Қан кету. Қан кетуді тоқтату әдістері. Асқынулары. Орындаған: Кенжебек. А



бет4/4
Дата25.05.2020
өлшемі0,73 Mb.
#71050
1   2   3   4
Байланысты:
Қан кету

Қан кетуді тоқтату


Қан кетуді уақытша тоқтату

Қан кетуді біржолата тоқтату

1.Жгут салу

2.Қан тамырын саусақпен жарада немесе ұзынабойынан басу

3.Аяқ пен қолды буында бүгу

4.Жараны дәке тампонымен тығындап, таңғыш салу.

1.Механикалық (қан тамырын жарада байлау, ұзына бойына байлау, қан тамырына жасанды эмбол салу, қан тамырына тігіс салу, протез салу)

2.Физикалық (диатермокоагуляция, лазер және т.б.)

3.Химиялық және биологиялық (қан препараттарын құю, контрикал, викасол, тахокомб)



4.Қосарланған (кобинирленген)

1. Қыл бұрау салу ережелері 1.ҚБ салар алдында аяқ қолды жоғары көтеру керек 2.ҚБ жарадан жоғары жерге және мейлінше оған жақын жерге салу керек. 3.ҚБ астына мата салу керек 4.ҚБ салған кезде оны біркелкі соза отырып 2-3 айналым жасау керек және айналымдары бір-бірінің үстіне жатпауы керек. 5.ҚБ салғаннан кейін оның салынған уақыты дәл көрсету қажет. 6.ҚБ салынған жаралылар бірінші кезекте тасымалданады. 7.ҚБ алдын ала ауыртпайтын дәрі берілгеннен кейін босату керек. ҚБ дұрыс салынғанының белгісі -Қан кетудің тоқтауы -Шеткі пульсация тоқтауы -Аяқ-қолдың бозарып, мұздауы.


Дененің әр тұсындағы артерияны саусақпен басу қан кетіп жаткан тамырды тікелей жара аумағында емес, одан жоғары жерде (зақымданған артерияның орталық бөлігі) басуға негізделеді. Бұл тәсіл артериядан қатты қан кеткенде колданылады. Тамырды басу оны жақын жатқан сүйекті саусақпен қысып, саңылауды жабу мүмкін болатын тері қабатына жақын жатқан жерде жасалады. Әрбір ірі артерия үшін белгілі бір нүктелер болады:  1.иық алды жарасы кезінде — артерияны иықтың ішкі  жағынан басады;  2.балтырдан қан кеткенде — тізе асты артериясын  басады (бас бармақпен тізе буынын алдыңғы жағын ұстап,  ал қалған саусақпен тізе асты шүңқырындағы артерияны  тауып, сүйекке басады);  3.сан жараланғанда — сан артериясының шап астын-  дағы жоғарғы жағын жұдырықпен басады; 4.бастағы жарадан қан кеткенде — жара жақтағы самай  артериясын басады (артерия құлақтың жанынан өтеді, оны тамыр соғысы арқылы анықтайды);  5.беттен қан кеткенде — жақ артериясын басады (ол  мойыннан бет пішіндеріне қарай жүреді және жақтың  төменгі шеті арқылы оның бұрышы мен иек арасында иіледі); 6.мойындағы жара кезінде — жара жақтағы және одан  төмен ұйқы артериясын басады (трахея жайында); 7.иық үстіндегі, иық буынына жақын немесе қолтық  айналасындағы жара кезінде бұғана асты артериясын бұғана  астындағы шұңқырға (біріншіі қабырғаға) басады, кейін аяқ-қолға бұрау немесе жгут салады. 

Аяқ-қолды мейлінше бүгу. Бұл әдіс сенімді емес, дегенмен жарақаттау дәрежесі аз. Бұл әдіс аяқ-қол сегменттерінің ірі буындардан төмен орналасқан жерлерінен қан кеткенде нәтиже береді. Аяқ-қолды жоғары ұстау әдісін капиллярдан немесе көктамырдан қан кеткенде қолданады. Әдіс өте қарапайым.

Жараны қысып таңу. Бұл әдісті қолдану үшін дәке мен таңғыш материал қолданылады . Қысып таңу әдісі көктамырлар, әсіресе аяқтың кеңейген көктамырларынан қан кеткенде таптырмайтын әдіс. -Қан тамырды басып тұрып, бірнеше қабат салынған таңғышпен немесе бинтпен байлау қажет. -Егер де таңғыш суланса, жо,ары жағына тағы да бірнеше қабат таңғыш салып, алақанмен басу қажет.

Назарларыңызға рахмет!



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет