республикада энергетика өнімдері мол.Мына сөйлемге саттылай кешенді талдау жаса.

Айтылу сазы мен мазмұнына қарай:

Лепті, сұраулы, хабарлы, бұйрықты



Құрылысына қарай:

1. Жай сөйлем 2.Құрмалас сөйлем.



Сөйлем мүшелері:

а)Бастауыш;ә) Баяндауыш;б) Пысықтауыш;

в) Толықтауыш;Е) Пысықтауыш

Жай сөйлемнің түрлері:

а) Жақты, жақсыз; ә)Жалаң, жайылма;

б) Толымды, толымсыз; в)Атаулы

Сөздердің байланысу тәсілдері:

а) интонация;ә)жалғаулар;б) септеулік

шылаулар; в) орын тәртібі.

21


Тұрлаулы мүшелер

Білу.

48- жаттығу. Сөйлемнің тұрлаулы мүшелеріне сұрақ қойып, сөйлемнің негізін анықтаңдар.

Қазақта қонақ күтудің де жазылмаған, бірақ дәстүр болып қалыптасқан заңы бар. Үй иесі қонақты сыйлап, сый- құрметін көрсеткеннен кейін, ұйықтар алдында отбасының бір мүшесі өз өнерін ортаға салады, өлеңін айтып немесе күй шертіп қонағына құрмет көрсетеді де, қонақтан «қонақкәде» сұрайды.



Түсіну

49-жаттығу. Бастауыш пен баяндауыштың арасына сызықшаны қойып көшір.

Ол күзетші жас жігіт Кәрібжан айтқан ән. Бес жердегі бес жиырма бес. Қуаты ақындық, үміті халық. Бұл Бәкен. Үлкен үйден дәм татып кету борыш. Шетінен көшіріп жатқаны кішкене молда жіберген «Татьяна хаты». Оқу білім бұлағы, білім өмір шырағы.



50-жаттығу. Семантикалық кесте.

Мысалдар

Зат есім

Сан есім

Сын есім

Есімдік

Есімдік тұлғалы етістік

Тұйық етістік

Одағай

Үстеу

Еліктеу сөз

Оқыған жетер мұратқа, оқымаған қалар ұятқа.




























Сыпайы сөйлеу – әдептіліктің белгісі.




























Алтау ала болса, ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса, төбедегі кетеді




























Әжемнің уһлі көбейіп кетті.




























Дабыр-дүбір жақыннан естіле бастады




























Үлкендер төрге, кішілер есік жаққа жайғасты




























Жетімкөлге биыл аққулар оралмады.




























Кейбіреулер бұл сұрақтан тосылып қалды.




























Еріншектің ертеңі бітпес.




























22

Қолдану

51-жаттығу. Етістіктен, есімдіктен, сын есімнен тұратын үш сөйлем құрастыр, бастауыш пен баяндауыштың астын сыз.

Талдау.

52-жаттығу. Жетімкөлге биыл аққулар оралмады.Мына сөйлемнен бастауыш пен баяндауышты тауып, сатылай кешенді талдау жаса.

Тұрлаусыз мүшелер

Білу

53- жаттығу.Сөйлемнен тұрлаусыз мүшелерді тауып, астын сыз.

Аттары болдырып, шөлдеп келе жатқан жолаушылардың алдынан бір топ қыз- келіншектер көрінді. Ол топтың ішінде Данагүл деген кедейдің қызы да бар еді.

-Әй, апалар, тоқтаңыздар, аттарыңыздың басын тартыңыздар. Жоғары жақтан бір топ атты кісі келе жатыр, алдынан кесе-көлденең өтпейік, үлкендердің алдын кесіп өту дұрыс болмайды. Олар –ел қорғайтын ерлер.

Түсіну

54- жаттығу.Сөйлемнен толықтауышты тауып, тура немесе жанама толықтауыш екенін анықта.

Алыс жолдан келген жолаушы немесе сол елдің адамы ауыл аксақалдарына немесе белгілі адамдарға әдейі іздеп келіп сәлем беру – қалыптасқан ұлттық дәстүр.



Тест

СӨЙЛЕМ МҮШЕЛЕРІ

1. Бастауыш та, баяндауыш та атау тұлғадағы сан есімнен жасалғанда, бастауыштан кейін

қандай тыныс белгісі қойылады?

А) үтір В) қос нүкте С) сызықша Д) нүкте Е) сызықша және үтір

2. Бастауыш зат есімнен, баяндауыш атау тұлғалы сан есімнен болғанда, екеуінің арасына қандай белгі қойылады?

А) сызықша қойылады В) тыныс белгісі қойылмайды С) қос нүкте қойылады

Д) сызықша және үтір қойылады Е) үтір қойылады

3. Бірыңғай анықтауышты табыңыз.

А) Далада қызыл-сары гүлдер жайқалып тұр.

В) Шаршаған кішкентай боталар артта қалып қойды.

С) Біз таудың ең биік шыңына шықтық.

Д) Мырзабайдың баласы ақылды, бірақ еріншек.

Е) Кең әрі ұзын көшелер қалаға көркін беріп тұр.

23

4. Күрделі анықтауышты табыңыз.



А) Аласа үйден түтін шығып жатыр.

В) Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен.

С) Біраздан кейін іштен қара торы жігіт шықты.

Д) Далада кішкентай балалар ойнап жұр.

Е) Шалғай ауылдарда жарық сөніп қалды.

5. Анықтауыштың белгісін табыңыз.

А) анықтайтын сөзімен қабыса байланысады.

В) анықтайтын сөзінен кейін орналасады.

С) анықтайтын сөзімен бірдей сұраққа жауап береді.

Д) анықтайтын сөзімен бірдей сөйлем мүшесі қызметін атқарады.

Е) анықтайтын сөзінен үтір арқылы ажыратылады.

6. Дара анықтауышты табыңыз.

А) Қалың қардың үстінде іздер жатыр.

В) Дала жып-жылы болып тұр.

С) Ол тонынан мылтықты суырып алды.

Д) Сыныбымыз кең.

Е) Көк ала бұлт аспанды қаптады.

7. Анықтауышты табыңыз.

А) Мұнда, оңтүстік өңірде, қыс жылы болады.

В) Қыста, яғни қаңтарда, демалысқа шығамыз.

С) Асан ақын үндемеді.

Д) Қыстың қақаған аязында аң аулауға кетті.

Е) Асан биыл мектепке барады.

8. Қашанғы? Қайдағы? – қай сөйлем мүшесінің сұрақтары?

А) пысықтауыш В) анықтауыш С) бастауыш Д) толықтауыш Е) баяндауыш

9. Сөйлемнің тұрлаулы мүшелерін табыңыз.

А) есім сөздер В) бастауыш, баяндауыш С) толықтауыш, пысықтауыш

Д) одағай, шылау Е) анықтауыш, қыстырма сөздер

10. Есімшеден жасалған бастауышты табыңыз.

А) Ербол қыстауды әлі таба алмай келеді. В) Жақсы – ісімен жақсы.

С) Жығылған күреске тоймайды.

Д) Басында құндыздаған қара пұшпақ бөрік.

Е) Жаңа ғана жаққан ағаштың иісі мұрынды жарып барады


Қолдану

55-жаттығу. Мына кесте бойынша сөйлемдер құраңдар.

1. _______ ______ _ _ _ _ _______

2. _._._._ _______ _ _ _ _ _ ________

3. _____ _______­ _ _ _ _ ________

4. ______­_ _._._._ _ _ _ _ _ ________

5. _._._._ ______­ _____ _ _ _ _ ______

24

Талдау.

56- жаттығу.Мына сөйлемге синтаксистік талдау жасап, сатылай кешенді талдау жасаңдар.

Әдептілік, ар- ұят – адамдықтың белгісі.

Айтылу сазы мен мазмұнына қарай:

Лепті, сұраулы, хабарлы, бұйрықты

Құрылысына қарай:

1. Жай сөйлем 2.Құрмалас сөйлем.

Сөйлем мүшелері:

а)Бастауыш;ә) Баяндауыш;б) Пысықтауыш;

в) Толықтауыш;Е) Пысықтауыш

Жай сөйлемнің түрлері:

а) Жақты, жақсыз; ә)Жалаң, жайылма;

б) Толымды, толымсыз; в)Атаулы

Сөздердің байланысу тәсілдері:

а) интонация;ә)жалғаулар;б) септеулік

шылаулар; в) орын тәртібі.


Салалас құрмалас сөйлем

Білу

57-жаттығу.Берілген сөйлемдердің ішіннен ыңғайлас салалас құрмалас сөйлемдерді теріп жазыңдар.

Барлық жақсы қасиеттер ана тілімен, ана сүтімен бойға сіңеді. Бала кезіңнен ана тіліңді әке – шешеңнен, ата- әжеңнен достарыңнан үйренесің.

Әр адам өз ойын ана тілінде жақсы білдіреді және өз шығармасын ана тілінде жақсы жазады.

Тіл ұрпақтан- ұрпаққа жетіп, мәңгілік тіршілікете береді.



58- жаттығу.Мына сөйлемдерді кезектес салалас құрмалас сөйлемге айналдыр.

Омар екеуіміз мектепке жаяу барамыз. Омар екеуіміз мектепке автобуспен барамыз. Еламан оқу озаты болды.Еламанның бір –екі пәннен ғана төрттік бағалары бар. Досыммен қазақша күреске қатысамын. Біз бассейнге барамыз.

25

59-жаттығу.Берілген жай сөйлемдерге ойларыңнан қарама - қарсы мәнді жай сөйлем ойлап, қарсылықты салалас құрау керек.

1. Жел саябырлаған сияқты,... 2. Теңіз тынышталды,... 3. Тау астындағы көлдің үңгірі жолдан алыс екен,... 4. Бұрын бай еді,... 5. Көп балалы үйдің шаң-шұңы көп болушы еді,... 6. Қыстың ортасы болып қалды,...



Түсіну

60- жаттығу. Берілген құрмалас сөйлемнің тыныс белгісін қойып, себебін анықтаңдар.

Біз ауылға жаяу тарттық: көлік жүре алмайтын тар жол бізге басқа амал қалдырмады. Бұл араның малы қыс жұтауға тиісті емес себебі ондағы көлдің төңірегіне жайыла шалғын өседі. Биыл шөп қалың шықты, жаңбыр көп жауды.



61-жаттығу. Сол жақтағы бағанадан сөйлемнің логикалық жалғасын тауып, талғаулықты салалас құрмалас сөйлемдердің астын сызыңдар.

Жеті атаны үйрету әке- шешенің

Жеті атаңды білмесең,

Не әке – шешең

Бұл жерге я нағашым,

Жетесіз боп өтесің.

Не болмаса ата –әжеңнің борышы.

Я жиенім отырар.

Немесе жақын туысың келсін.

62-жаттығу.Берілген сөйлемдерден қарсылықты салалас құрмалас сөйлемдерді теріп жазып,талдаңдар.

Менің Отаным- Қазақстан. Бұл ел Еуразияның орталығында орналасқан. «Қазақстан -2030» бағдарламасында белгіленген міндеттердің бәріне бірдей қол жете қоймас, сонда да қазақстандықтарға оны жүзеге асыруға сенімді беталыс керек.



Тест.

Салалас құрмалас сөйлем түрлері

1.Жалғаулықсыз салалас құрмалас сөйлемді табыңыз. А) Жақсы мінез-құлық пен ақыл күші болып, екеуі біріккенде, бұлар адамшылық қасиеттер болып табылады. В) Өлең, жыр- қазақтардың жан серігі. С) Осылар арасынан шыққан Базаралы болса, ол әрі сымбатты, әрі шешен жүйрік. Д) Бұл қазақ нені бастан кешпеді, қазақ болғалы. Е) Байлық пен бақ – сенімді серігің, балаң – артыңда қалған ізің.

2.Себеп-салдар салаласты табыңыз. А) Молда маған орын нұсқаған соң, Оразәлі мен оның қасындағы бала араларын аша берді.

В) Байжекең суырдың інін тереңдетіп қазып көрсе, ар жағы сіресіп жатқан тас көмір екен. С) Жел дауылды шақырады, бұлт жауынды шақырады. Д) Жаманменен дос болсаң, сыртыңнан жүрер өсектеп. Е) Байқағам жоқ, сондықтан кінәлі емен.

3.Түсіндірмелі салалас құрмалас сөйлемді табыңыз. А) Таным-түсініктің дұрыс қалыптасуы – мәдениеттіліктің кепілі. В) Ата-бабаларымыздың бұл замандағылардан артық екі мінезі бар екен: әуелі- ел басы, топ басы деген кісілер болады екен, екіншісі- намысқор келеді екен. С) Кітап оқудан тыйылған адам ойлаудан да тыйылады.

26

Д) Ер деп атақ кім берер, алмас семсер асынбай. Е) Одан әрі олар сөйлескен жоқ: әңгімеге уақытта қалмады.



4. Қазақ тілінде құрмалас сөйлемнің неше түрі бар. А) 3 В)5 С)6 Д)2 Е) 7.

