Веналық жалпы жедел қантолу. Жедел ағымды жүрек-тамыр қызметінің жеткіліксіздігі кезінде дамиды (миокард инфарктісі, жедел миокардит және т.б.). Гипоксиядан және гидростатикалық қысымның күрт жоғарылауынан капиллярлар өткізгіштігі артады, Ағза стромасында плазмаррагия, ісіну, капиллярларда стаз, диапедезді қанқұйылулар дамиды. Паренхимада – дистрофиялық және некроздық өзгерістер дамиды Морфологиялық белгілер: Өкпеде – ісіну мен геморрагиялар (жүректің жедел ауруларымен ауыратын науқастарда өкпенің жедел ісінуі жиі болатын өлім себебі). Бүйректе – өзекшелер эпителиінде дистрофия мен некроз дамиды. Бауырда – центрлобулярлы қан құйылулар мен некроз пайда болады. Өкпе ісінуі Веналық жалпы созылмалы қантолу. Веналық жалпы созылмалы қантолу. - Жүрек-тамырлық созылмалы жеткіліксіздігінің дамуымен сипатталатын ауруларда дамиды (жүрек ақаулары, жүректің ишемиялық ауруы және т.б.).
- Ол тіндерді ұзақ уақыт гипоксияға ұшыратып, плазморрагия, ісіну, қан құйылу, дистрофия мен некроз ғана емес, атрофия мен склероз өзгерістеріне әкеледі.
- Склероз дегеніміз - дәнекер тіннің өсіп көбеюі (созылмалы гипоксиядан фибробласттардың коллагенді синтездеуі күшейеді).
- Дәенекер тін паренхиманың элементтерін ығыстырып, ағзалардың іркілулік қатаю (индурация) дамиды.
Морфологиялық белгілер: Морфологиялық белгілер: Терінің сууы, көкшіл болуы (цианоз), ұзақ уақыт жазылмайтын қабыну процесстері мен жаралар пайда болады. Тері асты май шел қабатында жайылымды ісінуі – анасарка. Серозды қабықшаларда сұйықтық жиналады – гидроторакс, гидроперикард, асцит. Теріде, бүйректе, көкбауырда цианозды индурация дамиды. Асцит Гидроперикард Бүйрек - үлкейеді, қатаяды, цианозға шалдығады (цианоздық индурация); милы қабаты мен аралық аймағының веналары толыққанды.
Достарыңызбен бөлісу: |