Калыпты лейкоцит формуласы
|
Базофилдер
|
Зозинофилдер
|
Нитрофилдер
|
Лимфоциттер
|
Моноциттер
|
Таяқша ядролы
|
Сигмент ядролы
|
Орташа мөлшелері %
|
0,5
|
3,0
|
3,5
|
58
|
28,5
|
6,0
|
Қалыпты ауытқу шегі %
|
0-5
|
0-5
|
1-6
|
45*70
|
18-40
|
2-9
|
Лимфоциттер саны өсуі лимфоцитоз деп аталады. Лимфоциттер саны азаюын лимфопения деп атайды. Лимфоцитоз жіті инфекциялық аурулардан ; лимфолейкоз, бруцеллез, тиреотоксикоз аурулардан айығып кетуінде кездеседі. Лимфоцитоз көбінесе шартты түрде өтеді және нейтрофилдер санының азаюымен байланысты. Лимфопения нейтрофилдер санының көбеюімен байланысты.
Эозинофильдердің қанда өсуі- эозинофилез деп аталады. Аллергиялық процестерде , глисттік инвазияда, дерматоздарда кездеседі. Эозинопения -сепсистерде , туберкулездің ауыр түрінде, сүзек ауруларында , ауыр интоксикацияларда байқалады.
Базофилдер ткандық алмасу процесінің маңызды медиаторы болып саналады. Организм сенсибилизациясында базофильдер саны өседі, аллергенді қайталап енгізген жағдайда базофильдер саны төмендейді.
Моноциттердің көбеюі- моноцитоз иммундық процесстердің көрсеткіші. Моноцитоз -созылмалы ауруларда (сепсис, туберкулез, малярия, сифилис) кездеседі. Моноцитопения- іш сүзегі ауыр сепсистік түрінде және басқада инфекцияларға тән.
Тромбоциттер қанның пластинкалары. Қалыпты көрсеткіштері : қанның 1 литрында 180,0 -320,0х10л. Қанда тромбоциттер санының азаюы- тромбоцитопения қансырауға бейімділіктің артуы. Тромбоцитопения - сүйек миының инфекциялық қоздырғыштарымен зақымдануынан, ионизациялық радиация әсерінен , кейбір медикаменттері пайдаланудан туады. Тромбоцитоз -тромбоциттердің санының көбеюі. Қансыраудан кейін жағдайлар , қатерлі ісіктерге тромбоцитоз тән.
Достарыңызбен бөлісу: |