Автор: Анешова Гулден Нұржанқызы
Пән: Биология
Сынып: 8-сынып
Бөлім: Заттардың тасымалдануы
Тақырып: Қан топтары және қан құю, резус фактор
Оқу мақсаттары (оқу
бағдарламасына
сілтемеу):
8.1.3.7-аглютинация және резусконфликт механизмдерін түсіндіру
Сабақтың мақсаты:
Барлық оқушылар: Мәтінді оқып, мазмұнын түсінеді, қан топтарын біледі, оларды белгіленуіне
байланысты ажырата алады. Оқушылардың басым бөлігі: Антиген мен антиденеге байланысты қан
топтарын салыстырады, қан құю кестесін қолданып, қан құюды болжайды. Кейбір оқушылар: Қанды
дұрыс құймағанда болатын қауіптерді дәлелдеп бере алады, Резус-фактордың «оң» және «теріс»
түрлерін сипаттап береді.
Бағалау критерийлері:
- Кесте арқылы қан топтары және оның белгіленуін біледі - Мәтінді оқу арқылы антиген мен
антиденеге байланысты оларды ажырата алады - 5-сызба арқылы қан құю кестесін ұғады, қан
топтарына байланысты қан беретін және қан алатын адамды мысалмен келтіре алады
Құндылықтарды
дарыту:
Мәңгілік Ел» мемлекеттік және қоғамдық өмірдің зайырлы сипатына сай оқушыларды үздіксіз оқуға,
денсаулық сақтауға және қол үшін созып донор болуға, қан тазалығын сақтауға баулу.
Пәнаралық байланыс:
Медицина- қан топтары, донор, реципиент, қан құю, резус-фактор, резус-конфликт Ағылшын-
пәндегі терминологиялық сөздер Психология - Шаттық шеңбері
Бастапқы білім:
7-сынып «Заттардың тасымалдануы», Қанның құрамын, иммунитеттің пайда болу жолдарын біледі.