Ақмола облысы Жарқайың ауданының «Білім бөлімі» мм «Нахимов негізгі мектебі» мм


Сабақтың тақырыбы: Нәтиже сабақ. Тест



бет48/56
Дата06.02.2022
өлшемі3,63 Mb.
#79736
түріБағдарламасы
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   56
Сабақтың тақырыбы: Нәтиже сабақ. Тест.
Мақсаттар:
1.Қазақ тарихындағы белгілі шешендер мен билер жайлы білімдерін қорыту.
2.Еске салу арқылы білімдерін тексеру.
3.Білімді, белсенді қасиеттерін тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: қорытынды.
Сабақтың әдісі: практикалық
Көрнекілектер: тест үлгілері..
І.Ұйымдастыру кезеңі: 1.Қазақ тарихындағы белгілі шешендер мен билердің өмірбаяны мен шығармашылығы жайлы не білесіңдер?
2 .Шешендік сөздердің түрлерін толықтырыңдар.
3.Қазақ шешендік сөздер зерттеген ғалымдар туралы ой бөлісіңдер.
4.Шешен адамға тән қасиеттерді атаңдар.
5.Шешендік жайлы үйден шығарма жазып келу.
I Тест сұрақтарына жауап беріңдер

  1. Қазақ шешендік өнерінің зерттелуі қай кезеңнен бастау алады?

  1. ХХ ғ І ширегі

  2. ХІХғ

  3. ХҮІІғ

  1. Шешендік сөзді саясат шешен сөзі, билік шешен сөзі,қошемет шешен сөзі, ділмар шешен сөз, уағыз шешен сөз деп бөлген ғалым

  1. Ш.Уәлиханов

  2. Б.Адамбаев

  3. А.Байтұрсынұлы

  1. Қазақ шешендік өнеріне «Билер сөздері», «билер айтысы» деген теминдерді енгізген кім?

  1. С.Сейфулин

  2. М.Әуезов

  3. М.Есламғанұлы

4. М.Әуезов,С.Сейфуллин,Х. Досмұхаммедов ұсынған «Билер сөзі» терминін шешендік сөздер терминімен алмастырып, тақырып аясын айқындаған ғұлама.

  1. Ә.Мәметова

  2. Б.Адамбаев

  3. М.Есмағанұлы

5. Шешендік сөздер мазмұнына қарай нешеге бөлінеді?

  1. 5

  2. 3

  3. 4

6. Қазақ шешендік өнерін бірінші- салтанатты, екпінді сөздер, екінші нақтылы, қысқа түйінді сөздер, үшінші майда,биязы сөздер деп жіктеген ғалым

  1. Ә.Мәметова

  2. С.Садырбаев

  3. М.Есмағамбетова

7. 1887ж «Дала уәлаяты» газетінің 24 санында ескі билердің шешендік сөздеріне аса ілтипат көрсетіп, оларды жинау, саралау, насихаттау идеясын көтерген ағартушы

  1. А.Байтұрсынұлы

  2. М.Дулатұлы

  3. Ә.Бөкейханұлы

8. Қазақ би-шешендерінен біршама мағлұмат беретін С.Сейфуллиннің 1932 жылы шыққан еңбегі

  1. «Қазақ әдебиеті

  2. «Қазақтың би-шешендері»

  3. «Билер бейнесі»

9. Нығмет Мыңжанның зерттеуіндегі пікірде үйсін мемлекетінің билеушісін Күнби деп атаған. Бертінгі қзақта пайда болған қандай сөз күнби сөзімен сабақтас келеді деп атап көрсетеді?

  1. Би

  2. Хан

  3. Шешен

10. Қазақ хандығында билер қандай әлеуметтік топтың басшысы болған?

  1. Ұлыс

  2. Тайпа

  3. Жүз

Жауаптары:

  1. А

  2. С

  3. В

  4. В

  5. А

  6. В

  7. С

  8. А

  9. А

  10. В



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   56




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет