1. Сөйлемнің басында тұрған қаратпа сөзді көрсетіңіз.
А) Кеше жаңбыр жауды.
В) Сенің атын қалай, балам?
С) Қап, әттеген-ай!
Д) Асқар, бүгін күн жылы ма?
Е) Оян, қазақ!
2. Құрамында қаратпа сөзі бар сөйлемді табыңыз.
А) Ол, сірә, бүгін келмейді. В) Кел, балалар, оқылық! С) Мен дүкенге бардым. Д) Піскен алма жерге түсті. Е) Паһ, шіркін!
3. Сөйлемнің ортасында келген қаратпа сөзді табыңыз.
А) Бәйтерек- өте биік ағаш. В) Үйге кір, балам, шай ішіп кет. С) Қарағым, қашан келдің?
Д) Бүгін сабаққа дайынсың ба, Абай? Е) Әжем сандықты ашты.
4. Қаратпа сөзі бар сөйлемді табыңыз.
А) Автобусқа бір бала кірді. В) Айнаның үйі ауылда. С) Мен бүгін сағат жетіде тұрдым.
Д) Құдияр үйге кірді. Е) Алма, сен бізге келесің бе?
5. Қаратпа сөзі бар сөйлемді белгілеңіз.
А) Жеңіс, келесің бе? В) Тақтаны сүртті. С) Гүлді оқушылар отырғызды. Д) Астық жиналды.
Е) Алма сурет салды.
6. Қаратпа сөз қатысып тұрған сөйлемді табыңыз.
А) Бізде бүгін алты сабақ болады. В) Ертең суық болады. С) Сен киноға барасың ба?
33
Д) Айман, сен келесің бе? Е) Бүгін жаңбыр жауды.
7. Қаратпа сөзді сөйлемді табыңыз.
А) Балалар, кешке мектепте жиналыс болады, кешікпей келіңдер. В) Отан қорғауға дайын болыңдар! С) Меніңше, бұл-өте жақсы оқушы. Д) –Сіз менің айтқанымды түсінесіз бе?
Е) Сабақ аяқталды.
8. Қаратпа сөзді сөйлемді табыңыз.
А) Теңіз толқыны күшейді. В) Су жағаны жуып кетті. С) Арман, сен мұнда келші.
Д) Ай көрінбейді. Е) Орманда гүлдер көп.
9. Қаратпа сөзді сөйлемді табыңыз.
А) Шаңқай түс. В) Ботагөз, сен бүгін киноға барасың ба? С) Күн нұрын құйып тұр.
Д) Жаңбыр жауды. Е) Олар асығыс жүріп кетті.
10. Қаратпа сөз қатысып тұрған сөйлемді табыңыз.
А) Әрине, еңбексіз ер де, жер де көгермейді. В) Менің айтып отырғаным, сіздіңше дұрыс емес.
С) Бәріміз, шынында, жас едік. Д) Осының бәрін, әрине, жалғыз істей алмайды.
Е) Дәмелі, бақшаға барайық,-деді Рахмет.
Қыстырма сөз
Білу
82-жаттығу. Сөйлемдерді оқы.Қыстырма сөздерді теріп жаз.
1.Кішкене күшік, шынын айтсам,маған қатты ұнады.2.Мәссаған,мұндайда керемет болады екен-ау!3.Ұмытып барады екем,бүгін жарысқа дайындық жұмысы басталады.4.Неге екенін кім білсін,қасындағы достарымен де араласпайтын болды.5.Болашақта аты шыққан әнші болатын шығар,бәлкім.
34
83-жаттығу. Бос орынға тиісті сөзді қойыңыз:
1., бұл мәселе бүгін шешілетін сияқты.
2. Болашақта аты шыққан әнші болар,.
3., биыл қыс жылы болады.
4. Осының бәрін, ме, жалғыз істей алмассың.
Керекті сөздер: меніңше, шамасы, бәлкім, әрине.
Түсіну
84-жаттығу. Сөйлемдердің ішінен қыстырма сөзді тауып, тыныс белгісін қояды. Ережені шығарып, оны қорғаңдар.
Әрине ол шаттанып айқайлаған жоқ, айқайлап жүгірмеді де. Керісінше көнетоз күпәйкесінің жеңімен көзін сүртіп, қорсылдап жылап келе жатты. Неге екенін өзі білген жоқ. Тек әйтеуір туған ауылды көргенде елжіреп, көңілі босап сала бергені анық. Туған жерін көп жыл көрмегеннен шығар бәлкім.
85-жаттығу.Семантикалық кесте.
Сөз табы
|
Мысалдар
|
Қаратпа сөз
|
Қыстырма сөз
|
Одағай
|
Байғұс – ау, саған не болған?
|
|
|
|
«Қош бол, Қараой»
|
|
|
|
Хан, әрине, ғажайып мешіт салу, хан жарлығынан, не ұзақ өмір сүруден емес, адам көңіл күйінің шаттануынан, не үлкен арманнан туатынын білген жоқ
|
|
|
|
Әйтеуір, осы қос аққуын көрсе, сол сәтте Берке хан бәрін ұмытатын
|
|
|
|
Қолдану
86-жаттығу. Берілген сөздерді қыстырма сөз ретінде қатыстырып,сөйлем құрап жазу.Сөйлемдердің тиісті жеріне тыныс белгісін қой.
1.Сірә,сіздіңше, оның пікірінше,.шындығында,амал қанша .
35
87-жаттығу.Қастеевтің “Медеу мұз айдыны” суреті бойынша қыстырма сөздерді қатыстырып өз пікірлеріңізді жазыңдар.
Қыстырма сөздер.
1. Сөйлемнің ортасында келген қыстырма сөзді табыңыз.
А) Бүгін күн ашық екен, әйтеуір. В) Біріншіден, Асқардың жасы кіші. С) Қысқасы, сен үйде отырасың. Д) Мен, сірә, киноға бармайтын шығармын. Е) Әлбетте, сенікі дұрыс.
2. Қыстырма сөз қай сөйлемде екенін белгілеңіз.
А)Сабақтан келемін де үй жинаймын. В)Сабақтан келіп, үй жинадым. С)Сабақтан келген соң, үй жинаймын. Д)Қысқасы, сабақтан келген соң үй жинаймын. Е)Сабақтан келдім де, үй жинадым.
3. Қыстырма сөзді табыңыз.
А) Ей. В) Қызыл. С) Балам. Д) Жеті. Е) Сірә.
4. Қыстырма сөзі бар сөйлемді табыңыз.
А) Жыламашы, күнім. В) Жұмаш, бері келші, қалқам. С) Меніңше, бұл-өте мықты адам.
Д) Шырағым, сен абыржыма. Е) Балалар, аманбысың, шырақтарым.
5. Сөйлемнің басында келген қыстырма сөзді табыңыз.
А) Күн ыстық.. В) Астана-жас қала. С) Сен кітапты, әрине, көп оқисың. Д) Ол, бәлкім, бүгін келмейді. Е) Меніңше, сен кітапты көп оқисың.
6. Қыстырма сөзден кейін қандай тыныс белгісі қойылатынын белгілеңіз.
А) Үтір В) Леп белгісі С) Сызықша Д) Қос нүкте Е) Үтірлі нүкте
7. Қыстырма сөздің тыныс белгісі дұрыс қойылғанын табыңыз.
А) Шіркін, озық техникаға еш нәрсе жетпейді. В) Озық техникаға еш нәрсе, шіркін жетпейді.
С) Озық техникаға еш, шіркін нәрсе жетпейді. Д) Озық шіркін, техникаға еш нәрсе жетпейді.
Е) Озық техникаға шіркін, еш нәрсе жетпейді.
8. Әрине, әлбетте, рас, шынында деген сөздердің сөз табын анықтаңыз.
А) Есімдік. В) Оқшау сөздер. С) Сан есім. Д) Сын есім. Е) Етістік.
9. Қыстырма сөзді табыңыз.
А) Қажеттілік. В) Қалам. С) Сөзсіз. Д) Қашу. Е) Марат.
10. Қыстырма сөйлем қолданылған жай сөйлемді анықтаңыз.
А) Ойбай, Жақа, ол Жоламанның ісі ғой! В) Шынында да, халіміз онша мәз емес. С) Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат. Д) Ұялма ,балам, төрге шық! Е) Менің жеңгем-Айсұлу.