5.Ыңғайлас салалас құрмалас сөйлем қандай шылаулар арқылы жасалады? А) сол, сондықтан, соншама; В) бірақ, алайда, дегенмен; С) да, де, та, те, және, әрі; Д) бірде, біресе, кейде; Е) не, немесе, әлде, я;

6.Қарсылықты салалас құрмалас сөйлемді табыңыз. А) Үйде оны бәрі де тамаққа күтті, бірақ Әсия өте жай келді. В) Қазақ отбасында әкені сыйлауға үлкен мән беріледі де, бала әкесін сыйлап өседі. С) Жақсы бала әке-шешесін қуантады. Д) Дала тым-тырыс. Е) Көктем. Таңғы самал.

7. Қарсылықты салалас құрмалас сөйлемнің шылаулары қандай? А) да, де, та, те, және, әрі; В)не, немесе, әлде, я; С) бірде, біресе, кейде; Д)бірақ, алайда, дегенмен, сонда да; Е) сол, сондықтан, соншама;

8. Талғаулы салалас құрмалас сөйлемді табыңыз. А) Бата-біреуге жақсы тілек білдіру үшін айтылатын сөз. В) Бата отбасының бақытты болуына ықпал етеді. С) Арман үйде ойнап жүр еді. Д) Абай- қазақ халқының ұлы тұлғасы. Е)Батаны не жасы үлкен адам береді, не құрметті кісі береді.

9. Талғаулы салалас құрмалас сөйлемнің шылауларын табыңыз. А) да, де, та, те, және, әрі; В) сол, сондықтан, соншама; С) бірде, біресе, кейде; Д)не, немесе, әлде, я болмаса, әйтпесе; Е) бірақ, алайда, дегенмен, сонда да;

10. Қазақ тілінде салалас құрмалас сөйлемнің неше түрі бар? А) 2 В) 4 С) 6

Д) 3 Е)7.





Қолдану

63-жаттығу. Берілген жай сөйлемдерді күрделі сөйлемге айналдыр,ережесін шығар.

Биыл шөп қалың шықты. Жаңбыр көп жауды.



64-жаттығу.Берілген сөйлемді жалғаулық шылау арқылы байланыстыр. Жалғаулық шылауларын атаңдар.

Қорадан мал ұрланыпты. Базарбайды қатты соққыға жықты



65-жаттығу.Берілген сөйлемдерден қарсылықты салалас құрмалас сөйлемдерді теріп жазып,талдаңдар.

Менің Отаным- Қазақстан. Бұл ел Еуразияның орталығында орналасқан. «Қазақстан -2030» бағдарламасында белгіленген міндеттердің бәріне бірдей қол жете қоймас, сонда да қазақстандықтарға оны жүзеге асыруға сенімді беталыс керек.



27

Сабақтас құрмалас сөйлем.

Білу

66-жаттығу. Сөйлемдердің жалғасын тап.

 Жанында әкесі болды...

 Оның даусы жақсы...

 Хакім кітапты ұстаған күйі...

 Олар үйге тезірек жетпек болып...

 Әкесі атқа мініп кетті...

 Бәйгеге түсіп жарыспай...

Бірақ ән айтуды жақтырмайды. Аттарына қамшы басты. Сондықтан шешіліп сөйлей алмады. Ат өнері білінбес. Әбдірахманның сөздерін қыбыр етпестен тыңдады. Баласы үйге кірді.



67-жаттығу. Көп нүктеге қажетті сөйлем жазып, шартты бағыныңқы жасау.

1. Тіршілік еткің келсе;

2. Ауыр жұмысты қиынсынсаң;

3. Жалқаулықтан қашқың келсе;

4. Қулық істегің келсе;

68-жаттығу.Мына салалас құрмалас сөйлемдерді сабақтас құрмалас сөйлемге айналдырып жазыңдар.

1.Далада қар жауып тұр, бірақ күн суық емес.2.Дүкенге не Айгүл барады, не мен барамын. 3.Қоңырау соғылды, оқушылар сыныпқа кірді. 1.Күн суытты, құстар жылы жаққа ұшып кетті. 2.Біресе жаңбыр жауады, біресе қар жауады. 3.Теледидардан кейде концерт көрсетеді, кейде қызықты бағдарлама көрсетеді.



69-жаттығу.Берілген сөйлемдерді жалғастырып, мақсат бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемдер құраңдар.

Қыстыгүні адамдар тоңып қолмау үшін, ......

Біз балалармен бірге бәйшешек термек болып, .....

