Қан ағуының ұзақтығы (тесу сынамасы). Саусақтың ұшын скарификатормен тереңдігі
3 мм тен теседі. Өз бетімен шыққан қанды 30 сек. сайын қағазбен сорып алып тұрады. Қан ағуының ұзақтығы қалыпты жағдайда 2- 3 мин. (4мин. Дейін мүмкін). Қан ағуының тоқтауы бұл жағдайда тромбоциттер санына байланысты. Тромбоцитопенияда қан ағуының уақыты ұзарады. Капиллярлар тонусы бұзылуымен байланысты қан тамшысының көлемі үлкейеді.
Қан ұйығының ретракциясы (тартылуы) тромбоциттердің саны және белсенділігінің көрсеткіші болып саналады. Қан ұйығының ретракциясын анықтау үшін, градуирленген пробиркаға 3- 5мл. венозды қанды құйып температурасы 37С термостатқа салады. Бір тәуліктен кейін, қан ұйығынан бөлінген сұйықтықты бөлек ыдысқа құйып алады. Сұйықтық мөлшерін алынған қанның мөлшеріне бөліп ретракция (тартылуы) индексін анықтайды. Қалыпты жағдайда ретракция (тартылуы) индексі 0,3- 05 тең.
Достарыңызбен бөлісу: |