«Әже менің тамаша» әні орындалады.
БАЛГЕР : Аналардың мен секілді көріпкелдігі бар ма екен білеміз.
Ойын «Өз балаңды қолынан таны»( 5 бала аналарымен шығады .Матаның артынан қолын арнайы тесілген жерден шығарын ,аналар өз баласын табады.)
Жүргізуші: Ана деген асыл жан
Мөлдіреп аққан бұлағың
Ана деген асыл жан
Мойныңа таққан тұмарың
Ана деген асыл жан
Жарқырап шыққан шырағың
Ана деген асыл жан
Ұшып келіп қонар тұрағың.- деп ерекше жауқазын гүліндей құлпырып тұратын аналарымыз мерекелік «Көбелектер мен гүлдер» биін тарту етеді..Би «Көбелектер мен гүлдер»
БАЛГЕР қоштасып шығып кетеді:
Жүргізуші: Аяулы аналар сіздердің көңілдеріңіз әрқашан шат, жүздеріңіз жарқын болғанын тілейміз.
Диана: Телеарна жұмысын аяқтайды,
Қияға қимыл менен қарыштайды.
Балғындар шын жүректен тебіреніп,
Ақ мамам әнін сіздерге бағыштайды.
Ән «Ақ мамам »
Балалар сыйлықтарын табыстайды
Құрметті аналарым, көк экран алдынғы теларна бағдарламалары өз мәресіне жетті. Теледидарды көп қарамай бір – бірмізбен тілдесейік ,ең бастысы осы. Тілдесуден артық бағдарлама жоқ.
Достарыңызбен бөлісу: |