36
Етістіктің райлары
Білу
88 жаттығу.Семантикалық кесте.
Сөздер
|
Осы ақ
|
өткен шақ
|
Келер шақ
|
Жыртып жүр
|
|
|
|
Жазып отыр
|
|
|
|
Барар
|
|
|
|
Келмекші
|
|
|
|
Айтыппын
|
|
|
|
Оқыған едік
|
|
|
|
Келесіңдер
|
|
|
|
Барғанмын
|
|
|
|
Келіп отыр
|
|
|
|
Келіп кетпек
|
|
|
|
89-жаттығу. Мағынасына қарай мақал-мәтелді келер шақ мәніндегі етістікпен толықтырып жазу.
Үлгі: Ер қартайса, қазаншыл болады
Бүркіт қартайса, тышқаншыл болады
Туған жердей жер бол………….
Туған елдей ел бол……………….
Отан үшін отқа түс, күй……………
Жақсымен жолдас болсаң, жет………
Жаманмен жолдас болсаң, қал……….
Ерлік пен бірлік жеңіске жет……………….
90-жаттығу.
Мақал-мәтелдердің мағынасын түсініп, тәрбиелік мәніне назар аударыңыздар. Болжалды келер шақ жасап тұрған жұрнақтардың астын сызыңыздар.
Бал тамған тілден, Айран ішкен құтылар,
У да тамар. Шелек жалаған тұтылар.
* * * * * *
37
Аңдамай сөйлеген, Есі бар жігіт елін табар,
Ауырмай өледі. Есі жоқ жігіт жаттың отын жағар.
* * * * * *
Жалғыздың үні шықпас, Сумен ойнама, батарсың,
Жаяудың шаңы шықпас. Отпен ойнама, жанарсың.
* * * * * *
91-жаттығу. Сөйлемдердегі өткен шақта тұрған етістіктердің астын сызып, олардың түрлерін ажыратыңыздар.
Ерте заманда Ерназар деген кісі болыпты. Ерназардың өзі бай болыпты, төрт түлік малы сай болыпты. Басқалары тұра келді де, алып Семен шалқасынан түскен бойы қозғалған жоқ. Мына біреуін бір адам жазған екен. Кешегі алай-дүлей дауылдан ешқандай белгі қалмаған (Ш.Айтматов). Төреқұлдың әңгімесін жиналғандар ақырына дейін селт етпей ұйып тыңдапты (Қ.Жұмаділов). Оған әрекеттің қауіпті екенін әрбір жауынгердің өзі де сезген (Р.Қошқ-в). Түн көрпесін жамылған кең жазық даланың бәрін де сәуле басқан (М.Иманжанов). Қолға түскен батырларымызды байлап алып кетіпті (Қазақ ертегілерінен). Мен қасқыр дегенді күндіз де көрген емеспін, түнде де көрген емеспін (Ғ.Мүсірепов).
Түсіну:
«Етістіктің шақтары» тақырыбы бойынша
1. Қай сөйлем сөйлеп тұрған уақытқа дейін әрдайым болып тұрған іс-әрекетті білдіріп тұр?
А) Біз жазда өзенге шомылуға баратынбыз.
В) Мен сабаққа дайындалдым. С) Олар ертең балық аулауға бармақшы.
Д) Ол үйде жалғыз отыр Е) Ол ертең келеді.
2. Баяндауышы мақсатты келер шақ тұлғасындағы етістіктен жасалған сөйлемді көрсет.
А) Ертең ол да Қарқаралыға жүрмек.
В) Түн ортасында аттарды жемдеп алармыз. С) Кешке алтыбақан құрамыз.
Д) Олардың ақылдылығына ,білімділігіне піріндей сенеді.
Е) Көрмес—түйені де көрмес.
3. Сөйлеп тұрған кезде болып жатқан іс-әрекетті тап.
А) Марат маған айтып тұрды. В) Олар сенің кітабыңды кеше сыныпта алып жүрген. С) Ол екі бұрын қалаға бара жатқан.
Д) Салтанат сабақ түсіндіріп тұр. Е) Мақсатым—тіл ұстартып,өнер шашпақ.
4. Баяндауышы ауыспалы келер шақ тұлғасындағы етістіктен жасалған сөйлемді тап.
А) Ертең ол да Қарқаралыға жүрмек.
В) Түн ортасында аттарды жемдеп алармыз. С) Кешке алтыбақан құрамыз.
Д) Олардың ақылдылығына ,білімділігіне піріндей сенеді
Е) Атасы бәрін түсінетін.
5. Күрделі нақ осы шақты тап.
А) айтып тұрды В) алып жүрген С) бара жатыр еді
Д) оқымай жүр Е) Сурет салып отырмақшы
6. Етістіктің болжалды келер шақ түрін тап.
А) сөйледі В) сөйлеген С) сөйлер Д) сөйлейді Е) сөйлеп отыр
7. Етістіктің жедел өткен шақ түрін көрсет.
А) жеткізер В) жеткізген С) жеткізетін Д) жеткізеді Е) жеткізді
8. Ауыспалы өткен шақ тұлғасындағы сөзді тап.
А) Қадірледі В) қадірлейтін С) қадірлеген емес
Д) қадірлейді Е) қадірлепті.
9. Қалып етістігін тап.
А) жүр В) е С) ет Д) де Е) кел
10. Бұрынғы өткен шақта тұрған сөзді тап.
А) танысқан екен В) танысты С) танып тұрмын
Д) таниды Е) танитынмын
Қолдану
92-жаттығу. Бағандағы сөздерді тіркестіріп, сөйлемдер құраңыздар. Сөйлемдеріңізді келер шақта жазыңыздар.
Таңертең Ет Же.....
Мен Түсте Сорпа Іш....
Кешке Май
Ұйықтар алдында Шай
Нан
Айран
Картоп
Шұбат
Қымыз
Шырын
Көже
Жұмыртқа
Сүтті шай
93-жаттығу. Сөйлемдердегі өткен шақта тұрған етістіктерді болжалды келер шаққа айналдырыңыздар.
Ашу деген ағын су, алдын ашсаң ақырады. Ақыл деген дария, алдын тоссаң, арқырайды. Көп шаңды құлан көтереді, боранды тұман көтереді. Ордаңды талқан қылып шабамын (М.Ө.). Кешке жақын дүкенге барамыз. Кешке шамамен сағат төрттерде футбол ойнаймыз. Біз мейрамханада кездесу өткіземіз. Лекция сағат екілерде аяқталады. Университетке ертең барамын.
39
Мазмұны
Кіріспе…………………………………………………………………………………………………
Үстеу…………………………………………………………………………………………………….
Көмекші және негізгі етістіктер………………………………………………………….
Еліктеуіш және бейнелеуіш сөздер ………………………………………………….
Одағай ………………………………………………………………………………………………….
Септеуліктер…………………………………………………………………………………………..
Демеулік шылаулар ……………………………………………………………………………..
Жалғаулықтар………………………………………………………………………………………..
Сөз тіркестері …………………………………………………………………………………………
Жай сөйлемнің түрлері ………………………………………………………………………..
Тұрлаулы мүшелер………………………………………………………………………………..
Тұрлаусыз мүшелер………………………………………………………………………………
Салалас құрмалас сөйлем……………………………………………………………………
Сабақтас құрмалас сөйлем………………………………………………………………….
Қаратпа сөз………………………………………………………………………………………….
Қыстырма сөз ……………………………………………………………………………………..
Етістіктің шақтары……………………………………………………………………………..
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
9 сынып қазақ тілі З. Агзамова , К. Шаймерденова.
9 сынып қазақ тілі Т. М. Артыкова, А. С. Кабдыракишева
Г.М. Акимбаева.
3. 5 сынып қазақ тілі Г. Қосымова, Ж. Дәулетбекова.
4. 10 сынып қазақ тілі Н. Оразақынова, Қ. Әбдірейімова, Н. Әміреев, Н. Сапақова.
5. 9 сынып қазақ тілі Т. М. Артыкова, М. Б. Боранбай.
6. 6 сынып қазақ тілі С. Исаев, К. Наразғалиева, Ж. Дәулетбекова.
7. Ғаламтор қоры.
8. “Шың” кітабы