Қанның ұюы және фибринолиз жүйесі
Көрсеткіштер
|
Қалыпты деңгейі
|
1
|
2
|
Қанның ұю уақыты:
веноздық
капиллярлық
|
5—10 мин
Басталуы — 30 с — 2 мин,
соңы — 3—5 мин
|
Қанның ұю уақыты (Дюке әдісі)
|
4 минуттан аспайды
|
Протромбиндік белсенділік
|
80-100 %
|
Плазманың фибринолитикалық белсенділігі
|
3-4 сағ
|
Плазманың фибриногені
|
200-400 мг %
(СИ бойынша 2—4 г/л)
|
Эритропоэз элементтері
а-аналық клетка; б- базофилды эритробласт, в-полихроматофилды эритробласт, г-оксифилды эритробласт, д-нормоциттер, е-микроциттер, ж-макроциттер, и-полихроматофилды эритроциттер, к-гипохромды эритроциттер, л-гиперхромды эритроциттер, м-анизоцитоз, н-пойкилоцитоз, о-овалоцитоз, п-базофилды түйіршікті эритроциттер, р-Жолли денешіктері, с-Кебот сақиналары, т-микросфероцитоз, у-ретикулоциттер
Лейкоциттер: лейкоциттер- қалыпты жағдайда көрсеткіші 4,0- 9,0х10л. Лейкоцит санының көбеюін лейкоцитоз деп атайды. Жалпы лейкоцит санының көбеюінің диагностикалық маңызы зор, бұл қан түзу жүйесінің белсенділік жағдайын немесе оның зиянды әсерлерге реакциясын көрсетеді. Лейкоцитоз лейкопоэздың белсенділігі
.
Лейкопоэз клеткалары
а-аналық клетка; б- миелобласт, в-промиелоцит, г-миелоцит, д-метамиелоциттер, е-таяқшаядролы нейтрофилдер, ж,з-сегменттіядролы нейтрофилдер, и-эозинофилдер, к-базофилдер, л-моноциттер, м-лимфоциттер, н-плазматикалық клеткалар, о-токсикалық түйіршікті нейтрофилдер, п-Боткин-Гумпрехт көлеңкелері
Лейкоцит санының азаюын лейкопения деп атайды.
Лейкопения қан түзу жүйесінің белсенділігінің тежелуі, антилейкоцитарлық антиденелер әсерінен лейкоциттердің шамадан тыс ыдырауымен байланысты болуы мүмкін. Лейкоцитарлық формула лейкоциттердің әрбір түрінің проценттік қатынасы .Лейкоциттер ішінде жиі өзгеріп тұратын түрі нейтрофилдер олардың саны көптеген инфекциялық ауруларда, интоксикацияларда, тіндердің ыдырауында өседі. Нейтрофилдердің жалпы санының өсуімен қатар қанда нейтрофилдердің жетілмеген, піспеген түрлері пайда болады. әсіресе, таяқша ядролық , кейбір жағдайда жас піспеген түрлері миелоциттер анықталады. Нейтрофильдердің құрамының жасаруы лейкоцитарлық формуланың солға қарай ығысуы деп аталады. Лабораториялық бланкасында нейтрофил құрамы қалыпты жағдайда сол жақтан оңға қарай орналасады, жас піспеген нйтрофил пайда болған жағдайда сол жақта сан көбейеді.
Достарыңызбен бөлісу: |