Аналитические группы анионов ► катионов



бет27/62
Дата15.02.2022
өлшемі447,46 Kb.
#131852
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   62
Байланысты:
13. Аниондар анализі

2. Қорғасын Pb2+ катионы йодид-ионымен J- бірігіп алтын-сары түсті РbJ2 қорғасын йодидінің тұнбасын түзеді:
2KJ + Pb(NO3)2 → PbJ2↓ + 2KNO3
2J- + Pb2+ → PbJ2
Тұнба қыздырғанда суда ериді.
3. Тотықтырғыштардың әсері. Тотықтырғыштар (хлорлы, бром суы, KMnO4, KBrO3,NaNO2,FeCl3,H2O2 және т.б.) қышқылдық ортада йодид-ионын J бос йодқа J2 дейін тотықтырады, мысалы:
2J- + Cl2 → J2 + 2Cl-
2J- + 2Fe3+ → J2 + 2Fe2+
2J- + 2NO2- + 4H+ → J2 + NO + 2H2O

Көбіне хлорлы суды қолданады. Хлорлы су бромид-ионы Br тәрізді, йодид-ионы J үшін де ең маңызды реактив болып есептелінеді.


Егер хлорлы суды қышқыл ортада йодид ерітіндісіне қосатын болса, йодид-ионының бос йодқа дейін тотығуы жүреді. Бөлініп жатқан йод ерітіндіні сары-қоңыр түске бояйды. Бос күйіндегі йодты органикалық еріткіштердің (хлороформ, бензол және т.б.) көмегімен бөліп алуға болады. Йодтың әсерінен органикалық қабат көгілдір күлгін түске боялады, ал сулы қабаты ашық-қоңыр түсті болады:
Сl2 + 2J- 2Сl- + J2

Хлорлы су артық мөлшерде алынса бөлініп жатқан бос йод ары қарай түссіз йодты қышқылға дейін тотығады да ерітінді түссіз болады:


J2 + 5Cl2 + 6H2O → 2HJO3 + 10HCl

Хлорды тотықтырғыш ретінде пайдалану йодид-ионын J бромид-ионы Br қатысында да анықтауға мүмкіндік береді.


Тәжірибе:
Бір тамшыдан калий бромиді КBr мен калий йодидін КJ алып, екі есе сумен сұйылтып, оған 2-3 тамшы 2н күкірт қышқылы ерітіндісін құйып қышқылдандырып алған соң бірнеше тамшы бензол тамызады. Сынауықтағы ерітіндіні араластыра отырып хлорлы су тамызғанда тотығу потенциалдары-на сәйкес ең алдымен йодид-ионы J тотығады. Йодқа тән бензол қабатының түсі күлгін болады. Күлгін түс жойылған соң, бромға тән қызыл-қоңыр түс пайда болады, ол лимон-сары түске дейін өзгереді.
Егер ерітінді құрамында 32- және S2- аниондары болса (өте күшті тотық-тырғыштар J, Br аниондарымен салыстырғанда), бұл жағдайда J пен Br аниондарының тотығуы S2- мен SO2- аниондары тотығып болған соң жүреді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   62




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет