Қан жүйесінің физиологиясы
Қан плазмасынан тіндік сұйықтық түзіледі де, жасушаларды қоректендіреді. Қан тіндік сұйықтық көзі болғандықтан оны организмнің әмбебап ішкі ортасы деп атайды. Қан мен тіндік сұйықтық арасындағы физиологиялық механизмдер гистогематикалық бөгеттер деп аталады. Олар капиллярлардың эндотелилерімен көрсетіліп қанды жасушалардан бөліп тұрады. Гистогематикалық бөгеттер қан мен тін арасындағы алмасу үрдістерін реттеп, организмнің ішкі ортасының құрамы мен физикалық – химиялық қасиеттерінің тұрақтылығын қуаттап тұрады. Организм ішкі ортасының құрамы мен қасиеттері: тұрақты, сондықтан олар патология кезіндегі өзгерістерді тез көрсетеді. Сол себептен медицинада қанның клиникалық анализдары кеңінен қолданылады. Қан құрамы және тығыздығы. Қан тұтқырлығы нәруыздар және эритроциттер барлығымен қамтамасыз етіледі. Плазма тұтқырлығы 1,7 – 2,2 ал қан тұтқырлығы 5,1 шамасында. Қан тығыздығы эритроциттер мөлшеріне, оларда гемоглобиннің барлығына және плазманың нәруыздық құрамына тәуелді. Қан тығыздығы: 1,050 – 1,060. Қан құрамы. Қан плазмадан және пішінді элементтерден тұрады. Егер қанға оны ұйытпайтын зат қосып, біраз уақыт қойса, онда ол екіге бөлінеді: үстіңгі сарғыштауы плазма, ал астыңғы қызыл түсті эритроциттер мен тромбоцит, ал лейкоциттер қызыл тұнбаның үстіне ақшыл болып жиналады. Плазма мен пішінді элементтердің көлемдік арақатынасы гематокрит деп аталады. Қан плазмасы оның құрамы. Плазма судан ( 90 – 92%) және құрғақ ( 8 – 10 % органикалық және бейорганикалық ) заттардан тұрады. Органикалық заттары:
Нәруыздар – альбуминдер ( 4 – 5 %), глобуминдер ( 2 – 3,5 %), фибриноген ( 0,2 – 0,4%) . Нәруыздардың жалпы мөлшері 7 – 8 %;
Құрамында азоты бар нәруыз емес қосындылар ( амин қышқылдары, полипептидтер, мочевина, несеп қышқылы, креатинин, креатинин, аммиак )11 – 15 ммоль/л ( 30 – 10 мг%). Бүйрек қызметі бұзылғанда қанда осы қалдықтық азот мөлшері кілт көтеріледі;
Құрамында азоты жоқ органикалық заттар: глюкоза 4,4 – 6,65 ммоль/л ( 80 – 120 мг %), бейтарап майлар, липидтер;
Ферменттер мен проферменттер: олар қан ұю үрдісіне және фибринолизге қатысады.
Бейорганикалық заттар ( 1% дай):
Na+, Ca+, K+, Mg+ катиондары;
Cl-, HPO-, HCO- – аниондары.
Плазма құрамы әр кезде тұрақты. Қанның пішінді элементтері:
Эритроциттер – ядросы жоқ, гантельге ұқсайды. Ер адамның 1 литр қанында 4,0х1012 – 5.0х10 12 /л. Әйелдерде 3,7х10 12 – 4,7 – 10 12 /л қанында. Сыртқы және ішкі орта факторлар әсерінен эритроциттер мөлшері өзгереді. Эритроциттер көбеюі – эритроцитоз, азаюы – эритропения деп аталады.