Ринат республикалық жарысқа қатысқысы келіп, ........

Денсаулық мықты болу үшін, ......

28

Түсіну

70- жаттығу. Сабақтастарды ажырат

 Ол келсе, сабақ аяқталыпты.

 Кең болсаң, кем болмассың.

 Барып құлақ салсақ та, ешбір дыбыс естілмейді.

 Арман оқысам деп, қалаға келді.

 Таң алдында бір сағат мызғығаны болмаса, Абай бұл түнді ұйқысыз өткізді.

 Үйдегілер тысқа шықса, таң аппақ боп атқан екен.

 Білмегенін білсем деп, оқушылар ынтығар.

 Жауға жаныңды берсең де, сырыңды берме.

 Сөз жүйесін тапса, мал иесін табар.



71-жаттығу.Төмендегі сөйлемдерден қимыл- сын бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемдерді табыңдар.

Бірлік болмай, тірлік болмас. Жүре берсең, көре бересің.Мен Асқардың сөзін естімегендей, үнсіз тұра бердім. Ол тамағын тез- тез ішіп, орнынан атып тұрды. Марат дәптер сатып алу үшін дүкенге келді. Ол бірдеңе айтқысы келгендей болып, қолын көтерді.



САБАҚТАС ҚҰРМАЛАС СӨЙЛЕМ БОЙЫНША ТЕСТ

1. Себеп бағыныңқы сабақтасты белгілеңіз.

А) Аспанда тұтас бұлт сиреп, жұлдыздар көріне бастады.

В) Сөйлесуге тіл жоқ: Есенейден бата алмайды.

С) Қазақ мақалы бар:асыл тастан, өнер жастан.

Д) Мен қорықпаймын, өйткені әжем кеше айтып берген.

Е) Қасқыр енді мұнын айғайын елемейтін болған соң, Иса басқа бір тәсілге көшті.

2. Көп бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлемді табыңыз.

А) Ербол ғана сүйеп қалып, зорға дегенде буынын бекітті, бірақ сонда да өзін-өзі аңғармады.

В) Қысқы үкідей аппақ болып, ұзақ күндер ұзақ жортып, көбінесе үнсіз жортып, Омбы

қаласына бүгін келіп кірді.

С) Сиырда аунамақ жоқ, тамда белдеу жоқ, таста тамыр жоқ, суда қаймақ жоқ.

Д) Қуаты – ақындық, үміті – халық. Е) Малды не жерден сұрау керек, не аққан терден сұрау керек.

3. Қимыл-сын бағыныңқы сабақтасты белгілеңіз.

А) Қайраттан қанша жасқанса да, бүгін тәуекел етіп жолығуға келе жатыр еді.

В) Біз үйден шыққанда, күн де сәскелікке жақындап еді.

29

С) Құс жоғары-төмен ұшып, бір қанатын сабалап қаша берді.



Д) Жасында жаттықтыра алмасаң, өскенде бастықтыра алмайсың.

Е) Біреу зәбір етсе, сен сабыр ет.

4. Сабақтас құрмаластағы бағыныңқы сөйлемнің орын тәртібін анықтаңыз.

«Өзі, сол қағаз келгелі, қынжылып жүрген».

А) Басыңқы сөйлемнің алдында.

В) Басыңқы сөйлемнен кейін.

С) Басыңқы сөйлемнің ортасында.

Д) Басыңқы сөйлемнің екі жағында.

Е) Басыңқы сөйлемнің алдында да, кейін де.

5. Мақсат бағыныңқы сабақтасты табыңыз.

А) Абай Ойқұдықтағы ауылға жете қонбақ болып, атын шоқыта, сар желіске сала жөнелді.

В) Еңбексіз ауырса, емі табылмайды.

С) Дәркембайдың жүрісі тығыз екен, шешінбеді.

Д) Өткенге топырақ шашсақ, болашақ саған тас атады.

Е) Көз – ақылдың, ақыл – ұжданың, ұждан – рухтың бақылау тетігі.

6. Қарсылықты бағыныңқы сабақтастың сұрауларын табыңыз.

А) Қайтсе? Не етсе? В) Қашаннан бері? Қайтіп?

С) Не етпек болып? Қалай? Д) Қайтсе де? Қайткенмен? Е) Қалайша? Неліктен?

7. Жарыспалы көп бағыныңқылы сабақтастың қай түрі екенін анықтаңыз.

«Бұл сөздер көңіліне жаққандықтан, кітап сөзіндей етіп, Нұрлан есіне сақтапты.» .

А) Сатылы көп бағыныңқылы. В) Әр алуан жарыспалы. С) Қарсылықты бағыныңқылы.

Д) Бірыңғай жарыспалы. Е) Шартты бағыныңқылы.

8. Бағыныңқысының баяндауышында «майынша» жұрнағы бар сабақтас қай түріне жатады?

А) мақсат бағыныңқы В) мезгіл бағыныңқы С) қарсылықты бағыныңқы

Д) қимыл-сын бағыныңқы Е) шартты бағыныңқы

9. Сатылы көп бағыныңқылы сабақтасты табыңыз.

А) Егер бұл тулап, бойды үркітіп жүргенде, Ұлжан көріп қойса, жаман болады.

В) Ереуіл атқа ер салмай, егеулі найза қолға алмай, ерлердің ісі бітер ме?

С) Қыс түсті, қара аттың тізесінен суырынды бұрқыратып, шілденің тозаңындай көтерілді.

Д) Тәуелсіздікті анаңдай ардақта, балаңдай мәпеле.

Е) Ақылды кісі мен ақылсыз кісінің, менің білуімше, бір белгілі парқын көрдім.

10. –ғандықтан-гендіктен- қай сабақтас құрмалас сөйлемнің жұрнақтары?

А) шартты В) қарсылықты С) себеп-салдар Д) мезгіл Е) мақсат


30

Қолдану

72-жаттығу. Сөйлемдерді сызбаға түсіріп, жасалу жолдарын анықтау

1. ----------,---------- тигізбейінше,----------.

2. ---------- қарасаң,----------.

3. ---------- берілмесе,----------.

4. ---------- жарыспай,----------.

73-жаттығу. “Сызбаны сөйлет”

1. ---------- өтінсе,----------.

2. ----------алмай, ----------.

74-жаттығу. Себеп бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемді қолданып, мұражай тақырыбына шағын әңгіме жаз.


Қаратпа сөз

Білу

75- жаттығу.Сөйлемдерді тиісті қаратпа сөздерді қойып көшіріңдер.

1. Өмір жасың ұзақ болсын, ...! 2. Ой, ..., ...! Ойналық та күлелік.

3. ..., бұдан былай мақтанба, әркімнің өз өнері , өз орны бар. 4. Рақмет, .

Керекті сөздер: Сәкен қарағым, балалар, балалар, балақай, балам.



76-жаттығу.Көп нүктенің орнына тиісті тыныс белгісін қойып көшіріңдер.

1. Қарға қарға қарғалар,

Қар үстінде жорғалар.

2. Кекілік-ау кекілік

Кетіп қалма секіріп.

3. Сауысқан-ау сауысқан

Сақтанасың дауыстан.

4. Тырау тырау тырналар,

Тамаша әнін тыңдап ал.

31

77-жаттығу. Үлкендерге не айту керек?

Бар алғысымды саған арнаймын ------ !

Кәне ------ жүрісті үдетейік.



Жарайды ------- сенің дегенің болсын.

Қаратпа сөздер: анашым, Балнұр, Бақыт, жігіттер.

Түсіну

78- жаттығу. Сөзжұмбақты шеш.



Каталог: uploads -> konspekt -> inyaz
inyaz -> Сабақтың тақырыбы: Сәбит Мұқанов Сан есімді қайталау. Мақсаты
konspekt -> Сабақтың тақырыбы: Ә. Тәжібаев «Толағай» әдеби ертегісі Сабақтың мақсаттары
konspekt -> Сабақтың тақырыбы: Шоқан мен өнерлі бала Мысық. Сапарғали Бегалин Сабақтың мақсаты
konspekt -> Сабақтың тақырыбы Достық өлкесінің заңы М. Шаханов Жалпы мақсаты
inyaz -> Өнім Тақырыбы: «Отбасы мүшелерінің қызметі» Туынды зат есім
inyaz -> Сабақтың тақырыбы: Білім беру жүйесі мен міндеттері Грамматикалық тақырып
inyaz -> Сабақтың тақырыбы: «Туған жерімнің табиғаты. Зат есім»
inyaz -> Сабақ өтілетін уақыты: сабақ 40 минут (1 пара)
inyaz -> Новосветловка орта мектебі өткізген : Капарова К. А
inyaz -> Сабақтың типі: жаңа білімді меңгеру. Сабақтың түрі: аралас. Сабақтың әдісі


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет