2. Қышқылдар (H2SО4, HCl) сульфидтерге әсер ете отырып оларды күкіртсутекке дейін ыдыратады:
Na2S + H2SО4 → H2S↓+ Na2SО4 Күкіртсутекті иісі арқылы және қорғасын ацетатына батырылған қағаздың сынауық аузына жақындатқан кездегі қараюынан білуге болады.
H2S + Pb(CH3COO)2 → PbS↓ + 2CH3COOH Тәжірибе: Сынауыққа (тяга астында) 2-3 тамшы натрий немесе аммоний сульфиді ерітіндісін және 3-4 тамшы сұйытылған HCl немесе H2SO4 ерітіндісін қосады. Күкүртсутегінің иісі байқалады. Қорғасын ацетаты қосылған сынауықты сүзгі (фильтр) қағазға жаққанда қағаз қорғасын сульфиді әсерінен қараяды.
Бромат-анионына BrО3- тән сапалық реакциялар
ВrО3– - иондары - бұл бір негізді HВrО3бромды қышқылдың анионы. Ол сулы ерітіндіде түссіз, гидролизге ұшырамайды, күшті тотықтырғыштық қасиетке ие. Негізгі өкілдеріне - натрий броматы NаBrO3, күміс (І) броматы AgBrO3, барий броматы ВаВrО3, қорғасын броматы Рb(ВrО3)2 жатады.